Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электр кернеуі. Вольтметр

16 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Электр кернеуі. Вольтметр
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Электр кернеуі ұғымдарын қалыптастыру, өлшем бірліктерін енгізу, вольтметрдің жұмыс істеу принципімен таныстыру, сызба бойынша электр тізбегін құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Практикалық ситуацияда жедел шешім қабылдай білуге баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар6 электронды оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу. Сыныпты 3 топқа бөлу
Әр топ өздерін таныстырады.
Сабақтың өту барысы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
1. Теориялық сайыс (әр жауапқа 5 ұпай)
1. Ток күші дегеніміз не?
2. Электр тогы дегеніміз не?
3. Ток күшінің формуласы
4. Ток күшін өлшейтін құрал
5. Ток көздерін ата
6. Токтың қанша әрекеті бар?
7. Бөгде күш дегеніміз не?
8. Амперметр өткізгішке қалай жалғанады?
9. Токтың жылулық әрекетін түсіндір

ІІІ.. Жан - жақты білімдерін тексеру:
2. Физикалық құбылысты түсіндір
Физикалық құбылысты түсіндір
1-топ: Гальвани элементін ашқан кім?
2- топ: Вольта бағанасын ашқан кім?
3- топ: Электр тогын ашқан кім?

3. Тұрақтылар мен өлшем бірліктер
1. Элементар электр заряды
2. Ток күшінің өлшем бірлігі
3. Амперметрдің шартты белгісі
4. Ток көзінің шартты белгісі
5. Зарядтың өлшем бірлігі
6. Пропорционалдық коэффициент шамасы

Бүгінгі сабағымызда электр кернеуімен танысамыз.
ІV. Жаңа материалды меңгерту:
Электр кернеуі
Біз электр тогы зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы екенін білеміз. Бұл қозғалысты осы кезде жұмыс жасайтын электр өрісі тудырады. Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын ток жұмысы деп атайды:
А — ток жұмысы. Бұл жұмыс тізбектің әр бөлігінде әр түрлі, бірақ ол сол бөліктерден өтетін зарядќа пропорционал. Тізбек бөлігінде заряд тасымалдауға жұмсалатын ток жұмысының мөлшерін көрсететін физикалыќ шаманы осы бөліктің электрлік кернеуі (немесе жай кернеу) деп атайды. Тізбек бөлігінде q = 2 Кл зарядты тасымалдау үшін А = 10 Дж жұмыс жасалсын. 1 Кл зарядты тасымалдау үшін жұмсалатын жұмыс 2 есе аз болар еді. 10 Дж — ды 2 Кл - ѓа бөліп 5 Дж/Кл аламыз. Осы тізбек бөлігінің кернеуі болып табылады. Кернеуді U әрпімен белгілейді. U — кернеу. Сонымен, тізбек бөлігінің U кернеуін табу үшін А — ток жұмысын осы бөліктен өтетін q — зарядќа бөлу керек:
Ең алғаш ток көзін жасаған А. Вольтаның ќұрметіне кернеу бірлігі ретінде вольт (В) алынған. 1 В — бұл электр өрісі тізбек бөлігінде 1 Кл зарядты тасымалдауға 1 Дж жұмыс жасайтын кернеу. Егер тізбек бөлігінің кернеуі 10 В болса, онда тізбек бойымен 1 Кл зарядты тасымалдау үшін 10 Дж жұмыс жасалады. Іс жүзінде вольттан басқа (еселік және бөліктік) кернеу бірліктері де ќолданылады. Мысалы, киловольт және милливольт: 1 кВ = 1000 В, 1 мВ = 0, 001 В.
Кернеуді өлшейтін ќұрал вольтметр деп аталады. Вольтметрлердің ќұрылымы әр түрлі. Демонстрациялық мектеп вольтметрі 30 - суретте кескінделген. Осы суретте оның шартты белгісі де келтірілген. Тізбекке вольтметрді қосқанда мынадай ережелерді орындау қажет: 1) вольтметр клеммаларын арасындағы кернеуді өлшеу қажет болатын тізбек нүктелеріне ќосу керек (керекті тізбек бөлігіне параллель); 2) вольтметрдің «+» таңбалы клеммасын ток көзінің оң полюсін жалғанған тізбек нүктесіне, ал «–» таңбасы клеммасын ток көзінің теріс полюсі жалғанған нүктеге қосылады.

Сергіту сәті

V. Сабақты бекіту:
Бүлдірген теру стратегиясы
1. Кернеу
2. Вольтметр
3. ток көзінің теріс полюсі
4. ток көзінің оң полюсі
5. 1В
6. ток көзін жасаған
7. зарядқа пропорционал
8. Ток жұмысы
9. Электр тогы

VI. Сабақты қорытындылау:
Алдар көсе мультфильмінен қимыл - сынға байланысты сабақты түсіндіру.(15 ұпай)

VII. Үй тапсырмасын беру: 37 оқу, түсінік. Реферат: «Вольметрдің шығу тарихы»
VIII. Бағалау
15 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Электр тогының химиялық әсері
Электр тогының химиялық әсері
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сапакова Алмаш Сериковна
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназиясының физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×