Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келе жатыр Жаңа жыл!

22 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Келе жатыр Жаңа жыл!

(Балалар музыка әуенімен залға тәрбиешімен кіреді).

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, балалар, Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл барлықтарына бақыт әкелсін!
Ау, халайық, халайық
Жылды қарсы алайық!
Қуанайық, тойлайық
Қызығына тоймайық.
Жаңа жылда бәріміз
Жақсы тілек айтайық!

1-бала: Қане, құрбыларым келіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Ән жырларды төгіңдер.

2-бала: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқап тұрмаңыздар,
Сәнді шырша шақырады,
Балдырған тобын ортамызға.

Жүргізуші: Қараңдаршы балалар,
Әдемі мына шыршаға.
Жылтырайды шамдары
Ойыншықтары көп екен.
- Балалар, шыршамыздың шамы жанбапты ғой. Қане шыршамыздың шамын жағып алайық.
1, 2, 3 - Шырша шамы жан! (шырша жанбайды)
Шыршамыз әлі жанбай тұр, қане қатты шапалақтайық, аяғымызбен жерді тақылдатайық.
(Шырша жанады)

Жүргізуші: Келіңдер, балалар тұрмайық,
Ән шырқайық шыршаға!

Ән: «Жаңа жыл».
(Құдықтан дауыстар шығады)
Су адамы: Көмектесіңдер, бүгін де лифт жұмыс істемей қалыпты ғой!
(Құдықтың ішінен шелек жерге құлайды. Құдықтан алдымен Су адамы, артынан Мыстан шығады.)
Мыстан: Ох, ох! Әзер дегенде шықтым ғой, үсті - басымды бүлдірдім ғой!
Сушыл! Шашымды жөндеп жіберші!
Сушыл! Мына жерде адамдар қаптап кетіпті ғой!
Балалар, неге бұл жерде жиналып тұрсыңдар?
Мыстан: Иә, сендер неге сондай әдемісіңдер?
Жүргізуші: Сәлеметсіздер қонақтар! Біз мұнда Жаңа жыл мерекесін қарсы алып жатырмыз.
Су адамы: Қайдағы мереке? (қолын созып) Бұл біздің жеріміз!(шыршаны көріп, таңғалы)
Ал мынау не ағаш?
Мыстан: Ой, бұл не таң – тамаша!
Су адамы: Ойбай, ол біздің шыршамыз ғой, орманда өсіп тұрған.
Ұрлап кетті, ұрлап кетті.
Біз шыршамызды алып кетеміз ғой иә, Мыстан?

Жүргізуші: Сушыл, Мыстан, қараңдаршы, шырша қандай әсем, көрікті.
Әдемі моншақтарын тағып алып, сіздерді күтүде.
Балалардың шыршаға арнаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Жасыл желек жамылып,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған. Сұлу сәнді шыршаға
Көз тоймайды қарасаң
Біздер үшін аяз ата
Алып келіпті орманнан
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген,
Қандай жақсы шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз,
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық.

Сушыл: Қандай жақсы тақпақтар, рахмет балалар! Ал біз Мыстан екеуіміз сендерге би билеп береміз.

Мыстан мен Сушыл би билейді.

Мыстан: Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Ал сырғанауды ше? Онда «Шаңғы тебеміз» ойынын ойнайық. Енді бәрің елестетіңдерші, мұз орманда шаңғы теуіп жүрміз, араларынан 2 бала шықсын, осы екі баланың қайсысы мәреге бірінші жетсе сол бал сол жерден сыйлық табады.
Сушыл: Міне, мынадай сыйлық алады! Чупа - чупс!
Мыстан: Э, чупа - чупс жегілерің келді ме? Жоқ, бермеймін. Өзім жеп қоямын.
Сушыл: Қалайша жеп қоясың! Ол менікі. Өтірікші! Тоқта! Ұстап алсам жаныңды шығарамын! Олай болса шыршаның шамын өшіремін! (Қатты үрлеп шыршаның шамын сөндіріп кетеді)

Жүргізуші: Ой, қандай қулар! Бәрімізді алдап кетті ғой! Шыршамыздың шамы сөніп қалды. Көмекке Аяз - ата, Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз - ата, Ақшақар! Аяз - ата, Ақшақар!

Осы сәтте Ақшақар кіріп келеді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Қарлы боран болса да,
Қорықпаймын, тоңбаймын.
Өйткені мен, немересі атайдың,
Ақшақар боламын.
- Сендер неге көңілсіз отырсыңдар?
Жүргізуші: Бізге қонаққа Сушыл мен Мыстан келіп, шыршамыздың шамдарын өшіріп кетті. Шамдарын қалай жағарымызды білмейміз.
Ақшақар: Шынымен де бұл дұрыс болмапты. Аяз - ата да жақындап қалды. (ойланады)
Таптым. Келіңдер менің кішкентай Ұлпа қарларым, би билеп шырша шамын жағайық.

Жүргізуші: Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз.
Ақшақарды ортаға алып
Би билейміз бәріміз.

Би: «Ақшақарлар». (би соңында шырша шамы жанады)

Жүргізуші: Айнала жар салып,
Тақпақ айтып, ән салып.
Күтудеміз Аяз - атаны
Бәріміз бірге қарсы алып.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 164
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
"Қош келдің Жаңа жыл!"
"Қош келдің Жаңа жыл!"
Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Кел, кел, жаңа жыл
Кел, кел, жаңа жыл
І сәбилер «Балапан» тобы «Кел, кел, жаңа жыл» атты ертеңгіліктің сценарийі Зал мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Музыкамен балалар залға кіреді.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×