Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаңызды өз-өзіне сенімді болуға үйретіңіз

09 шілде 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Балаңызды өзгелердің кертартпа сөзі мен пікіріне құлақ салмауға және өз - өзіне сенімді болуға үйретіңіз!
Егер сіз балаңыздан тек жақсылық күтсеңіз, бұл оның тағдырына айналады да, балаңыздың өз - өзіне сенімділігі артады. Ежелгі даналарымыз айтқандай: Адамның өзін, оның өмірі мен тағдырын оның өз ойлары мен көзқарастары қалыптастырады. «Адамның қандай болуы оның өзі туралы көзқарасы мен ой - пікіріне байланысты, барлығы соған тәуелді». Бұл ежелден - ақ белгілі болған.
Біздің өзге адамнан, баламыздан немесе серіктесімізден күткен нәтижеміз бен артқан сеніміміздің күші сонша, бұл оның барлық іс - әрекетіне әсер етуі мүмкін. Тіпті біздің сеніміміз ол адамның бүкіл даму барысына ықпал етеді.
Гарвард университетінің әлеуметтік психологиямен айналысып жүрген профессоры Роберт Розенталь адамның ой - пікірінің біздің өміріміздегі маңызын дәлелдеу үшін келесідей тәжірибе жасаған: Тұрмысы нашар отбасының балалары оқитын бастауыш мектептердің бірінде оқу жылының басында оқушылардан тест алынады. Розанталь мектеп мұғалімдеріне арнайы бейвербалды IQ тестінің көмегімен адамның интеллектуалдық деңгейін алдын ала болжауға болатынын айтты. Мектепте әр оқу жылына үш сыныптан бөлінген 18 сынып болатын. Тәжірибе жасау үшін бір сыныпқа жақсы оқитын оқушылар, ал қалған екі сыныпқа орташа немесе үлгерімі төмен балалар жинақталды.
Профессор Розенталь басында тестілеу нәтижелеріне көңіл аудармады. Ол ерікті түрде әр сыныптан 20℅ оқушылар үлесін таңдап алды. Бұлар «болашақ оқушылары» еді. Розенталь мұғалімдерге олардың аты - жөнін айтып, тестілеу нәтижесі бойынша дәл осы оқушылар жаңа оқу жылында жақсы жетістіктерге жетуі мүмкін деді. Ал шын мәнінде тәжірибеге алынған сынып пен қарапайым сынып арасында ешқандай айырмашылық жоқ еді. Олардың арасында ерекше бала жоқ, шын мәнісінде олардың барлығы – қарапайым балалар. Өзгешелік неде деп ойлайсыз?
Сегіз айдан соң дәл сол тест барлық оқушылардан қайта алынды. Тәжірибедегі сынып оқушыларының көрсеткіштері қалған оқушыларға қарағанда едәуір жоғары болды. Мұның себебі неде? Әрине, бұл – мұғалімдердің көзқарасы мен түсінігінде, олардың оқушыларға ерекше сенім артуында және олардан жақсы нәтиже күтуінде. Бұл мұғалімнің ықпалының және оның оқушыдан жақсы нәтиже кутуінің арқасында болды. Тәжірибе барысы көрсеткендей, егер мұғалім оқушыдан тек жоғары көрсеткіш күтсе, балалар да сенімді ақтау үшін барынша еңбектенеді.
Сіздің балаңыз да өзіңіздің көмегіңізбен дәл осындай жетістіктерге жете алады. Сіздің балаларыңызға артқан сеніміңіз бен күткен нәтижеңіз олардың жеке тұлғасына, іс - әрекеттері мен оқудағы жетістіктеріне үлкен ықпал етеді.
Егер біз балаларымыздан үлкен жетістіктер күтіп, олардың күш - қуатына сенетін болсақ, табысқа жету жолында оларға еріксіз түрде үлкен көмек көрсетіп отырамыз. Бұл тұста балалармен әңгіме барысында қолданатын сөздердің маңызы зор.
Балаларыңыздың батылырақ және белсендірек болғанын қаласаңыз, оларға үнемі келесідей сөздерді айтып отырған жөн:
Өз - өзіңе сенімді бол.
Сен достарыңмен тіл табыса аласың.
Сен жақсы оқи бастадың.
Тағы да тырысып көрші. Қиындықтарға берілме.
Мен сені мақтан етемін, қиын болса да, сен жеңіп шықтың.
Мен сенің бас алмай еңбектенгеніңді байқадым.
Сенің қолыңнан барлық нәрсе келеді.
Достарыңның сені бағалап, құрметтейтініне мен өте ризамын.

Балаңызды әрдайым мақтап отыруға тырысыңыз. Қандай да бір жетістігі үшін балаңызды мақтап, ынталандырсаңыз, ол одан да үлкен табыстарға жетуге шабыттанып талпынады. Мақтау естіген баланың өзін - өзі бағалау және құрметтеу деңгейі арта түседі. Ол өзіне сенімді болып, батылдығы нығаяды. Баланың өзін - өзі бағалауын арттыру мақтау сөздерден басталады. Жеткен жетістіктер нәтижесінде бала өз күшіне деген сенімін арттырады. Мына мәселені ұмытпаңыз: жетістік жетістікке жетелейді, ал сәтсіздік сәтсіздікті туындатады.
Ғалымдардың пайымдауы бойынша, баланың өмірінде сәтсіздікке қарағанда жетістіктер көбірек болса, оның табысқа талпыну деңгейі де арта түседі, ал керісінше сәтсіздіктер басым болса, мұндай талпыныс та бәсеңдейді.
Бұл тұста айта кететін тағы бір жайт бар. Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себебін өзінен, өз әрекеттерінен, жұмсаған күш - қайратынан немесе өз енжарлығынан іздеуге үйренуі керек. Яғни сәби шағынан бастап - ақ баланың бойында өз әрекеті мен шешімдеріне деген жауапкершілікті қалыптастыру қажет.
Егер баланың бойында өзін - өзі бағалау сезімі дұрыс дамыған болса, бұл оның ересек өміріне қажетті негізгі екі тұжырымның қалыптасуына жол ашады: «мен кез келген мәселені шеше аламын» және «мен өз - өзіме сенемін».
Біздің айтпағымыз мынау: сіздің балаңыз «Қорқыныш пен еркіндік» арасынан еркіндікті таңдасын. «Өзгелер мен туралы не ойлайды немесе не айтады» деген қорқыныш оны тоқтатпасын. Егер балаңыз кішкентай кезінен сіздің көмегіңізбен ешнәрседен қорықпай, өз мақсатына жетуге дағдыланса, ол өз өмірінде үнемі Жеңімпаз атанып жүреді.
4 403
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Кеңестер Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"
Кеңестер Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"
Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты
Мен өз баламды түсенемін бе?
Мен өз баламды түсенемін бе?
Мен өз баламды түсенемін бе?
Сіз балаңыздың жетістікке жетуіне қалай ықпал етесіз?
Сіз балаңыздың жетістікке жетуіне қалай ықпал етесіз?
«ЕКІ» деген баға үшін неге мақтау керек. Немесе нәтижелі тәрбие берудің 10 алтын ережесі» атты кітаптың авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Раиса Үбітай қызы Накипбекова
Сіз қандай ата -анасыз?
Сіз қандай ата -анасыз?
Қармақшы ауданы, №30 орта мектебі Шепенова Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×