Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тылсым табиғат

13 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Шығарма конкурсы
Тылсым табиғат.
Менің атам - Болат Пазылжанұлы балықшы әрі аңшы.
Көктемнің бір шуақты күні атам бізді табиғат аясында демалуға, балық аулауға шақырды. Біз отбасымызбен бәріміз демалуға қаламыздың жанындағы, өзіміздің Елек өзенінің бойына бардық. Айнала көкпеңбек, гүлдеген бәйшешек жер бетін сары түске бояп, әр жерлерде қызыл қызғалдақ бой көтеріп, жер бетін әсем нақышты кілемге ұқсатып тұр. Машинадан түсе сала кілем үстіне аунағандай көк жерге жата кетіп, біраз аунадық. Тұра салып, жан - жаққа жүгіріп біріміз бәйшешек, біріміз қызғалдақ теруге кірісіп кеттік.
Жаратылыс бұл гүлді
Жаратыпты қызға арнап.
Содан болар ғұмырлы
Атанғаны қызғалдақ.

Құлпырады ел - дағы,
Көктеменің күнінде.
Сәл кешіксең болғаны
Таба алмайсың бірінде.
І. Мәмбетов
Бәріміз гүлдерді жинап келгенде атам балық аулайтын құралдарын шығарып, біраз балық аулап үлгіріпті. Біздің де қолымызға қармақтар беріп: "Балық аулап көріңдер" - деді. Қолымда қармақ, алдымда тасып басылған Елек өзені толқындап ағып жатыр. Өзен суы әлі тазара қоймаған екен, сондықтан судағы балықтарды көре алмадым.
Атам ұстаған балықтарынан балық сорпасын (уха) пісіруге кірісті. Ал біздер табиғат сұлулығын тамашаладық. Өзен бойындағы тоғайда қара тал, қайық, терек, жас талдар жапырақтарын жайып, жайқалып келеді. Айналаны күн нұры қыздырып, жапырақтарының сыбдыры әсем ән салғандай.
Көгілдір аспанда ақша бұлттар қаздар сияқты ұшып барады. Көк жиекпен көк аспан бір - біріне тиіп тұрғандай әдемі көрінеді. Тоғайда әр түрлі құстар ән салып, түрлі түсті көбелектер айнала ұшып, әсем бір көрініске тап болғандайсың.
Қызғалдақ лаулап қырқада жанып жатады,
Айналаң түгел лапылдап алау атады.
Қиянды кезген қызылды - жасыл көбелек,
Мәре де сәре қызықтан басы қатады.

Тоғайда құстар тоқтатар емес думанын,
Бақытты күндер балқытып тұр ғой ну жанын.
Сүйемін осы құстардың қиқу шуларын,
Сүйемін осы көктемнің асау суларын.
Т. Шопашев
Осы өлең жолдары мен көрген көріністі дәл суреттеп тұрғандай.
Елек бойында көк шөптерін гүлдердің иісі аңқып мұрныңды жарады. Таза ауада самал желмен тербеліп келген жұпар иісті иіскеп, жұта бергім келеді. Осылай табиғат сұлулығын тамашалап тұрғанымда, қолымдағы қармақ дір етті, тартып қалғанымда кішкентай балық ілініпті. "Сен кішкентайсың", - деп суға қайта жібердім. Осы кезде атам бізді балық сорпасын ішуге шақырды. Бірнеше балықтан дайындалған дәмді сорпаны ішіп алып, біздер әр түрлі ойындар ойнадық: доп тептік, жүгірдік, т. б.
Өзен бойын бойлап жоғары қарай серуенге шықтық. Алдымызда үлкен сайлы жерде жай қалып көк құрақ өсіп келеді, бой түзеп көтерілген көк қамыс самал желмен қол бұлғап тұрғандай. Қандай керемет әсем көрініс. Көңілге әсем ырғақты әуен келіп тұра вальс билеп тұрғандай әсер аласын.
Өзенде тағы жоғары қарай бойлап жүргенде, көктемнің тағы бір тамаша көрінісін көрдім. Бөлініп қалған шағын өзен сияқты су бетінде үйректер жүзіп жүр. Алыс жақтан ұшып келген қара үйректер суға біресе сүңгіп, біресе қалқып шығып су бетінде емін - еркін жүзіп жүр. Осы жерде қос аққу жұбын жазбай кішкентай көлшіктің сәнін келтіріп жүзіп жүр. Айналада көк жусанның иісі аңқиды. Осы көріністі көріп тұрғанда Қадыр Мырзалиевтың мына өлең жолдарын оқығым келді.
Тағы келді, тағы келді бір көктем
Сәби сәуір көтерілді жөргектен.
Ертеменен безілдеді, сайрады,
Қараторғай орын таппай жер - көктен.

Дүние бір таңғажайып күйге еніп,
Көк көбелек қонды гүлге еменіп,
Қуанышын сыйғыза алмай қойнына,
Көл үстінде ұзақ ұшты инелік.
Ойлап тұрсам, мен биыл он үшінші көктемді қарсы алыппын.
Он үш көктем, он үш жыл балалықтың бал дәуренін татқан жыл.
Ата - анаммен, достарымның жанында ойнап күліп мүшел жасқа жеткен жыл.
Отбасымызбен осылай тылсым табиғатты тамашалап көктемнің әсем күнінде таза ауада демалып, қызарып, өзен бойын аралап, ойын ойнап, жүгіріп жүргенде кеш болғанын байқамай қалыппыз. Күн қызарып батуға жақындағанда айналадағы табиғат одан бетер құлпырып, қызыл - жасыл түрге боянып, керемет әсер қалдырды. Осы сұлулықты көруге, сезінуге мүмкіндік бергені үшін атама рахмет.
Табиғат қандай сұлу!
Егер осының бәрі жоқ болса, қандай "жаман" деген ой келді. Сондықтан барлық адамдарға, әсіресе жастарға: "Табиғатты - аялайық" дей келе,
Бар дейсің бе өмірде азап ондай!
Дүние азса ол енді азады оңбай!
Адам таза болмайды ешқашанда.
Айналайын табиғат таза болмай!
деген өлең жолдарыммен шығармамды аяқтайын.
2 993
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бос уақытты тиімді пайдалану
Бос уақытты тиімді пайдалану
Мен бос уақытымды қалай өткіземін? Менің бос уақытым өте аз. Аптаның алты күнінде сабақ оқимын. Күз мезгілінде жексенбі күні отбасымызбен серуендеуге шығамыз, табиғат аясында демаламыз.
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Бақылау жұмыстары 2 – сынып
Есепті шығар. Түлкі мен қасқыр балық аулауға барды. Түлкі 7 балық аулады, ал қасқыр 3 балық аулады. Түлкі мен қасқыр екеуі қанша балық аулады?
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өлең жаттату, жұмбақтар шешу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жайық өзеніне саяхат
Жайық өзеніне саяхат
Өз қаласының табиғи ерекшеліктері туралы мағұлмат беру, Ақжайық өзенінің орналасуы, басты байлығы, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін жетілдіру. Жол қауіпсіздік ережелері туралы ескертпе жасау. Өзенге дейінгі жүру кезіндегі көшемен жүру
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Ляззат Толеуовна
Өлім мен өмір жолы
Өлім мен өмір жолы
Өлім мен өмір жолы Бір жолы өзеннен балық аулап жүріп, сушаянын аулап алған бір қартқа кезігіп қалдым. Қарттың арқасына көтерген су шаяны салынған шарбақтың қақпағы жабылмаған екен.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×