Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ар - ұят туралы

31 қазан 2023, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті". Жоғары моральдық құндылықтар деңгейінде барлығы ар - ұятпен бағаланады. Психологиялық ұят ар - ожданды алдын ала анықтайды, ал ұят пен борыш өзара әрекетіндегі адамгершілік пен мақсатқа ұмтылудың негізгі реттеушісі десек болады. Осы кәсіби мақсат "адамның кәсіби жетілу процесімен бірге" қалыптасады. Кәсіби ар - ұят өз кезегінде осы процестің табысты жағдайы болып табылады.

Ар - ождан, ар - ұят - ізгілік пен мейірімді, инабаттылық пен имандылықты білдіретін ұғым, қоғамда қалыптасқан нормаларға сай әр адамның өз іс - әрекетін бақылауын, ойлауын, сезімдерін, мінез - құлықтарын бағалауы.

Кәсіби ар - ұят қоршаған ортаның пікіріне тәуелді болмайды, ал ұят басқалардың пікіріне бағытталады. Кәсіби ар - ұят іс - әрекет пен парыздың бағалануына қарай қалыптасады. Кәсіби ар - ұят парыздың орындалуына жетелейді. Кәсіби ар - ұят - адамның алдындағы кәсіби жауапкершілігі. Намыс — жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттердің бірі. Жауапкершілік - біреуге тапсырылған немесе белгілі бір іс - әрекет барысында оның қорытындысын өз мойнына алатын жеке адамның міндеттемелері. Осы жауапкершіліктің, кәсіби ар - ұят ретінде қалыптасуының күрделі сәті туралы Генри Форд былай деп жазады: "Менің табыстарымның құпиялылығы басқа адамның көзқарасын түсініп, заттарға оның және өзімнің көзқарасыммен қарай білу қабілетімде түр".

Ар - ұят жалғыз: "ол адамда не бар, не жоқ".
Кәсіби борышты, сананы, жауапкершілікті қалыптастырудың негізгі қозғаушы күші адамның өзін - өзі кәсіби жағынан тәрбиелеуі болып саналады.
77 588
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер таралу шегіне қарай ірі кәсіпке байланысты сөздер және шағын кәсіпке байланысты сөздер деп екі салаға бөлінеді.
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін - өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол.
Мұғалім қандай болуы керек? Бұл сұраққа мұғалім білімді, кәсіби шебер болу керек деп оңай жауап беруге болады. Мұғалімге тек кәсіби шеберлік пен білім жетпейді.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Химия - биология пәнінің мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×