Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суық гаммада 1-2 заттан құралған қойылым этюді

29 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Суық гаммада 1 - 2 заттан құралған қойылым этюді
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: жалпы түстер, түс ерекшелігі, түс гаммасы, жылы және суық түстер жайлы білім беру
Дамытушылық: оқушының ой - өрісін, есте сақтауын, қиялдау көре білу қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: бейнелеу өнерінің түрлері арқылы эстетикалық тәлім – тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой - қозғау, жұмбақ шешу, венн диаграммасы, криптограмма
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, 4 кезең бойынша салынған суық түс натюрморт, суық түсті натюрморт қойылымы, суық түстерге байланысты сурет үлгілері
Құрал - жабдықтар: қарындаш, альбом, А3, қаламұш, гуашь т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабаққа керекті құрал - жабдықтарды әзірлеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Оқушыларды екі топқа бөлу.
1 - топ – Ә. Қастеев
2 - топ – А. Ғалымбаева
4. Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеріп, өткен сабақты қайталау.
ІІ. Сұрақтар:
1. Бейнелеу түрлерін ата? (графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері, дизайн өнері)
2. Бейнелеу өнері жанрларының қандай түрлерін білесіңдер? (Портрет, натюрморт, пейзаж, маринистік, анамалистік).
3. Гуашь дегеніміз не?(Французша су бояуы) акварельмен салыстырғанда мөлдір емес қою бояу).
4. Үйлестірудің мағынасын айтып беру.(«композиция»деп атайды. ол латын сөзінен, қазақ тіліне аударғанда «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген мағынаны білдіреді).
5. Жылы түстер қандай түстер жатады? (сары, қызыл, қызғылт - сары)
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, түрімен таныстыру.
Олай болса оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз түстер, жылы және суық түстер жайлы өтеміз. Жылы және суық түстер жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, суық түсте натюрморт орындаймыз.
Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш түске бөлінетінін білеміз. Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Суық түстерге көк, жасыл, көгілдір және күлгін түстер жатады. Ал жылы түстер сары, қызыл, қызғылт – сары түстер жатады. Түстердің ерекшеліктерін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек сурет салып үйренуіміз керек. Жануарлар мен өсімдіктердің әлемі де суық және жылы түстерден тұрады. Осы жылы суық және жылы түстердің өзі реңтерге бөлінеді.
Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез - келген түстер реңктерінде көк, жасыл, көгілдір және күлгін түстер басым болса, онда реңтер суыққа жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық барлығын көруге болады. Мысалы: қыс мезгілін алсақ, айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді. Ал алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бүл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Балалар мен сіздерге жаңа сабақ түсіндіре отырып, суық түске натюрморт орындауға тапсырма бердім. Сабақты тыңдай отырып, натюрмортымызды бейнелей берейік.
ІV. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру
ВЕНН диаграммасы
1. Суық түстер
Көк жасыл күлгін
2. Жылы түстер
Сары қызыл қызғылт сары
Жылдың төрт мезгілінде суық және жылы түстер бейнеленеді
Олай болса оқушылар біз венн диаграммасы арқылы суық түстер және жылы түстер қандай болатынын білдік, жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.
V. Ой – қозғау.
Ал енді осы сабаққа байланысты мен сіздерге жұмбақ жасырайын.
1. Сырын ашты пышаққа
Жұмыссыз мен қалдым деп.
Мені жонып үшкірле,
Пайдам тисін адамға (Қарындаш)
2. Жұмыс берсең оған,
Қарындаш бекер шаршаған.(Өшіргіш)
3. Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан,
Барша жұртты қаратқан.
Бейнегер тым асқан.(Суретші)
4. Қимылдаса қос шебер
Қыруар – қыруар іс өнер (Екі қол)
VІ. Сабақты бекіту.
Екі топқа тест беру арқылы білімдерін тексеру.
Тест №1
1. Қосымша сызықтар не үшін қажет?
а). Суретті құрастыру үшін.
ә). Суреттің сұлулығы үшін
б). Заттың формасын шығару үшін.
2. Затқа түсіп тұрған ең жарық дақты атаңыз.
а). Рефлекс.
ә). Жылыт.
б). Жарық.
Тест №2
1. Қазақстанда бейнелеу өнерінде алғашқы жол салған кәсіби суретші кім?
а). Ә. Қастеев
ә). Ә. Ысмайылов
б). М. Кенбаев.
2. Анималистік суретші нені бейнелейді?
а). Табиғат.
ә). Жануарларды.
б). Адам тұрмысын.
VІІ. Қорытындылау
Оқушылардың жұмысын қарап салыстырмалы түрде бағалау.
Криптограмма
1. «Жасыл немесе күлгін түс басым болса, онда реңктер суық түске жатады.
2. Жылдың қыс мезгілінде суық түстер анық байқалады».
8 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Түс және символ
Түс және символ
Жалпы түстер негізгі үш түске бөлінеді. Олар: қызыл, сары, көк. Ал қалған түстердің барлығы осы түстердің қоспасы. Мысалы, қызыл түспен сары түсті араластырғанда қоңырқай сары түс шығады.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Натюрморт композициясын құрастыру
Натюрморт композициясын құрастыру
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 9 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау
Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау
Шалқар аудандық Көркемсурет лицейі Құндақбаева Тамара Живопись пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау. Сабақтың мақсаты: білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түстер, жылы және суық түстер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×