Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір,қымбатсың маған!

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған!
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: өмірге сүйіспеншілік, жанашырлық және адамдарға риясыз қызмет ету;
Ресурстар: АТК құралдар,
Сабақ мақсаты: оқушылардың өмірге деген сүйіспеншілігін, жанашырлық және адамдарға риясыз қызмет ету қасиеттері арқылы сүйіспеншілік құндылығын ояту;
Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру арқылы риясыз сүйіспеншілік қабілетін ашу;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге, төзімді болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме оқушылар! Керемет көңіл – күймен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Сабақты бастар алдында «Өзін - өзі тану» сабағының «5 - Т» ережесін еске түсіреміз. Бұл – тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық. Енді заттарымызды түгендейміз. Сабаққа қатысқан оқушылар 20 ұпаймен сыналады.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата - аналарыңызға, туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»
Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашыңыз. Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Ш. Сариев
Өмір деген тұрады: таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 936
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Тәртіп пен парыз
Тәртіп пен парыз
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары. Тақырып: Тәртіп пен парыз
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Жаныңда жүр жақсы адам
Жаныңда жүр жақсы адам
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету, жанашырлық
Риясыз сүйіспеншілік
Риясыз сүйіспеншілік
«Абайтану» орталығы мен «өзін - өзі тану» пәні сабағының байланысын түсініп, рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×