Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір, қымбатсың маған!

27 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған! (презентациясымен)
Мақсаты:
Балаларға өмір құндылықтарын түсіндіре отырып, жан түршігерлік оқиғаларды көрсету арқылы лаңкестіктен жиіркенуге, одан бойын аулақ ұстауға насихаттай отырып, өз өмірін, өзгенің өмірін құрметтеп, аялай білуге баулу, тәрбиелеу.
Міндеттері:
- оқушыларға өмір туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: 7 сынып оқушыларының І - тобы
Сабақтың түрі:
Көрнекіліктер: фотосуреттер, бейнетаспалар, аудиокассета

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын.
Балалар: Біз де!
Шаттық шеңбері:
Мұғалім: Сабағымызды өзін өзі тану пәнінің әнұранымен бастайық! (Әнұран айтылады).

Мұғалім: - Балалар, адам үшін ең қымбат не деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)
- Барлық жауап дұрыс. Соның ішінде ең қымбаттысы - өмір.
- Өмір деген - ол бір нәзік тіршілік,
Таң сыйлайды
Нұр сыйлайды күн шығып.
Қадіріне жете алмасаң желдіріп,
Саған қарсы ұмтылады жұлқынып.

Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: - Үйде өмір туралы ұнатқан өлең жолдарын тауып, эссе жазып келу тапсырылған болатын. Сендерді тыңдайық.

1 - оқушы: Өмір деген - көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірі мен жатқан шулап жалғасып,
Бір - бірі мен жатқан тула арбасын,
О, толқындар, арпаласын алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат,
Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.
Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,
Өз жүрегін өртейтұғын өз демі.
Өмір деген - мәңгі гүлдеп жататын,,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені.
(Т. Айбергенов)
Мұғалім: Өмір туралы эссе кім дайындап алып келді

2 - оқушының шығармашылық жұмысы
Өмірдің мәні (эссе)
Өмір шіркін күннің сәулесі секілді жарқ етіп өтеді де кетеді. Сондықтан да біз осы уақытқа дейін не үшін өмір сүргенімізді, не істейтінімізді ойлануымыз қажет. Біз өмірге келеміз, ата - анамыз бізге тәрбие беріп, бізді аяғымызға тік тұрғызады. Кейін білім алып, жоғары оқу орнына түсіп, жақсы жұмысқа орналасамыз. Бірақ соның барлығы не үшін екенін түсінбейміз. Барлығымыз алдымызға мақсат қоямыз, бірақ ол мақсатты орындағаннан соң не болады?
Алла тағала бізге бұл өмірді сыйлады. Сондықтан да біз бұл өмірді мәнді өткізуіміз керек. Артымызда із қалдырып, тарихта атымыздың қалуын мақсат тұтуымыз да қажет секілді. Тіпті сен жақсы жерде оқымай, дүниеден тапшылық көрсең де сен туралы жақсы сөз айтылатын болса, ол сенің өмірді құр өткізбегенің.

Адам кез келген мақсатқа қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей еңбек етсе болды. Мен де өмірімнің мәні болсын, бұл өмірден алар еншімді ала өтсем деп өмір сүремін. Еліме елеулі, халқыма қалаулы егемен еліміздің ертеңі болсам деген үкілі үмітімнің үзілмеуін қалаймын, және сол үшін күресемін. Жалғанда қалмай, жаныма жарық түсірер мақсат қою адамды алға жетелейтін секілді. «Шіркін!»- дейсің тек қана, жаһанға жар салып, барша адамзатты да осы ізгі ниетімнің жолына салсам ғой,- деп қиялдаймын. Мен өмірге ғашықтығымды осылай дәлелдесем деймін. Мен өмірге ғашықпын. Тек ӨМІРГЕ ғана!!!

3 - оқушы: Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарасы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқармен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдилы да болмайды. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп - қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.
І. Есенберлин.

4 - оқушы: №2 Абай атындағы лицей түлегі Баисов Айдынның өлеңі «Өмір»
Өмір деген кейде бақыт, кейде мұң
Секілді кезектескен күн мен түн
Өмірді түсінемін сынақ деп
Қиындық пен қуаныштан тұратын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 755
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өмір, қымбатсың маған!
Өмір, қымбатсың маған!
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру; - өмірге құштарлықтарын дамыту;
Өмір сен маған қымбатсың
Өмір сен маған қымбатсың
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау; Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Өмір, қымбатсың сен маған!
Өмір, қымбатсың сен маған!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Өмір қымбатсың маған!
Өмір қымбатсың маған!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектебінің тәлімгері Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
Өмір қымбатсың маған
Өмір қымбатсың маған
Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мұқанова Ләззәт
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×