Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елдің асыл тірегі Ата заң

17 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елдің асыл тірегі Ата заң
Мақсаты: Ел тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ата заң – елдігімнің еңсесі» тақырыбы жазылған плакат, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, Қазақстан Республикасы Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.

1 - жүргізуші:
— Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының жиырма бір жылдығына орай өткізіліп отырған «Елдің асыл тірегі - ата заң» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазір сіздердің алдарыңызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

2 - жүргізуші:
Ата - бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп - өркендеп, халқымыздың әл - ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.

1 - жүргізуші:
Қазақстан – егеменді байрақты ел,
Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.
Ата заңым – елдігімнің еңсесі,
Заңы барда қазақ елі айбатты ел.
Заңым барда зайырлы елмен теңестір,
Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.

2 - жүргізуші:
ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден - бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы — әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

1 - жүргізуші:
Ата заңым – ар - намысым, айбарым,
Болашағым, тектілігім, қайнарым,
Ата заңның аясында көш бастап,
Ел көгінде желбірей бер, байрағым!
Ән:

Ырысбибі:
Төлқұжатым, бек мұратым АтаЗаң,
Бізге жеткен мұрадай боп атадан.
Тәуке жазған Жеті жарғы бұлжымас,
Бұйрық, үкім бабам берген батадан.

Бұл даланың бұлтартпайтын заңы бар,
Ол ақсақал, алқа билер, қазылар.
Туғаны жоқ тура билер кесімгер,
Шешімдері әділ жолдан табылар.

Парламенті бұл даланың қыр басы,
Қыр басында қарттың сұсты тұлғасы.
Адам тұрмақ, тұсау ұрлау күйебоп,
Жағылатын бір ауылға күнәсі.

Қамшысымен тыйып, тежеп тентегін,
Ентігін де басар есер, еркенің.
Жесір дауы, туа қалса жер дауы,
Бір қария - ақ жазар еді «дертемін»

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы
№ 17 мектептің тарих пәні мұғалімі
Тажгарина Дана Канаткалиевна
Ата заң. жүктеу
2 242
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата заңымыз – айбатты
Ата заңымыз – айбатты
Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Елдің асыл тірегі – Ата Заң
Елдің асыл тірегі – Ата Заң
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Ата Заң – елдігіміздің еңсесі
Ата Заң – елдігіміздің еңсесі
Атырау облысы, Индер ауданы, "Көктем" қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нариманова Гауһар
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×