Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы

08 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, токтың жұмысы мен қуатының өрнегін қорытып шығару, Джоуль – Ленц заңы тұжырымдамасымен танысып, эксперименттік тапсырмалармен есептеулер жүргізу арқылы білімдерін бекіту, теориялық білімін практикада пайдалануға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін дамытып, белсенділіктерін арттыру, пікір алысып, өз білімдерін өздері бағалай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ процесінде қолданылатын электрлік
қондырғылар арқылы зерек болуға, жұмыс істеу арқылы
еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикалық, қайталау, СТО.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу, жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ жоспарына сәйкес слайдтар, тәжірибелік қажетті құрал - жабдықтар: амперметр, вольтметр, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын электро - техникалық заттар.

Сабақтың барысы:
I. А) Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
Б) Сабақ барысымен таныстыру: Балалар, бүгін сабақта сендер берілген сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабаққа қажетті формулаларды өздерің қорытып шығарасыңдар және алдыларыңдағы жауап парағына әрбір сұраққа жауабын жазып, экранға шыққан жауаппен салыстырып, (+), (-) таңбаларын қойып отырасыңдар, сабақ соңында жинаған баллдарыңа байланысты баға аласыңдар.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сұрақ: 1) Балалар, алдыларыңда өлшейтін қандай құралдар тұр?
Жауап: Амперметр, вольтметр.
Сұрақ: 2) Амперметрмен қандай физикалық шаманы өлшейміз?
Жауап: Ток күшін
Сұрақ: 3) Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
Жауап: Тізбектей
Сұрақ: 4) Вольтметрмен қандай физикалық шама өлшенеді?
Жауап: Кернеу
Сұрақ: 5) Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
Жауап: Параллель
Сұрақ: 6) Өткізгіштерді жалғаудың қандай түрлері бар?
Жауап. Тізбектей және параллель
Сұрақ: 7) Тізбектей жалғау кезінде қандай физикалық шама бірдей болады?
Жауап: ІЖ= I1=I2
Сұрақ: 8) Тізбектегі жалпы кернеу неге тең?
Жауап: Uж=U1 +U 2
Сұрақ: 9) Жалпы кедергі неге тең болады?
Жауап: RЖ=R1 +R2
Сұрақ: 10) Өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай физикалық шама барлық бөлікте бірдей болады?
Жауап: Uж=U1 =U 2
Сұрақ: 11) Ток күші неге тең болады?
Жауап: ІЖ= I1 + I2
Сұрақ: 12) Жалпы кедергі неге тең болады?
Жауап: RЖ=R1R2 / R1 +R2
Сұрақ: 12) Ток күші деген не?
Жауап: Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақытқа қатынасымен анықталатын физикалық шама.
Сұрақ 13) Электр кернеуі деп нені атайды?
Жауап: Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасымен анықталатын физикалық шама.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электр тогының жұмысы мен. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру. Жұмыстың, қуаттың өлшем бірліктерін атау. Джоуль -Ленц заңы туралы ақпарат беру. Дамытушылығы: Оқушылардың білімге ынтасын, ықыласын, қызығушылығын арттыру жолын қолдану.
Тұрақты токтың жұмысы. Қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Тұрақты токтың жұмысы. Қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Есік қаласы, Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің физика және математика пәнінің оқытушысы Усенбаева Зағира
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп – гимназиясы Физика пәнінің мұғалімі Ботантаева К.А.
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәні мұғалімі Куванова Гулнар
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Клара Ізтілеуовна
Қуат
Қуат
Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Смагулова Б. А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×