Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеткіншектердегі мазасыздық деңгейін диагностикалау әдістемесі

09 мам 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Атырау облысы, Атырау қаласы,
№4 Ю. А. Гагарин атындағы орта мектеп психологы
Нұрғалиева Рысгүл Мұхамбетқызы

Жеткіншектердегі мазасыздық деңгейін диагностикалау әдістемесі

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі
Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елемеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл - күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым - қатынасын көрсетеді.
Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.

Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оның нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы түру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдерінің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.

Нұсқау
Нұсқау классикалық вариантта қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік Бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін сондай басқа параққа бөлек - жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.
Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттеушінің барлық айтқандарына назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сұхбат жүргізу керек.
Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интерпретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалық көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға көшуге болады.
«Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқындауға болады.
Экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Сонымен, мысалы, егер адам күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашумен де байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).
Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттелушінің әрекеттен қашу бейімділігі, сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.

Кескіннің өзгеруі (трансформация)
Кескіннің көлемінің ұлғаюын кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбірек күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.
Кескіннің кішіреюі зерттелуші өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адамдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым - қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.
Егер де Жаңбыр астындағы адам суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді. Киімнің болмауы мінез - құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.

Жаңбыр белгілері (атрибуттар)
Жаңбыр - адамдарда болатын кедергілер, жағымсыз әсерлер.
Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сирек тамшылар - уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар - қиын, үздіксіз жағдайлар.
Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және қандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.
Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалыңдығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді. Шалшық су, батпақ, балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.
Шалшықтың бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынан немесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?).

Қосымша бөлшектер
Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.
Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын - ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.
Қолшатырдың сырты жағымсыз нөсерлерден психикалық қорғанудың символикалык бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.
Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр - саңырауқұлақ адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуі мүмкін. Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.
Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата - анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.

Суреттердегі түстер
Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі - түсті қаламның қолдануын қалайды. Егер зерттелушіде түрлі - түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шығарудың қажеті жоқ.
Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл - күйді және адамдардың қарым - қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі мүмкін. Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала әдетке 2 - ден 5 - ке дейінгі түстерді қолданады. 7 - 8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.

Қорытындылау кезеңі
Суреттің интерпретациялау кезеңі 1 - ші және 2 - ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.
Тест нәтижесін талдау кестесі
Балалар аты
Талдау нәтижесі

Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И. В. Дубровиной. М., 1987.
2. Көмекбаева Л. К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А., 2003.
3. Леонова Л. Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М., 1990.
4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.
5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М., 2000.
13 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
«Сурет сал» әдістемесі
«Сурет сал» әдістемесі
«Сурет сал» әдістемесі (қиялын анықтау)
«Менің мектебім» сауалнамасы
«Менің мектебім» сауалнамасы
Семей қаласы, № 4 ЖОББМ КММ мектеп психологі Тлепова Гульмира Кантаевна
PAINT редакторында сурет салу кезеңдері
PAINT редакторында сурет салу кезеңдері
Қызылорда қаласы, №172 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ниязова Куралай
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, «Балапан» балабақшасының меңгерушісі Ж. Маниева
Тәрбиешілерге кеңес
Тәрбиешілерге кеңес
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×