Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Физика
«Қызықты физика» физикалық ойынының бағдарламасы
Мақсаты:
білімділігі: оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту,
дамытушылық: танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
тәрбиелік: Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ойынның слайдтары, оқушылардың шығармашылық көрмесі,
Әдіс - тәсілдері:
Ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,
сұрақ - жауап.
Формасы: Ойын сабақ
Сабақтың барысы:

Ойынның шарттары:
1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
4. «КІМ ТАПҚЫР!» (Ғажайып жетілік);
5. «ҚАТЕСІН ТАП!»
6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
7. «ТІЛ - ӨНЕР»
(жұмбақтың шешімін тауып, орыс тіліне аудару)
8. «Физикалық диктант...»
9. «ШЕШЕНДІК» (капитандар сайысы)

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қызықты физика» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!
Уа жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Бәріңе жар салайық,
Жылдам шешіп жарысып,
Сұрақ пенен есепті.
Приборларды сөйлетіп,
Жасайық тәжірибені.
Көңілді ойын жасайық,
Асықпайық, саспайық.
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық! –
Ойынға қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойынға 3 топ қатысады.
«Протон» тобы
«Нейтрон» тобы
«Электрон» тобы

1. «ТАНЫСТЫРУ»
(Ойынға қатысушы үш топ өздерін таныстырады.)




2. «Кім жылдам»
(ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР)
3 топқа викториналық сұрақтар беріледі.
Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.

1. Табиғат туралы ғылым.
2. Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма?
3. Заттың үш күйін ата.
4. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім?
5. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың: май шамды ма, әлде газды ма?
6. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не?
7. Күн шығатын жақ.
8. Кемпірқосақта неше түс бар?
9. Теректегі алма қай кезде гүлдейді?
10. Мензурка қандай құрал?
11. Жай көзге көрінбейді. Қозғалуға ерінбейді. Ол не?

«Протон» тобына қойылатын сұрақтар
1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым.
2. Жылу құбылысына мысал келтір.
3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар?
4. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім?
5. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ?
6. Көк шарфты суға салса, не болады?
7. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не?
8. Күн бататын жақ.
9. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды?
10. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады?
11. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы.

Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы. жүктеу
9 551
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физикалық кеш «Қызықты физика»
Физикалық кеш «Қызықты физика»
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді І курстың ОТС - 11тобы, ОТС - 12 тобы, және құрама топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.
Ғажайып физика
Ғажайып физика
Оқушылардың білім деңгейін байқау, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ақпараттық мәдениеті қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру.
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Физика әлеміне саяхат
Физика әлеміне саяхат
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің физика пәні мұғалімі Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×