Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу

15 қаңтар 2017, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу
Сызу 9 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Ойлы, сыни оқу дағдысын дамыту, қарапайым тілік пен қималарды орындай білуге үйрену.
2. Шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу, білімдерін толықтыру.
3. Оқушылардың топтық қарым - қатынасын қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ақыл - ойларын, іскерлік белсенділіктерін, шығармашылықтарын шыңдау.
Бір - бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады.
Бір - бірімен қарым - қатынасы қалыптасады.
Бір - бірін тыңдай білуге үйренеді, бағалай алады.
Әдісі: әңгімелеу, топтық тапсырмалар орындау, сызу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар штрихтау белгі суреттері бойынша топтасады. Әр топ шеңбер құру арқылы қалған топтарға жылы лебіз тілектерін білдіреді.
Үй тапсырмасын тексеру:
Тақтамен жұмыс.
«Кім білгір?» ойыны арқылы өткен тарауларды еске түсіріп, қима жайында алған
1. Проекцияның неше түрі бар?
2. Қиманың сызбада неше түрі қолданылады? Олар қандай?
3. Проекциялаушы жазықтықтарын ата?
4. Нәрселердің сызбаларына сәйкес келетін қима кескіндерін табыңдар?

Өтілген тақырыпты пысықтау:
Қима деп детальді жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура кескінін айтамыз. Қимада деталь ойша кесіледі де, оны қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Детальді қиюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері сызылмайды.
Қима сызбаны оқуды жеңілдету үшін қолданылады. Нақтырақ айтсақ белгілі заттың пішінің ұғынуға, көріністер санын, сызбалық орындау уақытын азайту үшін қолданылады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілік туралы түсінік
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан нәрселер кескінделіп көрсетіледі. Егер де заттың құрылымын түсінуге, қиюшы жазықтықтық ар жағында жатқан кескіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Тіліктерде материалдардың графикалық белгіленуін әр түрлі
МЕСТ 2. 306 - 68 бойынша алады. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан үзік сызықпен көрсетеді. Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2 - 3мм орналасулары ти орналасулары тиіс.
Қима сызықтың бас жағында және аяқ жағында, ал егер керек болса – бұрылу белгілерінде, орыс алфавитінің бас әрпінің біреуін қайталап жазады. Әріптерді нұсқалардың жанынан және бұрылу белгілерінің сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады; мысалы А - А.

Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді:
Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
1. Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
2. Вертикаль тіліктер - қиюшы жазықтық горизонталдь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасады. Вертикаль тілік фронталь тілік және профиль тілік болып екіге бөлінеді.
3. Көлбеу тілік - егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.

«Кім тапқыр?» Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
Жұппен, топпен бірлесе отырып, А3 пішіміне тиісті дәрежеде тапсырмаларын орындап, жұмыстарын қорғайды.

Топтық бағалау
Қорытынды
«Кім жылдам?» ойыны арқылы не білетіндерін, зейіндерін байқау.
Ортақ сұрақ; Қандай тіліктер қарапайым тіліктерге жатады?
Осы сұраққа байланысты тапсырмалар орындалады.
(Әр топпен жекелей) Үш жазықтықпен ойша қию арқылы қарапайым тіліктерді орындау.
Жекелей тапсырманы дәптерге орындау арқылы алған білімдерін тексеру
Үйге тапсырмасын беру: А4 форматында 155 - суреттегі берілген, көлбеу тілікті алу және орындау
Бағалау: әр топ берілген геометриялық денелерді толықтыру арқылы топты бағалайды.«Ой толғау» Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Оқушыларға парақ қағаз үлестіріледі, әрбір топ өз ойларын айтады. Біз не үйрендік? (стикерге әрқайсысы бір - бір сөйлемнен сұрағын, ұсынысын жазады)
Олай болса бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз қандай?
Сабақ соңында көңіл - күйді смайлик арқылы білдіреді.
Сабақ орындарын жинақтау
6 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
sin x=a, cos x=a қарапайым Тригонометриялық теңдеулерді шешу
sin x=a, cos x=a қарапайым Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер шығару дағдысын қалыптастыру және олардың дербес түрлерін анықтауды үйрету, есептер шығаруда формулаларды орынды қолдана білуге бағыттау
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді.
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Өткен сабақтарды пысықтау тапсырмаларын орындау. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, есте сақтау дағдысын қалыптастырып, сыни ойлауға үйрену.
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол
Алматы қаласы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Тауекелова Гулбану Қонысбайқызы
Қарапайым тілік орындау
Қарапайым тілік орындау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×