Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түс және мінез

01 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Түс және мінез
Түстердің символикасы ежелгі тарихқа ие. Астрологияда спектралдық 7 түс беретін Күн сәулелері 7 негізгі планеталарға сәйкестендіріледі: қызыл – Марстың түсі, көк – Венера түсі, сары – Меркурий түсі, жасыл – Сатурн түсі, қоңыр қызыл – Юпитер түсі, қызғылт сары – Күн түсі, күлгін түс – Ай түсі.
Түстермен сонымен қатар адамдардың қоғамдағы жағдайы мен мәртебесін, олардың түрлі психологиялық ерекшеліктерін де белгілеген. Ол киімді таңдауда, халық мақал - мәтелдерінде, салт - дәстүрлерінде және т. б. көрініс табатын болған. Түстердің этнопсихологиялық ерекшеліктері де бар. Түрлі халықтар әрбір түске түрліше мағына берген.
Бүгінгі таңда түстер символикасы жарнама бизнесінде кеңінен қолданылады. Психологтар анықтағандай, көк, алтын, ақ, қара және қызыл түстер – элитарлы түстер болып табылады. Себебі бұл қымбат түстер. Сондықтан да бағасы қымбат заттардың түстері көк пен алтын немесе қызыл мен алтын түстердің үйлесімінен тұрады. Қара түс кез - келген басқа түске, әсіресе алтын түске күшті контраст береді. Ал мұндай түстерге боялған тауардың сыртқы орамы тұтынушылардың көзіне бірден түсіп, көңілін аудартады және өнімнің маңыздылығы мен престижділігіне нұсқайды.
Егер де қара мен алтын сары түстің үйлесімі өзіне - өзі сенімділікпен, солиднотьпен ассоциаланатын болса, ал қызыл мен сары түстің үйлесімі қуаныш, жылулық, көңілділік сезімін ұялатады. Сондықтан да мұндай үйлесімді көбінесе бай мейрамханалар пайдаланады.
Ал жасыл және көгілдір түстер мамыр таңының түстері болып табылады және өнімнің свежестін көрсету үшін қолданылады.

Ал мүлдем бір - бірімен үйлеспейтін және тіптен үйлестіруге болмайтын түстер де бар. Олар, мысалы, күлгін және қызғылт - сары түстер біріккенде амалсыздық, суицидалдық әрекеттерге бару сезімін ұялатады. Тура сондай кері, жағымсыз эффектіні қара фондағы ақ әріптермен жазылған жазулар да береді.

Түс және мінез
Жалпы, қандай да бір адам белгілі бір түстерді қалайды (екі - үштен көп емес, ол киім, зат немесе машинаның түстеріне тәуелді). Бірақ та түстердің адамға жағымды не жағымсыз болып табылуы уақыт өте келе өзгереді. Ол оның көңіл - күйіне, жағдайына және т. б. тәуелді. Алайда адамның көбінесе қалайтын түсі оның мінезі мен эмоциялық қалпы жөнінде біраз ақпараттар береді. Психологтар бұл жағдайда швейцарлық психолог Макс Люшердің 8 - түстік тестін қолданады.
Осылайша, қызыл түсті ұнататын адамдар сенгіш, өте эмоционалды және агрессивті болып келеді. Егер адам сары түске басымдылық танытса, онда бұл оның айналадағылардың сеніміне тез кіре алуын, оптимистігін және достық сезімін тез ұялата алатындығын білдіреді. Бірақ та оның бетіндегі үнемі күлкі көбінесе масканы, онда жасырылған күшті ішкі қысымды білдіреді. Көк - жасыл түстерді қалайтын адам қорқақ және әлсіз сиықты болып көрінеді, бірақ та ол жолында тұрған адам үшін қауіп төндіреді. Ашық көк немесе көгілдір түсті ұнататындар сөзшең, жалқау және тамақ пен ішімдікте шекті білмеумен сипатталады.

Сонымен қатар, автомобилдің түсі негізінде де оның иесінің психологиялық ерекшеліктері жөнінде білуге болады. Мұндай сипаттамалар американдық психолог Бертольд Шварцпен берілген. Оның пікірінше, қызыл және сары түсті автомобиль иелері оптимист, өмір сүйгіш және өздерін бақытты деп санайды. Жасыл түсті автомобилді қалайтындар табиғатқа және шынайы ақиқатқа жақын болады. Көк түсті автомобилі бар адамдар салмақты және байсалды мінезге ие. Ақ автомобилдері барлар консервативті болып табылады, ал қара түсті автомобилдерде іскер адамдар жүреді. Сұр және күміс түсті жылтыр автомобилдерге өзін - өзі жақсы көретіндер, ал қоңыр түсті автомобилдерге қадірлі әйелдері мен үлкен отбасының иелері мінеді.
Ал енді негізгі сегіз түстің сипаттамалары берілген.

