Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика әлеміне саяхат

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Физика әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның слайдтары, диапроектор, қобдиша, физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар.
Әдіс - тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау.
Формасы: ойын сабақ.

Өткізілу этаптары:
1 - тур Таныстыру
2 - тур Ойға шабуыл ( Әр сұрақ 1 ұпай)
3 - тур Көмекке келетін жұмбақтар. ( әр сұрақ 5, 3, 2, 1 ұпай )
4 - тур Физика тілінде сөйлесейік ( әр сұрақ 1 ұпай )
5 - тур Физикалық жұмбақтар ( әр сұрақ 5 ұпай)

I. Қайырлы кеш құрметті, әділ қазылар алқасы, сайыскерлер, оқушылар. Бүгінгі біздің « Физика әлеміне саяхат» кештігімізге хош келдіңіздер»! Кештігімізді ашық деп жариялаймыз!
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы екі топ, әр топ алты ойыншыдан тұрады. Қарсы алыңыздар!
І - ші топ – Тапқырлар!
ІІ - ші топ – Білгірлер!
1 – ші сайыс. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады, сол таныстыруына әділ - қазы алқасы өз бағаларын береді. 10 ұпайды өз қалауы бойынша бөледі. Бірақ ең алдымен әр сайысты бірінші болып бастайтын топты біліп алайық. Ол үшін жеребе тастаймыз. әр топтың капитаны келіп, мына жердегі бір парақты алады. Кімге бір саны бар парақ түседі, сол бірінші бастайды. Ендеше капитандар ортаға. ( таныстыру сайысы)

2 тур Ойға шабуыл

1 - ші топқа
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма?
(бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Өзі арық, сөзі - әріп (қалам)
6) 2 санын қандай саанға бөлгенде 4 саны шығады?(0, 5 )
7) Электр заряды жоқ бөлшек? (нейтрон)

2 - ші топқа
1) Аттас зарядтар бір - біріне тартыла ма? (тебіледі)
2) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
3) Ең көне музыкалық аспап қалай аталады
(ысқырық)
4) Темір не? (металл)
5) Интернет беті қалай аталады? (сайд)
6) Дұрыс алты жақ, атын ойлап тап (куб)
7) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )

3 тур. Көмекке келетін жұмбақ
Шарты: 1 көмек 5 ұпай 2 көмек 3 ұпай 3 көмек 2 ұпай
4 көмек 1 ұпай

1 Заттың бір күйі.....
а) Пішіні мен көлемін сақтау қасиеті тән 5 ұпай
б) Қысып сығу тартып сызу өте қиын 2 ұпай

в) Өз пішінін де, көлемін де өзгертпей сақтайды 1 ұпай
2 Жанды нәрсе туралы.....
а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? ( адам) 1 ұпай
3 Зат не?
а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреуі 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай
4 физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес ( доп) 1ұпай

4 - тур Физикалық тілде сөйлейік 1 ұпай
( Қай тілде, сөз мағынасын ашу )
1 топқа
• Метр грек сөзі « өлшеймін»
• Деформация латын сөзі «бүліну»
• Динамометр грек сөзі динамис «күш», метрео - «өлшеймін»
• Гелиос грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»
2 топқа
• Конвекция латын сөзі « тасымалдау»
• Астрономия грек сөзі астрон - «жұлдыз», номос «заң»
• Инерция латын сөзі «қозғалыссыздық»
• Кило грек сөзі « 1000 есе»
5 - тур. Физикалық жұмбақтар. әр топқа 4 жұмбақтан беріледі. әр дұрыс жауапқа
5 ұпай.
1 топтың жұмбақтары:
1) Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
(Жол)
2) Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?
(Уақыт)
3) Бірдей көлемдегі масса, кейде
Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.
(Тығыздық)
4) Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.
(Күш)
2 топтың жұмбақтары:

1) Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.
(Қысым)
2) Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?
(Қуат)
3) Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын
(Температура)
4) Әр заттың жылу салар “дорбасы ” бар
Жылудың олар үшін
Бар. Температура, массаны пайдаланған жауабы бұл жұмбақтың сонда шығар. (Сиымдылық)
Қорытынды шығару
Осымен біздің кештігіміз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!
30 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, Танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ғажайып физика
Ғажайып физика
Оқушылардың білім деңгейін байқау, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ақпараттық мәдениеті қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру.
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Информатика әлеміне cаяхат
Информатика әлеміне cаяхат
Табиғи немесе қарым - қатынас үшін жасанды таңбалау жүйесі және ақпарат тарату – ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшық етті қимылы жақсы жетілген мүше. (тіл)
Тарих әлеміне саяхат
Тарих әлеміне саяхат
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Шаймерденов Сейтжан Даулетханұлы
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×