Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім көзі – кітапта

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Білім көзі – кітапта.
Сабақтың мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың
адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кітап суреті, қанатты сөздер жазылған плакат,
«Біздің кітапхана» - атты кітаптар көрмесі.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру
Негізгі бөлім
Әнұран орындалады

Кіріспе: Тақырыпты хабарлап, мақсатын айту.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! 3 «Д» сыныбында «Кітап біздің досымыз» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге, тәрбие аламыз. Оны оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен адамның еңбегімен, құрбы – құрдастарымен танысады. Адамның жақсы болуына, жақсылық іс істеуіне, құлшындыратын құрал – бұл кітап.
«Білім кілті - кітапта» деген тәрбие сағатын А. Байтұрсынұлы атамыздың кітап туралы жазған өлеңі мен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалықта!

1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар. Бүгінгі «Білім кілті - кітапта» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, –
деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар мен оқулықтар, білім көзі, рухани қазынамыз екен.
2 – жүргізуші: Балалар онда ортамызға кітапты шақырайық.
Кітап: Бәрекелді, мың рахмет, Мұзафар атамызға, балалар мен сәл кешігіп қалдым, кешіріңіздер. Мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенемін.
2 – жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз кітап, жоғары шығыңыз.
Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін.
Бұл не балалар? – Кітап
Олай болса, әңгімеміздің өзі кітап болмақ, кім біледі балалар «кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді?

1 – оқушы: Кітап – араб сөзі «жазба», ал түрікше «дәптер» деген ұғымды білдіреді. Мерзімді баспа сөз басылымы деген сөз рухани қазына, байлық, өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі оқу тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.
2 – оқушы: Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар Еврей елінде «Таурат», Қытай елінде «Конфуций», парсы тілінде «Авеста», Араб тілінде «Құран» шыққан.
1 – жүргізуші: Кітап атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол мәңгілікке сапар шеккен асыл ескерткіш. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда « Әр адамның өмірлік досы». Бұдан 41 жыл бұрын, яғни 72 - жыл ЮНЕСКО - ның шешімімен халықаралық кітап жылы деп аталса, 1995 жыл 23 - сәуір кітап күні деп жарияланды. Міне содан бері бұл күн Ресей, Германия, Америкада жоғары деңгейде атап өтіледі. Осы кітаптың шығу тарихы туралы не білеміз?
3 – оқушы: Кітапты жасау үшін адам көп еңбек етеді. Алдымен орманнан ағаш кеседі, оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан кейін оған авторлар жазады, сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады.
4 – оқушы: Кітап жасқа да, кәріге де қажет. Кітап біздің дүниетанымымызды кеңейтіп, рухани жан дүниемізді оятып ертегі, әңгімелер сыр шерткен сенің ақылшың.
5 – оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.
6 – оқушы: Алғашқы кітап шығару ісі қолмен атқарылған, адамдар кітап басатын, әріп теретін машиналарды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басу механикаландырылған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 394
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап – асыл қазына
Кітап – асыл қазына
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Кітап – рухани қазына
Кітап – рухани қазына
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×