Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дизайн және әсерлеу құралдары. Композициялық жұмыс

12 қыркүйек 2013, Бейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың тақырыбы: Дизайн және әсерлеу құралдары. Композициялық жұмыс
Сабақтың білімділігі: Дизайн туралы түсінік беру. Композицияны құру.
Сабақтың дамытушылығы: Шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамыту сабағы
Әдісі: Топтық жұмыс

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бейнелеу жұмысы
5. Қорытындылау.

2. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
Сұрақ: Пішім түрлерін ата.
Қандай жағдайда қағазды тік және көлденең ұстаймыз.
Үйлесімділік (компоновка) деген не?
Композиция деген не?

3. Дизайн ( ағылшынша – жобалау, сызу) заттардың көркем конструкциясын, заттық ортаның біртұтас реакциональды құрылуын білдіретін термин, көркемдік жобалау жұмысының бір түрі.
Дизайндық жұмыстарды орындау үшін үйлестіру заңдылықтарын білу шарт.
І слайд. Композиция деген не, еске түсіру.
ІІ слайд. Дизайнға түсінік.

ІІІ слайд. Дизайндық негізгі әсерлі құралдарына статика, динамика, ритм, симметрия, ассиметрия, контраст және нюанс жатады.
Бүгінгі сабақтағы негізгі мақсатымыз композициялық шығарма орындау.
Сурет салу үшін пішім мен өлшемді анықтап алу композицияның бірден - бір элементі.
Композицияда қозғалыс болуы да, болмауы да мүмкін. Ондағы бөлшектер төртбұрышты, үшбұрышты, сопақша болып орналасады.

IV - V слайд. Ритм - сызық, дақ, заттардың белгілі бір аралықтағы қайталанбалы қозғалысы. Шығарманы тірілтеді.
Тік, көлденең, спиральді, диагональді, сәулелі болады.( Тақтада сызып көрсету)
VI слайд. Статика тыныштықты білдіреді.
Динамика – қозғалыс, ұшу, құлау.

VII слайд. Симметрия - тепе теңдік.(түс пен өлшем)
VIII слайд. Ассимметрия – тең емес.
X слайд. Нюанс – ауырдан жеңілге, күңгірттен ашыққа, үлкеннен кішіге, қарапайымнан күрделіге білінбей ұласатын болар - болмас ерекшелік.
XI слайд. Контраст - қарама қарсы түс
Тақтадағы түс спектрін жіктеу.

4. Бейнелеу жұмысы.
Оқушыларды үш топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Содан соң Ф. Шопеннің «Күзгі вальсі» тыңдалады.
Проблемалық сұрақ: осы музыкада табиғаттың қандай мезгілі суреттелген? Осы дыбыстардан қандай табиғат құбылысын байқауға болады? Композицияның әсерлі құралдарын ескере отырып, осы құбылыстарды қалай бейнелеуге болады?

Бұл музыкада қандай қозғалыс бар?
І топқа аспандағы құстарды, ІІ топқа су бетіндегі құстарды, ІІІ топқа жердегі күзгі жапырақтарды бейнелеу тапсырылады.
Тақтаға кезекпен орындалған жұмыстарын іліп, қорғайды және жұмыстарына тақырып ойлап табады. Әр топқа сұрақтар қойылады.

5. Оқушы жұмыстарындағы жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіледі. Әр топтың басшысы өз оқушыларына баға қояды.
16 383
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 5. 1. 2. 1 - Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу 5. 1. 3. 1 - Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс
Композиция
Композиция
Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Кейіпкер өз ортасына лайық іс - әрекетте бейнеленеді және олардың іс - әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.
Үйлестіру заңдылықтары
Үйлестіру заңдылықтары
Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Дизайн. Қағаздан бұйымдар жасау
Дизайн. Қағаздан бұйымдар жасау
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы, Ы. Кабеков атындағы орта мектебінің сызу, сурет, технология пәні мұғалімі Серікқазин Ербосын
Дизайн
Дизайн
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға дизайн жөнінде мағлұмат бере отырып, бұйымның жаңа үлгісін дайындауға үйрету; ә) тәрбиелік: қарапайым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×