Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау

22 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұрақты электр тоғы тарауын бойынша оқушылардың алған білім деңгейін анықтау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың қарым - қатынасын дамытып, нашар үлгеретін оқушыларды ортаға тарту, тілдерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың тапқырлығын, ақыл - ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамыту.
Сабақ түрі: қайталау, меңгерту сабағы
Сабақ типі: ойын – сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: ойын элементтері - тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ шешу, тәжірибе жасау, есеп шығару шапшаңдығы.
Сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар: компьютер, интерактивті тақта, видео проектор, тапсырма беттері, үлестірмелі карталар
Пән аралық байланыстылығы: әдебиет, тарих, математика
Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. Бірінші топ «Кернеу», екінші топ «Кедергі».
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)«Сәлем – сөздің анасы» оқушылармен амандасу.
Ә) шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.
- Балалар, енді қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір - біріне жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір - біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

1. Сұрақ – жауап ( тұрақты ток тарауын қайталау )
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Кім жылдам? (формулалардың сыңарын табу)
4. Орнына қой (сұрақтарда аяқтау)
5. Эксперименттік жұмыс (құралдар беріледі)
6. Ғалымдар тақтасы
7. Ой толғаныс (Өлең жолдарын құрастыру)
8. Есеп эстафетасы (есеп шығару)
9. Тест, сабақты қорытындылау (тест тапсырмасын орындау)

Сабақтың барысы:
Жауап нақты тез болу керек.
Қай топ бірінші қолын көтерсе, сол топ жауап береді.
Бағалауы – әр сұрақ 1 балл.
1. «Сұрақ – жауап»
1. Электр тогы дегеніміз не? Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы
2. Ток күші деп нені айтады? ( Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы)
3. Ом заңы қалай тұжырымдалады? Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал
4. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?
5. Қуаттың өлшем бірлігі. Вт
6. Қысқа тұйықталу дегеніміз не? Тоқ көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп атаймыз.
7. Тізбектегі ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланысты тағайындаған кім?
8. 10 кОМ неге тең?
9. Меншікті кедергінің өлшем бірлігін ата.
10. Р әрпімен математикалық және физикалық мағынасы қалай?
11. Электр тогын үйде өлшейтін құрал.
12. “Керуен” сөзін физикалық шамаға өзгерт.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, Тереңөзек ауданы, Шаған ауылы, №37 мектеп физика пән мұғалімі Мамрайемова Лайла Ануаровна
Тұрақты магнит
Тұрақты магнит
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, «Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ Физика және информатика пәні мұғалімі Аскербаева Рысхан Сағымбайқызы
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Электр тогы тарауы бойынша оқушылар білімін тиянақтау және тарауды қорытындылау.
Жартылай өткізгіштегі электр тоғы
Жартылай өткізгіштегі электр тоғы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I санатты физика пәні мұғалімі Дүйісбекова Лиза Жартылай өткізгіштегі электр тоғы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×