Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек – ер атандырады

20 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Еңбек – ер атандырады.
Мақсаты: Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Мұғалім
Бақыты асқан патшадан,
Миымен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық
Оқушы
Жайнатар кең өлкені,
Болашақтың ертеңі.
Біз бақытты баламыз,
Ата - ананың өркені.

Еңбек туралы альбомдар және суреттер көрсетіледі.
Еңбек туралы тақпақтар;
Қарамай уақытына қиынына,
Қарамай уақыттың құйынына,
Ертеңге бара жатыр еңбек енді.
Жер шарын салып алып иығына.

Біледі оны терлеп көрген,
Терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адам мен бірге туып басталады,
Ол талаптану, ұмтылу, еңбектенуден.

Еріншектен ер шықпайды,
Ешқашан,
Өйткені,
Еңбек етпей тер шықпайды.
Жалқау болсаң жасыңнан,
Ұйқы қалмас қасыңнан.
Еңбек сүйсең табылар,
Бар жақсылық қасыңнан.

Бұлақ ақса - көл тоқ,
Көк шөп өссе - төл тоқ.
Қос білегін сыбанып,
Еңбек етсе – ер тоқ.

Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

Көрініс: Еңбекпен тапқан тиын.
Автор: Жұлдыз Әкесі: Райымбек Анасы: Айдана Баласы: Жарас
Еңбек түрлері
Ақыл ой еңбегі иелері: оқушы, мұғалім, дәрігер, жазушы, ақын, жырау.
Дене еңбегі иелері: егінші, малшы, шахтер, кенші, спортсмен.
Еңбек туралы мақал - мәтелдер.

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар,
Диқан еккенін жейді
Жылқы тепкенін жейді.
Еңбегің сайлы болса,
Жегенің майлы болар.
Маңдайы терлемегеннің,
Қазаны қайнамайды.

Еңбек адамды бүтіндейді,
Жалқаулық түтіп жейді.
Еңбек өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады
Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген жететін.
Би: Қамажай
Еңбек – ер атандырады. жүктеу
7 022
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбектің наны тәтті
Еңбектің наны тәтті
Адам еңбегін бағалай білуге, нанның дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсінеді, еңбек адамдарын сыйлай білуді үйренеді; оқушыларды мәнерлеп оқи білуге машықтанады.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Астана қаласы Бастауыш сынып мұғалімі Халиева Райхан Зиятқызы
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш
Адам еңбекпен шыңдалады
Адам еңбекпен шыңдалады
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×