• Ақ түс – барлық түстердің қосындысы, синтезі болып табылағандықтан, көпмағыналы болып табылады. Ол бір жағынан түске жарықтық берсе, екінші жағынан, оған мұздың суығын береді. Ақ түсті кез - келген мінезі бар адамдар қалай алад, ол ешкімге жиіркенішті болып табылмайды. Ал, жалпы, ақ түсті киім киген адамды жаңашыл, жаңа өзгеріске ашықтығын немесе жаңа іске даярлығын білдіреді. Ол сонымен қатар, пәк, таза және ішкі байлығы мол рухани адамды сипаттайды.

• Қара - өзіне - өзі сенімсіздікті, өмірді күйгірт қабылдаумен сәйкес келеді. Бірақ қазіргі кезде және жалпы қара түсті киімді қалайтында стилділікті білдірсе де, алайды үнемі қара түсті киетін адамдар өзіне - өзі сенімсіз, өмірде түңілген, бақытсыз, және өз мақсаттарының орындалуына күмәнданудан жиі депрессияға бейім болып келеді. Сондай - ақ ылғи да қара түсті киетін адамды психологтар өмірлік дағдарысты бастан кешіріп жатқан тұлға ретінде сипаттайды және соның салдарынан, олардағы өзгелерге және өзіне деген агрессивтілік сезімінің басымдылығын айтады. Ал қамқорлық пен сүйіспеншілікті аз көретін балалардың суреттерінде қара түсті штрихтар жиі кездеседі.

• сұр – пайымшыл, ойланып істейтін, ешкімге көп сенбейтін тұлғалардың сүйікті түсі. Ондай адамдар шешім қабылдамас бұрын, ұзақ ойланады. Бұл сондай - ақ нейтралдық түс. Сұр түсті киім қалайтын адамдар ортадан шектелгенді, өз - өзімен болғанды және қандай да бір жауапкершіліктен, міндеттемеден қашуға тырысады. Олар өздері жайлы ашық және қатты айтуға батылдары жетпейді. Егер де кім осындай түсті ұнатпаса, онда бұл жеңілойлайтын, импульсивті мензі бар адамды сипаттайды. Бұл сондай - ақ сыртқы орта тітіркендіргіштерінен қорғаныс түсі. Ондай адамдар басқалардың оның ішкі дүниесіне үңілуін жақтырмайды.

• қызыл – құмарлық түсі. Егер бұл түсті адам жақсы көрсе, онда бұл оның ерік - жігерлі, билікқұмар, ашушаң және қарым - қатынасшыл, сонымен қатар, альтруист адам екендігін көрсетеді. Бұл түсті жек көретін адамдарда жиі кемістік сезімі, жанжалдан қорқу, ортадан шеттелу пайда болады және олар қарым - қатынаста тұрақтылықты қалайды. Ал керісінше, қызыл түсті ұнататындар қозғыш, қуатты болып келеді. Бұл түс сондай - ақ сексуалдылықтың, эротикалықтың символы болып табылады. Қызыл түсті қаламайтындарды қуаты аз, физикалық және психикалық күші таусылған, органикалық әлсіз ретінде сипаттайды. Қызыл түсті әсіресе жасөспірімдер ұнатады.

• қоңыр түсті - өзіне - өзі сенімді, аяғына нық тұрған адамдар қалайды. Оны өте жақсы көретіндер салт - дәстүрді, тұрмысты, отбасылық өмірді құнды деп есептейді. білдіреді. Қоңыр түсті қалайтындар қарапайым өмірдің қуаныштарынан ләззат алады және қарапайым инстинктивті сезімдерді бастан кешіруге тырысады. Ол сондай - ақ белгілі бір ретте физикалық шаршап - шалдығуды да білдіреді.

Түс және мінез. жүктеу
12 850
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қақпақтар
Қақпақтар
Екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түс және символ
Түс және символ
Жалпы түстер негізгі үш түске бөлінеді. Олар: қызыл, сары, көк. Ал қалған түстердің барлығы осы түстердің қоспасы. Мысалы, қызыл түспен сары түсті араластырғанда қоңырқай сары түс шығады.
Суық гаммада 1-2 заттан құралған қойылым этюді
Суық гаммада 1-2 заттан құралған қойылым этюді
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің композиция, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, дизайн пәндері мұғалімі Тактабулатова Айнур Хамидуллаевна
Түстер және көңіл - күй
Түстер және көңіл - күй
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Дүйсенғалиева Гүлзада
Түстер үлгісі
Түстер үлгісі
Photoshop бағдарламасының өз жұмысшы кеңістігінде қайта жасауға арналған бейнелеулер манипуляцияланады да, бейнелеу файлы түрлі-түстілер каналдарында сақталады. Ақпараттар каналдарға таратылады.
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×