Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құқықтық сауаттылық - заман талабы

29 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ата - аналар жиналысы
«Құқықтық сауаттылық - заман талабы» (слайдымен)

Мақсаты: - құқық мәдениеті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс - әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу
Міндеттері - оқушылардың, ата - ананың бойына жағымды қасиеттерді жетілдіру. - құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құқықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларына пайдалана білуін дағдыландыру.
Әдісі: ойталқы, пікірталас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР Конституциясы, «Бала құқтары туралы» Конвенция, «Бала құқығы туралы» заң.
Ұйымдастыру:
Шаттық шеңбер.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі ата - аналар жиналысымызда біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және бала құқықтары жайлы әңгімелейміз.

Ерте ерте ертеде адамдар жер шарының барлық бұрышынан бір жерге жиналуға ұйғарыпты. Біреулері шығыстан, енді біреулері солтүстіктен, оңтүстіктен, батыстан, сонымен қатар бай елдерден және кедей елдерден келіпті. Онда ер азаматтар мен әйелдер де болыпты. Олардың бір - бірінен айырмашылығы ұлтына, нәсіліне және әр тілде сөйлеумен ерекшеленеді. Көпшілігі соғыс жүріп жатқан жерлерден келді. Барлығын біріктіретін бір ғана тілек екен - ешқашан соғыстың болмауы, ешкімде қорқыныш пен үрейдің болмауы, ешқашан адамдарды жазықсыз кінәламау.

Сондықтан да жер бетіндегі әр адамның - оның ішінде балалардың да құқық тізімдері көрсетіліпті. Осы құқықты білу, құрметтеу үшін олар бірігіп Заң жазыпты. (Слайд 3)

Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазір де бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінімізден туындап жататын секілді.

Осы жиналысты саяхат түрінде өткіземіз.
Саяхатымыз 5 аялдамадан тұрады.
1 - аялдама «Менің құқығым мен міндетім»
2 - аялдама «Жағдаят шешу»
3 - аялдама «Түсініктеме»
4 - аялдама «Ертегі»
5 - аялдама «Мәре»

Саяхатқа шығу үшін көлік таңдап алайық. Пойызға отырамыз.
1 - аялдама «Менің құқығым мен міндетім»:
1. Бақытгүл - Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей, тек жақсылық істеуге құқықтымын.
2. Ислам - Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға демалуға, қыдыруға құқықтымын. Бірақ ол менің қалауымша болуға тиіс.
3. Жібек - Өз ойымды айтуға қалаған тілімде жазуға, сөйлеуге, оқуға құқығым бар
4. Әли - Оқуға, ойнауға және бәрін істеуге, құқығым бар
5. Бауыржан - Маған рұқсат етілген істердің бәрін орындауға құқықтымын. Ойыншықтармен ойнауға, біреуге сыйлауға құқығым бар.
6. Тоғжан - Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
7 Еркежан - Демалыс күні саябаққа, театрға, хайуанаттар бағына баруға құқықтымын.
8. Султан - Мектепке баруға, оқуға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын.
9. Ақбота - Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық, өз тілімде айтуға құқығым бар.
10. Ринат - Біз қайда жүрсек те заңмен қорғанамыз. Барлық адам заң алдында тең.
Міне, балалар, бала құқығын қорғау Конвенциясында осындай баптар сендердің бақытты және тең құқылы өмір сүрулерінің кепілі болады екен.

Бала құқығы – аса маңызды демократиялық құндылық, ол өз бойына әдетте жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды.
Заң дегеніміз не? - Заң дегеніміз, ол әр адамның бостандығын, еркіндігін басқалардан қорғау.
Мұғалім: Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституция қорғайды. Адамдардың не нәрсеге құқығы бар, не нәрсеге құқығы жоқ? Осы сияқты сұрақтардың шешімін табу үшін біз, әрине адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясына үңілеміз.
Егер онда жазылғанның бәрін орындаса өмірдегі шатасу да, тәртіп бұзушылық та болмайды деп сенеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 761
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің құқықтық кеңістігім
Менің құқықтық кеңістігім
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
Заңды білу - заман талабы
Заңды білу - заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Отелбаевна
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Сабақтың мақсаты: білімділік: құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×