Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану (презентациясымен)
(8 сынып, 10 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Изопроцестердің өзара байланысын түсіне білуге, формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту.
Білімділік: Үш параметрдің (Р, V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдарды тұжырымдау. Изопроцестер туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Пәнаралық байланысты арттыра отырып, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге, өз бетінше ізденуге, зерттеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың түрлі изопроцестерді меңгеруі;
• Электрондық оқулықты тиімді пайдалануы;
• Техникалық есептеулерді дұрыс жүргізе білу;
• Теориялық білімін іс - жүзінде пайдалана білу.
Түрі: панорамалық сабақ
жаңа білімді меңгеру сабағы
Әдісі: АКТ әдістері арқылы зерттеу, салыстыру, талдау, графикпен жұмыс изопроцестерге қолдану

Сабақтың өту барысы:
8 сынып
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, бүгінгі сабақтың қорытындысы бойынша бағалау парағын үлестіремін.
І Ой қозғау
1. Физикалық диктант (Оқушыларға интерактивті тақта арқылы сұрақтар көрсетіледі. Оқушылар жұмыс дәптеріне жауабын жазып, бағалау парағына толық жауаптары бойынша бағаларын қояды)

ІІ Мағынаны тану
1. Сыныпта тәжірибе жасалады. Пробиркаға су құйып, оны спирт шамымыен қыздырсақ, пробирканың тығыны атып шығады. Неліктен? Себебі пробиркадағы су қайнағанда ішкі энергиясы артады. Оқушылар не байқағаны туралы түсіндіріп, әрі қарай жаңа сабақты түсіндіремін.
Газдың бір параметрі тағайындалып, қалған екі параметрі арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңды газ газдары деп айтады. Осы кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады.
Газдың берілген массасы үшін:
а) Т=const болғанда, P1V1= P2V2 (Бойль – Мариотт заңы) Изотермиялық процесс деп аталады.
б) P=const болғанда V1/Т1= V2/Т2 (Гей - Люссак) Изобаралық процесс деп аталады
в) V=const болғанда Р1/Т1= Р2/Т2 (Шарль заңы) Сызба – нұсқаларды қолдана отырып жан – жақты мағлұмат бердім.

2. Оқушылар электрондық оқулықты ашып, қосымша виртуалды зертханалық жұмыстарын жасайды.
3. Болған соң интерактивті тақтада тест тапсырмасын орындайды.
1. Көлем тұрақты болған жағдайда процесс қалай аталады?
А) Изотермиялық
Б) Изохоралық
В) Изобаралық
Г) Адиабаталық
2. Гей - Люссак қай жылы газ заңын тағайындады және процесс қалай аталады?
А) Изобаралық, 1802 ж
Б) Изотермиялық, 1822 ж
В) Изохоралық, 1800 ж
Г) Адиабаталық, 11832ж
3. Берілген газдың массасы үшін бір параметр өзгермейтін процесс қалай аталады?
А) Изотермиялық
Б) Температуралық
В) Изопроцесс
Г) Термостат
4. Р1/Т1= Р2/Т2 теңдеуін тағайындаған кім?
А) Шарль
Б) Гей - Люссак
В) Менделеев
Г) Бойль - Мариотт
5. Макродененің күйін сипаттайтын параметрлер қандай?
А) Р, Т, М
Б) P, V, M
B) P, V, Т
Г) P, T, R
Тесттің дұрыс жауаптарының аты сызылған.
4. Оқушыларға тақтада сәйкестендіру кестесі беріледі. Сол кестені толтыру қажет.

5. Оқушыларға деңгейлік есептер беріледі. Ол есептердің жауабын тақтадағы суретпен сәкестендіргенде тақтада «Бәйтерек» монументінің суретін көруге болады.
Есептер шығару:
І деңгей
1. Температурасы 46, 5 0С - қа дейін қыздырылған 200 г шай ішкен адам, егер өзінің температурасы 36, 5 0С болса, қанша энергия алады?
2. Массасы 3 кг бензин мен 2 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін шығарады? Бензин мен керосиннің меншікті жану жылуы 4, 6*107 Дж/кг.

ІІ деңгей
1. 440*107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? Табиға газдың меншікті жану жылуы 4, 4*107 Дж/кг.
2. 1, 89*107 Дж пайдалы жұмысты орындау үшін тракторға 4, 2*107Дж/кг меншікті жану жылуы бар 1, 5 кг отынды қажет ететін трактор қозғалтқышының ПӘК - ін табыңдар?
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
1. Массасы 1 кг қорғасынды балқытқанда ішкі энергиясы қаншаға артады? Қорғасынның балқу жылуы 0, 25*105Дж/кг.
2. Массасы 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді? Су буының меншікті булануы 2, 3*106 Дж/кг
Осымен сабағымыз аяқталды.
Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 657
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Тригонометриялық формулаларды есептер шығаруда тиімді қолдануға машықтану; Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамыту;
Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Бойль - Мариотт, Гей - Люссак, Шарль заңдары.
Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Бойль - Мариотт, Гей - Люссак, Шарль заңдары.
Формулаларды түрлендіре отырып изопроцестердегі тұрақты шамаларды анықтай білуге дағдыландыру. Бір - біріне түсіндіре білуге, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Термодинамиканың І заңын изопроцестерде қолдану
Термодинамиканың І заңын изопроцестерде қолдану
Физика пәнінің мұғалімі Алманова Г. А.
Изопроцестер
Изопроцестер
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Утегенова Сәуле
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×