Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты электр тогы тарауын қайталау

06 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Физика
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы
«№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі:
Жунусова Айгуль Дуйсекеевна

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
А) Электр тогы тарауы бойынша оқушылар білімін тиянақтау және тарауды қорытындылау.
Ә) Электр тогын тұрмыста және шаруашылықта үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Б) Оқушының пәнге деген қызығушылығын және өз бетінен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс: оқу - практикалық
Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық схемалар, суреттер, карточкалар, кубик.

Сабақтың барысы.
Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін 2-3 минут ішінде «Электр тарауына» байланысты 10-15 сұрақ қою. Тақырыптың атын жұмбақ шешу арқылы тауып, шешімін тақтаға жазамыз.
«Аяқсыз жүреді, отсыз жанады.» (Электр тогы)
Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз. Оның ішінде «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің ішінен бес асыл іс сөзін сабағымның бағыты етіп аламын. Абай Құнанбаевтың 45 қара сөзінің 38-сөзінде былай делінген:
«Адамдар ұйқы тыныштық, әуес қызықтық бәрін қойып адам баласының тұрмыс тіршілігінің жақсаруына байланысты іспен айналысқанына, яғни электрді тауып, дүниенің о шетінен қазір жауап алып адам баласын батылдыққа, өтірік пен жалғанды айыруға мүмкіндік бергені үшін біз оларға бас иуіміз керек ».
Ғылым таппай мақтанба.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз
Өсек, өтірік,мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ -
Бес дұшпанның білсеңіз
Талап, еңбек,терең-ой,
Қанағат, рахым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
1. талап (әрбір физ.шам.зерттеу)
2.еңбек (электр тізбегін құру)
3. терең ой (тест)
4. қанағат (есеп шығару)
5. рахым (кластер құру)

1. «Талап» бағыты бойынша: ток күші, кернеу, кедергі, заряд, қуат физикалық шамаларға зерттеу жасау.(зерттеу карточкасымен жұмыс)
2. «Еңбек» бағыты бойынша: кубик арқылы тақтаға тізбек құрып, оны түсіндіреді және орнында отырған оқушыларға жекелей сурет беріледі, соларға қарап, тізбектер құрады. (интерактивтік тақатамен жұмыс)
Оқушылар жұмыспен айналысқан уақытта мұғалім басқа тізбектің суретін көрсете отырып сұрақ қояды.

3. «Терең ой» бағыты бойынша: тест ІІ вариант
1. Гальвони элементі және аккумулятор генераторды жалпы түрде қалай атайды?
а) ток көзі
ә) ток күші
б) электр тогы
2. Генератор сөзінің мағынасы:
а) өсу
ә) кему
б) өндіру
3. Өткізгіш сымының қосылуының тізбектегі белгісі:
а)
ә)
б)
4. Ток күшінің формуласы:
а) J=q/t
ә) J=U/R
б) q=J x t
5. Кернеу бірлігін жасаған итальян ғалымы:
а) Ампер Анде Мари
ә) Вольта Алессандро
б) Ом Георг
6. Кедергінің өлшем бірлігі:
а) А
ә) В
б) Ом
7. Өткізгішті тізбектеп қосқандағы ток күші неге тең?
а) J=J1+J2
ә) J=J1=J2
б) J=U/R
8. Электр тогының жұмысы:
а) А=FS
ә) A=UJt
б) U=A/q
9. Қуаттың формуласы:
а) p=A/t
ә) A=UJt
б) p=UJ
10. Қазіргі қыздыру шамының негізгі бөлігі:
а) нихром
ә) алюминий
б) вольфрам
І-вариант
1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын не деп атайды?
а) электр өрісі
ә) электр тогы
б) электр күші
2. Аккумулятор қандай сөзді білдіреді?
а) белгілеу
ә) қосу
б) жинау
3. Ток күші қалай белгіленеді?
а) J (А)
ә) U (В)
б) R (Ом)
4. Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама:
а) ток күші
ә) кедергі
б) кернеу
5. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы:
а) J=A/q
ә) J=U/R
б) U=A/q
6. Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
а) перпендикуляр
ә) параллель
б) тізбектей
7. Кернеудің өлшем бірлігі:
а) Вольт (В)
ә) Ом
б) Ампер (А)
8. Ток күші кернеу кедергі арасындағы байланысты тағайындаған ғалым:
а) Ом Георг
ә) Вольта Алессандро
б) Ампер Андре Мори
9. Параллель жалғағандағы кернеу неге тең?
а) U=U1+U2
ә) U=U1=U2
б) U=A/q
10. Электр қоңырауының тізбектегі белгісі:
а)
ә)
б)
4. «Қанағат» бағыты бойынша деңгейлік есептер шығарады. (электрондық оқулықпен жұмыс)
5. «Рахым» бағыты бойынша оқушылар бір-біріне көмектесе отырып, электр тогынның пайдалану жерлерін кластер құру арқылы түсіндіреді
Үйге тапсырма:Электр тогы тарауына байланысты екі топ пайдалы және зиянды жақтарына қосымша материалдар жинақтап әкеліп, соны қорғайды.
13 401
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тоғы бар өткізгіштің және тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын түсіндіру, электромагнитті пайдалануға болатынын білу. Электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, Тереңөзек ауданы, Шаған ауылы, №37 мектеп физика пән мұғалімі Мамрайемова Лайла Ануаровна
Тұрақты магнит
Тұрақты магнит
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, «Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ Физика және информатика пәні мұғалімі Аскербаева Рысхан Сағымбайқызы
Вакуумдегі электр тогы
Вакуумдегі электр тогы
Жалағаш ауданы, Аққыр ауылы №188 орта мектебінің физика - информатика пәні мұғалімі Таширова Жаңалық Нұрадинқызы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×