Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
№16 орта мектеп – гимназиясы
Физика пәнінің мұғалімі Ботантаева К.А.

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты:
• Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль - Ленц заңы туралы ақпарат беру.
• Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль - Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.
• Топпен жұмыс жасауға үйрету
Күтілетін нәтиже:
• Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль - Ленц заңы туралы білетін болады.
• Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль - Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.
• Топпен жұмыс жасай алатын болады.
Негізгі идеялар: Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль - Ленц заңы ток күшіне тәуелді.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс»
Тапсырмалар: Жұптық жұмыс «Есептер шығару»
Тапсырмалар: Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру. (3 минут)
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 2. Өлшеуіш құралдарының (электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат) суреттерін әр түрлі фигураларға (мысалы электроскопты үшбұрышқып беске бөлеміз) қию арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз. (ұшбұрыштар бір топ, квадраттар екінші топ, тіктөртбұрыштар үшінші топ, қисық көп бұрыштар төртінші топ)
ІІ. Миға шабуыл ( 5 минут)
Оқушылар сурет қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.

ІІІ. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (5 минут)
1. Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
2. Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)
3. Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)
4. Қуат неге байланысты? (жұмыс)
(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)
Жаңа сабақ: «Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы»

ІV. Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» (13 минут)
Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте топтарға төмендегі сұрақтар таратылады.
1. Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй?
2. Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер?
3. Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата?
4. Джоуль - Ленц заңы қалай жазылады, түсіндір?
Берілген сұрақты топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.)

V. Жұптық жұмыс «Есептер шығару» (10 минут)
1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0, 5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0, 5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды?
2. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?
3. Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин - та қанша жылу бөлінеді?
Жұптар өз есебін үлгіге қарап бағдаршам арқылы (1 қатені жасыл, 2 қатені сары, 3 қатеден жоғарыны қызыл түспен) формативті бағалайды.

VI. Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма» (Оқушылар 1 - ші тапсырманы алып жауап берген соң 2 - шіні алады, оған жауап беріп 3 - ші тапсырманы алады) (6 минут)
1 - тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 225
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электр тогының жұмысы мен. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру. Жұмыстың, қуаттың өлшем бірліктерін атау. Джоуль -Ленц заңы туралы ақпарат беру. Дамытушылығы: Оқушылардың білімге ынтасын, ықыласын, қызығушылығын арттыру жолын қолдану.
Тұрақты токтың жұмысы. Қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Тұрақты токтың жұмысы. Қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Есік қаласы, Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің физика және математика пәнінің оқытушысы Усенбаева Зағира
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәні мұғалімі Куванова Гулнар
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Клара Ізтілеуовна
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Смагулова Б. А.
Токтың жұмысы мен қуаты
Токтың жұмысы мен қуаты
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, №3 Хромтау орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Жалпина Бадигуль Нагидоллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×