Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Демалыс бөлмесіндегі айна

06 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Демалыс бөлмесіндегі айна


Біздің оқытушылар бөлмесіндегі босағаға орнатылған үлкен айнаны ұнатпаушы едім. Бірақ, барлық оқытушылардың сабаққа кірер алдында үнемі осы айнаның алдына келіп, жағаларын түзеп, шаштарын тарайтынын байқадым.

Бір реткі жиналыста директордың сөзі менің осы айнаға деген көзқарасымды өзгертті. Ол былай деді:
- біз демалыс бөлмесіне айна орнатып қойдық, мұнымыз бірден әр - бір ұстаздарымыздың киімді ретті де таза киіп, ашық - жарқын жүруін үміт еткеніміз, бұл ұстаздарға қоятын негізгі талап; енді бірден біз.....

Меңгеруші ұзақ бір тыныстап кідіріп алды да, сөзсіз ақырын қайта жалғады:
- Ұстаздарымыздың бұдан былай көңілсіздікті осы араға тастап кетуін, әсте сыныпқа алып кірмеуін өтінемін.
Осыдан кейін ол бізге мынадай бір уақиғаны айтып берді.
Бір жолы ол болмашы бір іске бола күйеуімен ұрысып қалыпты да, сол бетінше сабақ өткелі сыныпқа кіріп кетіпті.

Сол күні оның көңіл - күйі нашар еді, тақтаға жазу жазғанда да көп рет қателесті, мұндай ағаттық оның басынан бұрын-соңды өтпеген-ді - оның жауапкершілігі мен білім беру позициясын тамам жұрт тегіс білетін. Ол тақтаға жазу жазып болып артына бұрылғанда, бір қыз оқушының басын төмен салып, қолындағы дөңгелек айнаға қарап отырғанын байқап қалды, әдеттегі күн болса, ол сабақты тоқтатып қойып, қыз оқушыға көз ишараты арқылы оның қателігін білдірген болатын еді, бірақ, бүгін олай болмады. Ол әлгі оқушының қасына жетіп барды да, оны жазғыра, ұрсып тастады, дәл осы кезде, ол абайсызда үстел үстінде жатқан кішкентай дөңгелек айнадан өз жүзін көріп қалды, ол қандай әлпеттегі кескін дейсіз. әдетте сондай жылы жүзді, сабырлы да салмақты сұлу жүзді ыза кернеп алыпты. Мұны көріп ол, бейне, біреу төбесінен ұрғандай тұрды да қалды.

- Ең абзалы көңілсіздікті демалыс бөлмесіне тастап кетелік, өйтпегенде.......
Сыныпта оқытушының мейірімі мен сүйіспеншілікке толы күлкі үйірілген жүзі оқушыларға әрқандай телегей - теңіз білімінен де тез әсер етеді.
Кейбір айна тек сыртқы тұрқымызды түзеуге көмектесіп қана қалмастан, ішкі көңіл күйімізді де сақталған дақты да көрсете алады - Оқытушылардың демалыс бөлмесіндегі айна, әне, соның бір мысалы.
2 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2019 - 2020 оқу жылына арналған қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар 4 сынып
2019 - 2020 оқу жылына арналған қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар 4 сынып
2019 - 2020 оқу жылына арналған қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар 4 сынып
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары.
Бата беру
Бата беру
оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету. ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Лагерьде Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Лагерь қалың қарағайдың ішінде. Қасында үлкен көл бар. Көлдің жағасында кішкене қайық тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендейді. Балалар көлге шомылады, балық аулайды.
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс төңірегінде сөйлей білуге үйрету, сөз тіркестерін сөйлемдерде қолдана білуге машықтандыру, алған білімдерін нығайту, өтілген тақырыптарды қайталай отырып, бала білімін жетілдіру.
Қысқы демалыс. Сын есім
Қысқы демалыс. Сын есім
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×