Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жаңа 2015 жылдағы жаңа ертегі» (театрландырылған көрініс) сценариі

06 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Жаңа 2015 жылдағы жаңа ертегі» (театрландырылған көрініс) сценариі

Кейіпкерлер: Сайқымазақ, Маша мен Аю, Фиксиктер (Симка, Мася, Мыстан кемпір, Аққала, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл, Ескі жыл.

Дауыс: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар.
Жаңа Жыл тойы басталды
Босқа қарап тұрмаңыздар!.

2 - Жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Дауыс: Төрлетіңдер, балалар
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Көңілді өмір сүріңдер!

2 - Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Жаңа жылдагы жаңа ертегі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Баршаңызды Жаңа 2015 жылмен құттықтаймыз! Бүгінгі ұрпақ – ел келешегі. Ел келешегі – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің жүзі жарқын, көңілдері шат болып, бақытты ғұмыр кешуіне тілей отырып, құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры С. Ж. Бекмагамбетовке береміз.

Жүргізуші:
Ақ көңілім айналады аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда, - дей отырып жаңа жылдық мерекемізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.
4 «А» «Құтты болсын Жаңа жыл»»

«Клоун» әуені орындалып тұрады/Сайқымазақтар бірін - бірі итеріп, кіріп келеді/
1 - Сайқымазақ: Армысыздар, халайық!
2 - Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ма?
1 - Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2 - және 1 - ші Сайқымазақ кезектесіп сөйлейді
- Айтыңдаршы, өздерің Жаңа жылды тойлауды ұнатасыңдар ма? – Иә
- Жаңа жылды тойлауға дайынсыңдар ма? – Иә
- Естіген жоқпын, дауыстарыңды қаттырақ шығарып айтыңдар. Дайынсыңдар ма? – Иә
- Ендеше дайындықтарыңды тексеріп көрейін!
- Жаңа жылдық киімдеріңді кидіңдер ме? – Иә
- Жаңа тақпақ, ән жаттадыңдар ма? – Иә
- Шыршаларыңды үйде безендірдіңдер ме? – Иә
- Жаңа жылдық көңіл күйлерің жақсы ма? – Иә
- Сендер, шынымен, бізбен Жаңа жылды мерекелеуге дайынсыңдар. Ендеше, алғашқы жаттығуды орындап көрейік. Бәріміздің бірлігіміз жарасып тұру үшін бір би билеп көрейік. Барлығың менің іс - қимылымды қайталаңдар. Дайынсыңдар ма? – Иә
« Аяқпенен топ - топ - топ»биі
- Өте, жақсы! Тамаша, балалар. Барлығың да бір - бірімен дос, тату екенін көрсеттіңдер. Енді келесі жаттығуды орындап көрейік.
- Қазір Аяз атаны шақырып көрейік. Бірақ, осындай шарт, дауысымызды қатты шығармаймыз. Аяз ата біздің дайындалып тұрғанымызды естіп қояды.
- А - я - з ата. Аяз ата.
Балалардың даусын қатты дыбыс(тарс-тұрс) бұзады. Аяз атаның киімін киіп, Мыстан келеді.
Мыстан музыкасы
Мыстан: Ау, жараңдар, қараңдар, мен келемін, жол ашыңдар.
Сайқымазақ: Бұл Аяз ата ма?
Мыстан: Иә, дәл өзім, Аяз атамын.
Сайқымазақ: Ақ таяқтың орнына неге сыпыртқы ұстап тұрсың?
Мыстан: Сендерге жылдам жету үшін, жолдағы қарды сыпырып жүру үшін.
Сайқымазақ: Ал, ақ сақалың қайда?
Мыстан: Сақалымды, жолда су болып қалмасын деп, қалтама салып қойдым.
Сайқымазақ: Ал, тырнақтарың неге соншама ұзын, қолғабыңды жыртып шыққан?
Мыстан: Олар ма?, сендермен төбелесіп, тырнау үшін..... жо - жоқ, сендерді құшақтау үшін.
Сайқымазақ: Жоқ, сен Аяз ата емессің. Біз Аяз атаны жақсы білеміз, иә, балалар. Ол сақалын қалтасына салмайды және Аяз ата келгенде үнемі амандасады. Сен Аяз ата емессің, сен Мыстан кемпірсің. Сен балалармен де амандасқан жоқсын.
Мыстан: х - м, амандаспай тұрғанға не бар? Сәлеметсіңдер ме?(Аяз атаның шапанын шешіп). Мен сендерге жау боп келген жоқпын, дос боп келдім. Сендерді үнемі Мыстан ашулы, жаман, деп қорқытады. Ал мен өте мейірімдімін, ешкімді ренжітпеймін. Сенбейсіңдер ме? Мен жақсы екенімді дәлелдейін бе? Аяз ата келгенше мерекелеріңді өткізіп берейін бе? Рұқсат беріңдерші, өтінемін.
Сайқымазақ: Мүмкін, балалар, оған сенім білдіреміз. Ендеше, кештің шырайын келтіріп, ат салыссын! Мыстан, қандай өнерің бар?
Мыстан: Балалардың ақылды екенін көргім келеді. Мен жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер.
Жұмбақ жасырады

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды. (Боран)
Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым.
(Коньки)
Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (Шана)
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)

Мыстан: Керемет! Жарайсыңдар! Бар жұмбақтың шешуін тапты.
Енді ойын ойнайық. Менде сиқырлы пима бар. Оның аты «Желаяқ». ( Аяқтарыңа құм толтырған қапшықты байлап, жүгіру.) Ал, кім бізде ширақ, шапшаң?
Ойын ойнатады. Музыка ойнап тұрады
Мыстан: Ой керемет, қандай ширақ балалар! Сендер сондай көңілді балалар екенсіңдер, енді сендерге арналған биім бар. Соны бәріміз бірге билейік. «Көңілді күн» биі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік 1) Трио «Нappy new year» жаңа жылым! әні орындалады. Осы кезде Аяздың дыбысы естіліп (Аяздың есіктің даусы) залға есіктің ашылып жабылған дыбысы естіледі де, ішке Али мен Айя кіреді.
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
Балапандай өсіріп, мәпелейді бақшамыз
Балапандай өсіріп, мәпелейді бақшамыз
Мәз мейрам бүгін бүлдіршін Естисің сыңғыр күлкісін. Естисің тәтті сөздерін Байқайсың жанған көздерін.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа жылдағы жаңа ертегі
Жаңа жылдағы жаңа ертегі
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Ажибаева Гүлназ
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу – жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз, балалар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×