Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бесікке салу

03 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс және оны сипаттайтын шамалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тербелмелі қозғалыстың не екенін, қандай шамалармен сипатталатынын, олардың арасында қандай байланыс бар екені туралы оқиды танысады.
Дамытушылық: тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалардың формулаларын түрлендіре отырып есеп шығару дағдысын қалыптастырады, дамытады және тербелмелі қозғалысты басқа қозғалыстармен салыстырады.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасауды, жолдастар ара пікіріне құлақ аса отырып өзара сыйластықты сезінеді, ұйымшылдыққа үйретеді.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың технологиясы: СТО
Сабақтың әдісі: болжам жасау, сұрақ – жауап, рөлдік ойын, ВЕНН.
Сабақтың көрнекілігі: ЭО, бесік, тұрғы, шарик, жіп, серіппе, гір тасы, домбыра.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет
Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Балалар, қай пәнді үйренсек те, қай ғылымды игерсек те бабалар дәстүрінен еш қол үзе алмайды екенбіз. Себебі қазақ халқының тұрмыс салтында, әдет ғұрпында қолданылған үрдістер күнделікті өмірде алдымыздан жиі ұшырасып жатады. Ендеше ұлттық дәстүрлерімізді еске түсірейік.
(Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, бесікке салу дәстүрі туралы видео көрсетіледі)
Адам баласы дүниеге әнмен тербеліп келіп, әнмен тербеліп дүниеден өтеді екен. Тоғыз ай тоғыз күн ана құрсағында тербеліп, жарық дүниеге келген бала туылған соң қандай дәстүр орындалады?
Әрине, бесікке салу дәстүрі.
1. Бесікке салу дәстүрінің қалай орындалатынын білесіңдер ме?
2. Баланы бесікке кімдер салатын болған?
3. Тыштырма деген не?
4. Бесіктің пайдасы қандай?
Біріншіден, қол - аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден, баланы бесіктен шешкен кезде сәби керіліп - созылып, рахаттанады.
Үшіншіден, сәбидің тұла бойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Төртіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Ары қол - аяғы сыптай болып өседі.
Бесіншіден, бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Алтыншыдан, бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тіл - көзден сақтайды.
Жетіншіден, балалар, бесік қалай болса солай тербетілмейді. Бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Бір қалыпты тербеліске сазды ананың әлдиі қосылғанда әдемі әуенге еліткен сәби бірден тынышталып, тәтті ұйқыға кетеді. Бір қалыпты тербелістен баланың жүйкесі бір жүйеге, тәртіпке түседі.
Жалпы ата - бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабаларың Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз - тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, үдере көшкенде, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төлемен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе - жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны - ай», – дегенде, Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», – деген екен.
Балалар, дәл осындай тербеле отырып дыбыс, әуен шығаратын қандай ұлттық аспаптарымызды білесіңдер?
Атадан балаға беріліп келе жатқан мәдени мұрамыздың бірі – қазақтың музыкалық аспаптары. Мысалы, домбыра, қылқобыз, шертер және басқа аспаптар сақталып келген. Халқымыз тіршілік тынысын музыкалық аспаптар арқылы бейнелей білген.
(Ұлттық аспаптар жайлы бейнетаспа көрсетіледі)
Музыкалық аспаптың әуені естілгенде, ол қандай да бір дыбыс көзінен шығып бізге жетті деп ойлаймыз. Дыбыс көзін қарастырғанда әрқашан тербеліс болатынын байқаймыз.
Аспаптың дыбыс көзі – тербелген аспаптың ішегі. Ал тербеліп тұрған ауа бағаны болып табылады. Таралған тербелістер толқын. Демек, дыбыс толқын түрінде таралады.
Сондай - ақ ұлттық ойындарымыздың бірі – алтыбақан.
(Ұлттық ойынымыз – Алтыбақан туралы бейнетаспа көрсетіледі)
1. Алтыбақан қалай ойналатын болған?
2. Алтыбақанның сырық санының жетеу болуы не себепті?
Алтыбақан тепкенде де жастар ән айтып тербеледі. Жағада тұрған бозбала ән ырғағымен баяу алтыбақанды сүйеп, өз кезегінде қайта еппен артқа итеріп отырады.
Осы кезде алтыбақан еріксіз тербеліс жасайды.
Міне, балалар, қазақ халқы ерте заманда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де, өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп, шеберліктің небір сан - саласын асқан ұқыптылықпен сақтап біздің дәуірімізге жеткізе білді. Физика ғылымының құпиялары жайлы сөз қозғай отырып, ұлттық дәстүрлерімізбен қалай сабақтасатындығын байқадық. Сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
17 246
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Кинематика негіздері: І - ІІІ тарауды қайталау.
Кинематика негіздері: І - ІІІ тарауды қайталау.
Кинематика негіздері, оны сипаттайтын шамалар туралы түсініктері тереңдейді. Қозғалыс формулаларын пайдаланып, сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару қабілеттерін дамыту.
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс
Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс жайлы мағлұмат беру. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонансты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.
Математикалық және серіппелі маятник тербелістері, оның тербеліс периодтарының қандай шамаларға тәуелді екендігін түсіндіріп, есептеу формуласын тұжырымдау
Физика жылдық тест тапсырмасы 11 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 11 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО - ның физика пәнінің мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×