Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап – асыл қазына

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Кітап – асыл қазына
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: кітаптар туралы қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, кітаптар
көрмесі

Барысы:
Кітап - заманымыздың өмірі, кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап дүниетанымды кеңейтіп рухани жан дүниені оятады. Ертегі, әңгімелерімен сыр шерткен кітап – ақылшың.

Кітап та алма ағашы –
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар – білім көзі, рухани қазына.

Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде – ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас
досымыз болып қала береді.
Кітап жанның елшісі, кітап теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді.
Білімімізді молайтады. Кітаптан көп үлгі – өнеге, тәрбиелік әсер аламыз.

Олай болса, бүгінгі екінші сынып оқушыларының дайындығымен
Өткелі отырған «Кітап - асыл қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Тәрбие сағаты « Кітап – білім бұлағы», « Білім көзі кітапта», « Өлең - сөздің патшасы» бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең бойынша біздің оқушылар осы орталық кітапханамен тығыз байланыста, үнемі кітап алып оқиды. Сондықтан осы кітапханамен байланыста болғандықтан кітапханашы Ақерке тәтелерінің өзінің оқырмандарына қоятын бірнеше тапсырмалары бар.
Тапсырмалар кітапханадан алып оқыған кітаптардан беріледі.
Алдарында тұрған шарлар жарып, ішіндегі тапсырмасын орындаймыз.

Екінші кезең бойынша оқушылар сұраққа жауап береді.
Білім көзі кітапта

1. Қазақтың үш биін ата.
2. Қазақ даласында мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім?
3. Абай атамыздың әжесі кім?
4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
6. Қазақтың аты аңызға айналған қаһарман батыр кім?
7. Жыл атауынан құр қалған жануар?
8. 22 - қыркүйек қандай мереке?

Өмір мәні – өнер менен білімде
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте – деп,
Келесі кезең «Өлең – сөздің патшасы».
Оқушылар бұл кезеңде кітап туралы тақпақтарын айтып, көрініс көрсетіп,
өлең айтады.

1 - оқушы: Адамның досы кітап – өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкін,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
2 - оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
3 - оқушы: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
4 - оқушы: Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағың.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
5 - оқушы: Сөйлесіп өзің менен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін.
Шешіліп кейде достай сырласады.
6 - оқушы: Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.

Көрініс: « Науқас кітап».
Ән: « Болайықшы осындай»
Көрініс: « Кітап мұңы»
Ән: « Мен әдепті баламын»

Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі « Кітап – асыл қазына» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Енді біз рухани байлық кітапты құрметтеп, ұқыпты ұстаймыз.
45 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап - рухани қазына
Кітап - рухани қазына
Сабақ мақсаттары: 1. Кітаптың таусылмас қазына,әрі білімнің көзі екенін түсіндіру,адам өміріндегі маңызы туралы ұғындыру Күтілетін нәтиже 1.сыни ойлаулары белсенді дамиды,өз ойларын толық,нақты айта білуге,өз көзқарастарын айтуға үйренеді. 2.Кітапты
Білім көзі – кітапта
Білім көзі – кітапта
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумаханова Алтын Тенгизбаевна
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Мұнайлы ауданы, Дәулет селосы «№ 4 жалпы білім беру орта мектебі ММ» Тоқбаева Назира Туреевна Нургалыва Ұлжан Өмірзаққызы
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Кітап рухани - сарқылмас қазына
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Саликова Елмира Мергенбайқызы
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×