Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі

21 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі.
Физика 8 сынып
Мақсаты: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тәжірибелер арқылы түсіндіре отырып, формуласын қорытып шығару. Меншікті кедергі және кедергінің формуласымен танысу.
Күтілетін нәтиже: Өткізгіштің белгілі бір бөлігіндегі ток, сол бөліктегі кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал болатындығын түсінеді. Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына, меншікті кедергісіне тура пропорционал және көлденең қимасының ауданына кері пропорционалдығы, әр түрлі материалдан жасалған бірақ өлшемдері бірдей өткізгіштердің кедергісі әр түрлі болатындығын түсінеді.

Білу
Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушылардың зейінін қалыптастыру, жинақылыққа тәрбиелеу.
І тапсырма: Иә және жоқ жауаптарын беру арқылы үй тапсырмасына дайындығын айқындау. 1. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады. /ия/ 2. Кернеудің өлшем бірлігі ампер/жоқ/ 3. Ток күшінің өлшем бірлігі /А. /ия/ 4. Ток күшін өлшейтін құрал вольтметр деп аталады/жоқ/ 5. Кернеуді өлшейтін құрал вольтметр/ия/ 6. 1мА=0, 001А ия 7. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады /ия/ 8. Ток көзі сыртқы тізбекке ал қалған бөлігі іші тізбекке жатады. /жоқ/
ІІ тапсырма: Сәйкестендіру тестісі топқа беріледі

Түсіну
Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болатындығын көрсету. Меншікті кедергінің формуласын қорытып шығару
- 1827 ж Неміс физигі Г. Ом Георг Симон Ом – неміс физигі. Ол 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Көп жылдар ұстаздық еңбек еткен. Оның еңбектерінің негізгі бағыты электр, оптика, акустика салаларына арналған. Ол бірнеше эксперименттер жүргізіп, 1827жылы электр тізбегінің негізі заңын ашты. Кедергінің бірлігі 1881 жылдан бері Ом есімімен аталып келеді. Георг Ом 1854жылы 7 шілдеде қайтыс болды. Пропорционалдық k коэффициенті өткізгіш материалының тегіне және оның өлшеміне тәуелді екендігін, бірқатар тәжірибелер нәтижесінде осы тәуелділікті ашып, k коэффициентінің орнына оған кері R = 1/ k шамасын алып, оны өткізгіш кедергісі деп атады. Г. Омның құрметіне кедергі оммен (Ом ) өлшенеді. 1 Ом - ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойына 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.
I= k U= U/R
Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық өрнегі.
- Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал.
Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады.
Кедергіні өзгертуге болады. Ол үшін реостат деген құрал қолданылады.
Тәжірибе жасау. Амперметр, лампа, ток көзі, вольтметр және кілт арқылы тізбек құрастыру. Ом заңын тәжірибе жасау арқылы қорытып шығару.
Токтың әрекетін реттеуге бола ма?
Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады. 1827 ж Г. Ом ашты.
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама кедергі деп аталады.
Кедергі өткізгіштің қандай қасиеттеріне және қалай тәуелді? Меншікті кедергінің формуласын қорыту тәжірибе жасау арқылы.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№19 жалпы орта білім беретін мектептің
жоғары білімді, жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі
Алманова Гүлсім Аманқұлқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңының физикалық мағынасын түсіндіру. Есептер шығаруда Ом заңын орынды қолдана білуге үйрету.
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәні 8 - сынып
Физика пәні 8 - сынып
1. Теріс заряды бар бөлшек А) протон В) нейтрон С) электрон Д) позитрон
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны тізбек бөлігі үшін Ом заңынан ажыра алу, қорытынды жасай алу.
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Электр құбылыстары тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, Тереңөзек ауданы, Шаған ауылы, №37 мектеп физика пән мұғалімі Мамрайемова Лайла Ануаровна
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Тұрақты электр тоғы тарауын қайталау
Қарағанды қаласы, №21 Негізгі мектептің физика және информатика пәндері мұғалімі Конакбаева Береке Салтанатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×