Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сіз туған күн-мереке күн!

27 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тәжбенова Нүргүл Ұласарқызы

Тақырыбы: Сіз туған күн – мереке күн!
Мақсаты: Оқушыларға 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру
Өтілу барысы:
Кіріспе
Жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі идеясының авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне сәйкес «Алтын жүрек»бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған онкүндіктің қорытынды Сіз туған күн –мереке күн» атты кешіне қош келіпсіздер!
Олай болса, бүгінгі қорытынды кешімізді ашу үшін мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға құттықтау сөз береміз
Мерекеміз –туған күн,
Тойыңда қызық думан бар
Туған күн - бұл жаңа өмір
Сайранда туыс-туғандар!- дей келе келесі құттықтау сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Ниязымбетов Ғани ағайға береміз.
Әсем ерек достарым,
Өмірге көп қосқаным
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты!
Келесі кезекті әнге береміз. Зинелабдин Жансаяның орындауында «Бақытты балалық шақ» әні
Жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздің негізгі себепкері Өзін-өзі тану пәнінің негізгі идеясының авторы С. А. Назарбаеваның 12-ақпан туған күні. Осыған байланысты Қазақстанның барлық мектептерінде Алтын жүрек бағдарламасына сәйкес онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылып, аталып өтілуде. Біздің мектебімізде де онкүндік іс-шаралар өткізілді. С. А. Назарбаева 2001жылдан бастап Өзін-өзі тану пәнінің негізгі идеясын қалады. Осыған байланысты сынақ алаңдары ұйымдастырылып, Алматы қаласы мектептерінде Өзін-өзі тану пәні алғаш рет сынақ алаңдары ретінде енгізілді.

Бұл сабақ оқушылар бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып, өзіндік мәнін қалыптастырады.
Бұл пән негізі 12 жылдық білім берудің алғашқы бастамасы болып табылады.
Олай болса Шаттық шеңберін құрып Сара апайымызға жүрекжарды тілегімізді білдірейік.

Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін!
Қуан, шаттан!

Келесі кезекте оқушылардың әдеби-музыкалық кешіне береміз.
Ән: «Бақытты балалық шақ» Орындайтындар: Өмірзақовтар
Би: «Қазақ биі» бишілер тобы
Ән: «Менің Қазақстаным» Абылай Ақжол
Би: «Түрік биі» Әбдали Ақерке

Жүректен - жүрекке
(Оқушылар С. А. Назарбаеваға жүрекжарды тілегін айтады)
Жүргізуші:
Бүгін, менің туған күнім,
Ой, пәлі-ай,
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, -деп Мұқағали жырлағандай, бүгінгі С. А. Назарбаеваның туған күн мерекесіне арналған кешіміз осымен аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
34 749
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
Күн шуағын төккен жан
Күн шуағын төккен жан
Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың
Алтын жүректі ана
Алтын жүректі ана
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самаликова Айман
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы №100 орта мектептің тәлімгері Пшанова Айгүл Әубәкірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×