Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бойль - Мариотт заңын тәжірибелік тексеру

11 қараша 2021, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақ жоспары
Күні_________ Пәні: физика Оқу тобы: 1 «а», 1 «б», 1 «в», Сабақ реті:
Сабақтың тақырыбы: Бойль - Мариотт заңын тәжірибелік тексеру
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: бойль – Мариотт заңын тәжірибелік тексеруді үйрену;
Дамытушылық мақсаты: теориялық білімдерін практикада қолдана білу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, зеректілікке, қаіпсіздік техникасын сақтауға, өз ісіне тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Сабаққа кіріспе
2. Теориялық түсінік
3. Практикалық бөлім
4. Қорытынды
5. Бағалау, үйге тапсырма
Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың түрі, тақырыбы, мақсатымен таныстыру, қауіпсіздік техникасын еске түсіру. Қажетті құралдармен таныстыру.
Жұмыстың мақсаты: белгілі бір газ массасының көлемі қысым өзгергенде қалай өзгеретінін зерттеу және олардың арсындағы қатысты тағайындау.
Жабдықтар: биіктігі 40см суы бар шыны цилиндр, бір жағы жабық, ұзындығы 40 - 50см шыны түтікше, миллиметрлік бөліктері бар өлшеуіш сызғыш; БР - 52 барометр – анероид, әмбебап штатив.
Қысқаша теориялық мағлұмат.
Суы бар цилиндрге ашық жағымен шыны түтікшені батырғанда, түтікшедегі ауаға атмосфералық қысым мен биіктігі һ су бағанының гидростатикалық қысымының қосындысына тең қысым түседі. Есептеуді жеңілдету үшін бұл қысымдарды миллиметрлік сынап бағанымен өлшеу қолайлы. Су тығыздығы сынап тығыздығынан 13, 6 есе аз, сондықтан биіктігіһ су бағаны биіктігі һ/13, 6мм сынап бағанының қысымына тең қысым түсіреді. Түтікшедегі қысым p=H+h/13, 6, мұндағы Н - атмосфералық қысым; һ - цилиндрдегі су деңгейі мен түтікшедегі су деңгейінің айырымы. (1 - суретте).
Түтікшедегі ауа көлемі V=Sℓ, мұндағы ℓ - ауа бағанының ұзындығы. Түтікшенің көлденең қимасының ауданы S тұрақты болғандықтан, ұзындықтың сандық мәнін шартты түрде V - ның мәні үшін алуға болады. Түтікшені батыру тереңдігін өзгерткенде, онадғы ауаның қысым мен көлемі өзгереді. Осы шамалардың арасындағы тәуелділікті зерттеңдер.
Жұмыстың орындалу реті
1. Барометрмен атмосфералық Н қысымды өлшеңдер. Түтікшедегі ауа суға батырғанға дейін осындай қысымда тұрады.
2. Ашық жағымен түтікшені суға терең батырыңдар. Түтікшедегі ауа бағанының ұзындығын және түтікше мен цилиндрдегі су деңгейлерінің айырымы һ - ты өлшеңдер.
3. Түтікшенің ең аз тереңдікке батуының ұзындығын және һ биіктігінің өлшеулерін қайталаңдар.
4. Көбейтуді барлық тәжірибелер үшін есептеңдер: (Н+һ/13, 6) ℓ, оларды салыстырыңдар, қорытынды жасаңдар.
5. Өлшеулердің ΔC абсолют және σ салыстырмалы қателігін есептеңдер.
6. Өлшеулер мен мен есептеулердің нәтижелерін кестеге толтырыңдар.
Нһℓ (V)p=H+h/13, 6(Н+һ/13, 6) ℓ=CΔCσ= ΔC/C
1






2






3






Бақылау сұрақтары
1. Тәжірибе кезінде түтікшені неге қолмен ұстауға болмайды?
2. Бойль – Мариотт заңында С тұрақтысы неге тәуелді болады?
1. Қорытынды жасаңдар.
2. Бағалау, үйге тапсырма: Изопроцестер. (Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев Физика 10).
3. Қолданылған әдебиеттер: Г. Ш. Гоциридзе «Практические и лабораторные работы по физике 7 - 11». Москва. Классикс Стиль. 2002
Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев Физика 10.
Р. Гебель, К. Хобольд «Физика Справочник школьника и студента» Москва. «Дрофа» 2002

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
2 624
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Изопроцестер. Клайперон – Менделеев теңдеуіне еептер шығару
Изопроцестер. Клайперон – Менделеев теңдеуіне еептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша есептер шығарту, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету. 2. Дамытушылық: МКТ негіздерін оқып – үйренуде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде
Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Бойль - Мариотт, Гей - Люссак, Шарль заңдары.
Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Бойль - Мариотт, Гей - Люссак, Шарль заңдары.
Формулаларды түрлендіре отырып изопроцестердегі тұрақты шамаларды анықтай білуге дағдыландыру. Бір - біріне түсіндіре білуге, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Термодинамиканың І заңын изопроцестерде қолдану
Термодинамиканың І заңын изопроцестерде қолдану
Физика пәнінің мұғалімі Алманова Г. А.
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Астана қаласының Политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Манарбек Махпал
Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану
Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №5 ЖББО мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Акашаева Ләззат Садыққызы
Изопроцестер
Изопроцестер
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Утегенова Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×