Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қозғалыс тарауын қайталау (7 сынып)

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс тарауын қайталау - 7 сынып
[b]Сабақтың мақсаты:[/b]
Білімділік:[/b] Қозғалыс тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау. СТО технологиясын пайдалана отырып, білімін жетілдіру.
[b]Дамытушылық: [/b] Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
[b]Тәрбиелілік:[/b] Ұжымдық қарым - қатынас, ынтымақтастық бірлікке тәрбиелеу. Халықтық педагогиканы пайдалана отырып, ұлтын сүюге, салтын қастерлеуге жетелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, таратпалар, кестелер, көшіп қону сызбасы, түйе макеті.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Әдісі: Суретпен жұмыс, топтық жұмыс, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Халықтық педагогика, психология, әдебиет, экология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Саяхат сабақты бастау. «Жұрт - қыстау»саяхаты
- Балалар біз бүгін сабағымызды бастамас бұрын саяхат жасауға, яғни қыстаудан жайлауға көшетін уақыт болды, көшуге дайындалайық. Алдымен «Жұртта» ешкім қалып қоймасын түгенделіп алайық. Сынып түгел ме?
- Сабақ басталар алдындағы көңіл – күйлеріңізді анықтау үшін «Көңіл – күй күнделігін» толтырайық

Жайлауға көшу кезіндегі саяхатымызды бастайық Көшіп келе жатып, жол бойындағы шыңыраудан су ішіп, күл - қоқыстан айналасын тазартып кетейік.
1. Қызығушылығын арттыру:
Қауға: Механикалық қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс?
Шыңырау: Бірқалыпты қозғалыс дегенді қалай түсінесің?
Астау: Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір.
-«Қас - қағымда» «Әудем жерге» жеттік.
2. Мағынаны тану.
- Енді өткен тарауға тоқталып, есімізге түсірейік. Ол үшін әр оқушы осы тарауға байланыстырып, өз қозғалысын, әрекетін, ойын қатыстырып, «5 минуттық эссе», яғни қысқаша әңгіме жазып, мағынасын ашу керек.
«Әудем жерден» шығып, «шәйі орамал кепкенше» «Беласарға» жеттік.
- Табиғат ананың тазалығы, жас ұрпақ, сенің қолыңда! Сондықтан көші – қон кезінде кездескен мына құты - қалбырлардан жолымызды тазартып отырайық. Ол үшін:
Құты:-(есеп) 8м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан түйе 20 мин ішінде қандай аралықты жүріп өтті?
Қалбыр: «Ұқсастық пен даралық»
А) Жылдамдық --------- Ұқсастық ---------- Орын ауыстыру
Б) Бірқалыпты қозғалыс -------- Ұқсастық --------- Бірқалыпты емес қозғалыс

«Әп, дегенше» «Беласардан»асып, «Бекетке» де жеттік. Осы жерде көшті тоқтатып, тынығып алайық.
3. Сергіту
- «Бекеттен» «Қозыкөшке» «сүт пісірім» уақытта келіп те қалдық. Қозыларымызды шаршатпай, көшті тоқтатпай жүре беруіміз үшін «Кілтті сөз» деп аталатын келесі тапсырманы орындайық. Сөздердің мағынасын ашу керек.
«Кілтті сөз»
А) Энергия
Б) Планета
В) Коперник.
4. Ой - толғаныс
-«Көзді ашып - жұмғанша» «Қозыкөштен» «Асуға» жеттік
Сапалы білім алған сіздердей саналы ұрпаққа асу бермес асқар жоқ. Олай болса, бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді, әсерлеріңізді «Шығу парағы» арқылы пайымдайық
«Шығу парағы»
Мен үшін жаңа ақпарат
Мені таң қалдырғаны

ІІІ. Қорытынды
- Балалар, сабақ соңындағы көңіл - күйімізді сабақ басталар алдындағы көңіл – күйіңізбен салыстыру үшін «Көңіл - күй күнделігін» толтырамыз.

- «Қас пен көздің арасында» «Асудан» «Жаңа қонысқа» келіп қоныстандық. Оқушылар, қозғалыс тарауын осылайша қайталап өтті. Уақыт өлшемдеріне, жер атауларына мән беретін болсақ, олардың аттарынан - ақ арақашықтықтарының әртүрлі екені белгілі. Олай болса, тең уақыт аралығында әртүрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс дейді. Ал, «Жұрт» пен «Жаңа қоныс» арасын қосатын түзу кесіндіні орын ауыстыру деп атайды. Ал, түйенің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп атайды. Жол бойындағы кездескен шыңырау, қауға, астау, құты, қалбыр, тау, тас, жер т. б санақ денесі болып табылады. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемі елемеуге болатын дене, яғни түйе материялық нүкте бола алады. Ал, қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған көш ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Бұл түйенің қозғалысына есеп те құрастыруға болады. Біз жол бойындағы кездескен лас құты, қалбырларды жинап келдік. Егер бұта шөптер оларды тіреп, кедергі келтіріп тоқтатпағанда бізге кездеспеген болар еді. Егер домалап келе жатқан құтыға шөптер әрекет етпегенде олар жылдамдығын сақтап кете берер еді. Бұл инерция заңына тағы бір мысал.
ІҮ. Үйге тапсырма.
Тарауды қайталау. Формулаларға байланысты есептер құрастырып, шығару.
Ү. Бағалау.
7 487
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар (Физика 9 сынып)
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, №2 Преснов орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Осипова Ақбаян Айдархановна
Ауылдарға саяхат
Ауылдарға саяхат
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Жарылғасова Феруза
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×