Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата Заң – елдігіміздің еңсесі

14 қыркүйек 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
30 - тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты зияткерлік сайысы


Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 жылы бүкіл халқымыз қабылдаған Конституциямыздың жемісі» (ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев)

Тақырыбы: Ата Заң – елдігіміздің еңсесі
Мақсаты: Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ата заң – елдігіміздің еңсесі» тақырыбы бойынша бейнеролик, слайд - шоу. ҚР Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.
Жүру барысы:
Ата заңым – ар - намысым, айбарым,
Болашағым, тектілігім, қайнарым,
Ата заңның аясында көш бастап,
Ел көгінде желбірей бер, байрағым!
Қазақстан – егеменді, байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заң – елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Заңым барда зайырлы елмен теңестір,
Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.

- Қайырлы күн құрметті қонақтар, жастар, сайысқа қатысушылар! 30 - тамыз Конституция күніне орай өткелі отырған «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты сайысқа қош келдіңіздер! Ертең, яғни 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 19 жыл толғалы отыр. Бұл жылдар ішінде мемлекетіміз демократиялық даму жолымен жүріп келеді, экономикада, әлеуметтік салада зор жетістіктерге жеттік.
Қазақстанның Конституциялық тарихына көз салсақ, мемлекетіміздің бірнеше жазба Конституциясы болған екен. Соның біріншісі – 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы); ол кезде қазақтарды қырғыз деп атағаны тарихтан мәлім. Ал одан кейінгі Конституция 1937 жылғы 26 наурыздағы Қазақ ССР - нің Конституциясы болып табылады. Үшіншісі – 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ ССР - ның Конституциясы болса, төртіншісі 1993 жылғы ҚР Конституциясы екендігі белгілі. Қазір қолданыстағы 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы Ата Заң ретінде тарихқа нық еніп отыр.

Ендеше Конституция күніне арналған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Сайыс ережелерімен таныстырып өтейін. Сайысқа 3 топтан тұратын 9 жас қатысады. Алдымен сайысқа қатынасатын жастарды көрермендерге әр түрлі тақырыптағы сұрақтар қою арқылы анықтайтын боламыз. Қазір сіздерге 9 сұрақ қоямын. Әр сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берген 9 көрермен сайыстың қатысушысы атанады. Олай болса бастайық!

1. «Конституция» термині қандай мағынаны білдіреді? (Құрылым)
2. «Жеті Жарғы» Заңдар жинағының авторы – (Тәуке хан)
3. Қазақ хандығының негізін салушы? (Жәнібек пен Керей хан)
4. Қазақтың тұңғыш шешені кім? Жиренше (15 ғ.)
5. «Яса» («Жасақ») заңдар жинағының авторы? (Шыңғысхан)
6. 2011 жылы 1 - желтоқсанда ашылған Қазақстан бойынша алғашқы, Орталық Азия бойынша 2 - ші (Ташкент) метрополитен Қазақстанның қай қаласында орналасқан? (Алматы)
7. 2012 жылы жазғы олимпиада қайда болды? (Лондон)
8. Өмілдірік дегеніміз? (Ер - тоқым әбзелдерінің бірі).
9. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын – (Көкпар)
Енді қатысушыларды топқа бөлу үшін түстерді таңдап, бірдей түс таңдағандар бір топтың мүшелері болып танылады және топ басшыларын өздері сайлайды. (сары, қызыл, жасыл түстерін таңдайды).
Олай болса топтармен таныс болыңыздар!
«Өжет» тобы:
«Қайсар» тобы:
«Әділет» тобы:
Сайысымызға баға беретін әділ - қазы алқаларымен таныс болыңыздар:
-----------------------------------------------------------------------------
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1 - кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Топ басшылары сайысы. Әр дұрыс жауап – 1 ұпаймен бағаланады.
«Өжет» тобы:
1. Абайдың шын есімі: (Ибрахим)
2. Қазақстанның бірінші астанасы: (Орынбор)
3. ҚР - ның жаңа Әнұраны «Менің Қазақстаным» әні ресми түрде орындалған уақыт. (2006 жылы 10 қаңтарда ҚР Президентінің ұлықтау рәсімінде)
4. Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы –( Яссы)
5. 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған тарихи оқиға: Халық санағы
6. Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: (Халық Қаһарманы)
7. Астана қаласының бұрынғы атауы: (Целиноград)
8. Қазақтың соңғы ханы – (Кенесары)
9. « Көшпенділер» триллогиясының авторы: (І. Есенберлин)
10. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – (Тамара Дүйсенова)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 316
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Ата заңымыз – айбатты
Ата заңымыз – айбатты
Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Елдің асыл тірегі Ата заң
Елдің асыл тірегі Ата заң
Ел тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң (30 Тамыз - Конституция күніне арналған мерекелік сценарий)
Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң (30 Тамыз - Конституция күніне арналған мерекелік сценарий)
30 Тамыз - Конституция күніне арналған мерекелік сценарий. Тұлпардың беріп тынысын Кемел болсын ұлы ісін! Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысын.
Ата  Заңым – айбыным
Ата Заңым – айбыным
Ел тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кепілі – Конституция күніне орай
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×