Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

15 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз бетімен ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу» тақырыбына арналған сабақты төмендегідей үлгіде өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұрақты ток заңдарын білу, білімдерін тұрмыста, техникада,
күнделікті қажеттілікте қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге,
шығармашылық дағдыларын дамытуға дайындау.
Тәрбиелік: Ептілікке, іскерлікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Тәжірибелік, сұрақ - жауап, салыстыру, бағалау, қосу.
Пәнаралық байланыс: Математика, информатика, сызу және т. б.
Технологиясы: Деңгейлік оқыту технологиясы.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Компьютер, экран, ток көзі, жалғағыш сымдар, шамдар, реостат, резисторлар - 5, 10 Ом.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Үй тапсырмасын қайталау;
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
4. Жаңа тақырыпты бекіту;
5. Үйге тапсырма беру.
Сынып оқушыларының қызығушылығын арттырып, белсенділігін көтеру мақсатында сыныпта «бір - біріне сәйкес сөздерді таба білу» тапсырмасы жүргізілді.

Амперметр ---------- неміс
Вольтметр ----------- француз
Кулон ---------------- итальян
Ом -------------------- француз

Ток күші ----------------- I=U/R
Электр кернеуі ---------- I=q/t
Ом заңы ------------------ U=A/q

«Ой қозғау» сұрақ - жауап:
• Ток күші дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі.
• Ток күшін қандай аспаппен өлшейді? Амперметр тізбекке қалай қосылады?
• Ом заңы қалай айтылады? Өткізгіш кедергісі дегеніміз не, белгіленуі, өлшем бірлігі?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Тұрақты токты сипаттайтын үш шама – ток күші, кернеу, кедергі арасындағы байланысты жете меңгергенбіз. Тізбекке қосудың екі тәсілі бар. Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

• Схема 1. Тізбектей жалғаудың белгісі. Әр өткізгіш бойымен бірдей ток өтеді. Себебі ток тармақталмайды.
Р\с ------- Ток күші -------- Кернеу --------- Кедергі
1 --------- I=I=I -------------- U=U+U -------- R=R+R
• Схема 2. Параллель жалғаудың белгісі.
Параллель қосылған кезде өткізгіш ұштары мен шеттері бір нүктеге жинақталады
Р\с --------- Ток күші --------- Кернеу ------------- Кедергі
1 ----------- I=I+I --------------- U=U=U ----------- 1\R=1\R+1\R

Сабақты бекіту:
Деңгейлік есептер шығарту.
№1. Спиралының кедергісі 55 Ом. Электр плитка кернеуі 220 В желіге қосылған. Плитка спиралындағы ток күшін есептеп табыңдар.
№2. Электр тізбегіндегі ток күші 2 А - ге тең, электр шамының кедергісі 14 Ом, шамның кернеуі:
А) 28 В
В) 7 В
С) 0, 125 В
Д) 16 В
№3. Егер тізбек учаскесінің кедергісі 0, 2 кОм, ток күші 100 мА болса, ондағы кернеу қандай болады?
Сабақты оқушылар Венн диаграммасы арқылы қорытындылайды.
Кез - келген тізбектің кедергісін, кернеуін, ток күшін есептеуге болады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу тапсырылады
Оқушы білімін бағалау. Топ басшылары «Бағалау парағы» арқылы тобындағы әр оқушының жауабына қарай бағаны өздері қояды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Оқушылардың өткізгіштерді жалғау тақырыбын тереңдету. Оқушылардың электр тогына қызығушылықтарын ояту, электр құралдарымен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Электр тогын қандай жерлерде пайдаланамыз? (завод, фабрика, үйде, т. б.)
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Клара Ізтілеуовна
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Култе Якудаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×