Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын жүрек Анамыз

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
ШҚО, Абай ауданы, Саржал ауылы
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Жактаева Динара

Сабақтың тақырыбы: Алтын жүрек Анамыз.
Сыныбы: 8 сынып
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы - өзара түсіністікпен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, «Өзін - өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.

Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Барысы:
Шаттық шеңбері
- Қайырлы күн құрметті оқушылар! Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, көршілеріңізбен амандасып тілек айтуларыңыз сұраймын. Тілектеріңізге көп рахмет. Жүрегіміз қуанышқа толды. Ендеше сабағымызды бастайық.
Әңгімелесу
- Балалар, «алтын жүректі», «үлкен жүректі» деген сөздер қандай мағынада айтылады?
- «Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?

Мұғалім:
Құрметті біздің аяулы да, ардақты балаларымыз, құрметті қонақтар! Біз бүгін «Алтын жүрек Анамыз» атты мейірімділік сабағын бастаймыз. Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік бір ерекшелігі бар. Ол – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан – салалы қайырымдылық қызметімен қатар туған күніне арналады.
Ендеше жігіттер мен өткен сабақта үйге тапсырма берген болатынмын Сара апамыздың еңбектері, апамыз туралы жазған ақындардың өлеңдерін қарап келуге.

Оқу ақпараты:
С. Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін – өзі тануына, өзін – өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижелі болатынын ұғындырады. Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетіне байланысты.
«Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Адам өзін - өзі сыйлай білуі, ар - ұяты алдында таза болып, әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс - әрекеттің неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен жүрекке жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлесін»
(Сара Алпысқызы)

Мәтінмен жұмыс
С. Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екеніне назар аударады.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін. Актриса болуды армандадымда өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір – бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесімен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен».
(Сара Алпысқызы)

Өзіңе деген сенімділік, өзіңді таба білу дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім:
Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегімен қорытындылаймыз:
«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».

Жүректен - жүрекке
Оқушылар Тілек ағашына Сара апаларына жүрек жарды ақ тілектерін жазады.
24 624
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күн шуағын төккен жан
Күн шуағын төккен жан
Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың
Алтын жүректі ана
Алтын жүректі ана
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самаликова Айман
Алтын жүрек анамыз
Алтын жүрек анамыз
Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, « Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы,
Жетімді жебеп, қолдаған жан
Жетімді жебеп, қолдаған жан
«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Сіз туған күн-мереке күн!
Сіз туған күн-мереке күн!
Оқушыларға 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×