Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем гүлдері

01 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бейнелеу өнері 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем гүлдері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды көктем мезгіліндегі гүлдермен таныстыру. Аппликация арқылы бәйшешек гүлін бейнелеу.
Оқушыларды қол сүрткіш қағазбен, қайшымен, желіммен, пенопластпен дұрыс жұмыс істей білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
I. – Сәлеметсіздер ме, балалар
- Отырыңдар.
II. – Балалар кәзір қандай мезгіл?
- Көктем.
- Көктемде қандай өзгерістер болады? Көктемде табиғат оянады. Қар астынан алғашқы бәйшешек гүлі шығады.
- Көктемде қар ериді. Күн жылынады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Балалар далаға ойнауға шығады. Ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды. Кейінірек гүлдейді. Кейбір ағаштарда алдымен бүршіктен гүл шығады, содан кейін барып жапырақ жаяды. – Сендер тағы қандай гүлдерді білесің дер? - Өгейшөп, бақбақ, жауқазын.

III. Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз бәйшешек гүлі. Бәйшешек – құртқашашақтар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктер. Қазақстанда Іле, Жетісу Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында Қаратауда өседі. Биіктігі 10 – 30 см. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шөп тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6 – 9, ұзындығы 10 - 12см. Шағыл тасыл және сазды беткейлерде шалғанды және далалық жерлерде, бұталар арасында шыршалы ормандардың алаңқайларында өседі. Тау етегінен шыршалы орманның жоғары шекарасында дейін кездеседі. Қазақстан Оңтүстік алғашқы көктем гүлі, сондықтан оны халық «бәйшешек» деп атайды. Кей жылдары тіпті қаңтарда гүлдейді. Тұқымы арқылы көбейеді.

- Ал енді балалар, алдарында сурет қағазы тұр. Сол сурет қағазға бәйшешек гүлін бейнелейік. – Енді, жасыл түсті қол сүрткіш қағазды алып төртбұрыш қылып қиямыз. Қолымызға қол сүрткіш қағазды алып, екі қолымызбен бүктеп, алақанымызбен домалатамыз. Гүл салынған бейнесін желімдеп, домалатқан қағазды желімдейміз. Гүлдің күлтелерді пенопластпен желімдейміз. Сонда бәйшешек гүлдің бейнесі шығады.

III. Балалар, көзімізді жұмайық. Осы үн таспа арқылы, гүлдер өсіп тұрған жерге барайық. Жүріп келеміз – жүріп келеміз алдымызда гүлдер өсіп тұр. Сол гүлдерге қараймыз. Гүлдің
ортасынан өтеміз. Тоқтап гүлдерді қолымызбен ұстаймыз. Гүлді алып иіскейміз. Гүлдің иісі керемет. Өзіміздің ұнаған гүлдерді теріп алайық. Барған жолдан кейінірек сол жолмен терген
гүлді алып қайтамыз. Ал енді көзімізді ашайық.
- Сендер қандай гүлдерді елестеттіңдер?
- Бәйшешек, бақбақ, жауқазын, қызғалдақ, раушан, өгейшөп.

V. Қорытынды: - Бүгінгі сабақта не істедік?
- Бәйшешек гүлін салдық.
- Қол сүрткіш қағазы қиып дөңгелетіп, гүлдің бейнесіне желімдедік.
14 766
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту.
Бәйшешек
Бәйшешек
Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық шығармаға эмоциялық қатынастарын дамыту. Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Көктем келді
Көктем келді
Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс - әрекеттері туралы мағлұмат беру. Сурет арқылы әңгіме құрата білуге үйрету.
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×