Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурызым – мерекем, Наурызым - құт берекем

02 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ
Жағыпарова Арай Бақытқызы

Тақырыбы: «Наурызым – мерекем, Наурызым - құт берекем»
Мақсаты: Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту; сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, сахналау өнеріне баулу; балаларды ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Көпшілік қауымды, оқушыларды Наурыз тойының дәстүрлерімен, Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен таныстыру.
Көрнекілігі:
Түрі: Сайыс
Жоспары:
І. Таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасы. «Ұлттық тағамдар»
ІІІ. Сұрақ - жауап «Білгенге маржан»
ІҮ. Наурыз сый
Ү. Өз өнерлері. Наурыз туралы, халық әндерін орындау
Барысы:
Мұғалім: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, халайық! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Құрметті қонақтар! 5 - класс оқушылары және ата - аналарымен ұйымдастырылып отырған «Наурызым – мерекем, Наурызым - құт берекем» атты мерекелік сайысқа қош келдіңіздер!
1, 2 - жүргізушілер:
Армысың, шапағатты күніміз (Күнге қарайды)
Армысың, мейірімді жеріміз (Қолдарын жерге жақындатады)
Армысың, табиғат анамыз (Бастарын иеді)
Келді сізге өзіңіздің балаңыз (Өздерін көрсетеді)
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум! «Мен адаммын, адамдығымды білдіремін». «Алланың нұры жаусын!»
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
2 - жүргізуші: Уағалейкумассалам! «Мен ден адаммын, адамдығымды білдіремін», «Сізге де Алланың нұры жаусын!»
Ұлыс оң болсын,
Пәле - жала жерге енсін!(екі оқушы төс қағыстырып амандасады)
1 - жүргізуші:
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той – ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе - теңін.
2 - жүргізуші:
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз – сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.
1 - жүргізуші: Ортаға бүгінгі мерекелік сайысымыздың қонақтарын шақырайық.
2 - жүргізуші: Қарлығаш әкесімен,
1 - жүргізуші: Жанерке анасымен,

1 - жүргізуші: Сайыскерлерімізге қатысушы ретін беру (қоржыннан асық таңдату арқылы)
2 - жүргізуші: Уа, халайық!
Хабарлайын бәріңе,
Бүгін қызық, бар қызық,
Болғалы жатыр мол қызық, - дей отыра мерекелік сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
1 - жүргізуші:
І. Таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасы. Ұлттық тағам
ІІІ. «Білгенге маржан». Сұрақ - жауап
ІҮ. Тосын сый
Ү. Өз өнерлері. Наурыз, халық әндерін орындау
2 - жүргізуші:
Сәлемдесу – атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше,- дей келе кезекті таныстыру бөліміне береміз.
1 - нөмірлі жұп: Жанерке анасымен
1. Абзал елім, ардақтаған армысың,
Туған - туыс, ауылдастар бармысың.
Әз наурыз мейрамымен құттықтап,
Алайықшы үлкендердің алғысын.

2. Ата - анамның қызы балам мен ерке,
Жан - жақтымын жақынмын өнерге.
Руым - найман, таныстырсам өзімді
Алдарыңызда Болатбекқызы Жанерке

3. Әкем бар Болаттай адал адам,
Бұл өмірде адам жоқ одан асқан.
Ата жолын қуып ұста болған,
Қадірлеймін әкемді, асқақтатам.

4. Күләш деп есімімді таныстырсам,
Руымды қараша деп таныс қылсам.
Апа атанып, немере сүйсем-дағы,
Жасыңды да жеңемін жарыстырсаң.

2 - нөмірлі жұп: Мадина анасымен
1. Келдік біз сайысқа түсіп алдыңызға,
Ризамыз мына отырған баршаңызға.
Наурызбен құттықтап біз сіздерді,
Иіліп сәлем бердік жалпыңызға.

2. Ата - анамның саясында ержетемін,
Аяулы ақ бесікте тербетілген.
Гүлнарадай ақ ниетті асыл жанды,
Таппаспын айналсам да жер бетінен.

3. Қызға берілер анасынан қасиет,
Қыз балаға ата - анадан өсиет.
Түңғышым боп бағын сынап келіп тұр,
Мадинадай аяулы қызым жарқырап.

4. Анашым бар өнер - білгенін аямаған,
Достары мен көршілерге сыйлы адам.
Бір әулеттің ибалы келіні боп,
Жоқтан барды жасайтын жомарт анам.

5. Сайысар өнер, білім бойымызда,
Бөлісіп ортаға салды ойымызды.
Өнер - білім бәріде қолымызда,
Сәттілік тілейміз біз жалпыңызға.

3 - нөмірлі жұп: Қарлығаш әкесімен
1. Амандасып сәлем берем бәріне,
Мына кештің куә болдым сәніне.
Ұлыс күні оң болсын деп жатады,
Салт - дәстүрді ұстанамын әрине.

2. Ассалаумағалейкум, алтын елім,
Атым Қабыл мінезім жарқын менің.
Қызыммен бірге сайысқа шығып тұрмын,
Қолдау күтем сіздерден жарқын елім.

3. Жалпақ жұртқа таныстырсам өзімді,
Қайсар қызбын небір сынға төзімді.
Есімім бар Қарлығаш деп аталған,
Оңажыттан руым менің тараған.

4. Анам Алтын, мен қазақтың баласы,
Біздей жастың биік болсын санасы.
Қарсы топқа тек сәттілік тілейміз,
Мына кештің биік болсын бағасы.

4 - нөмірлі жұп: Тамилла анасымен
1. Армысың ардақтаған халқым менің,
Бас иіп сәлем берем алтын елім.
Бүгінгі сын сайысқа арқау болған,
Әз наурыз құтты болсын жарқын елім.

2. Көктемнің, наурыздың ғажабын - ай,
Наурыз деп барлық қазақ салады ән.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,
Иіліп сәлем берем қазағыма.

3. Жан ботам сенсің менің қолғанатым,
Көтеріп көңілімді сен табасың.
Алдарыңда Тамилладай ақылды қыз,
Кіргізер осы кештің салтанатын.

4. Руым Төлеңгіт Уанастан тараймын,
Жан әкемді асқар тауға балаймын.
Ал, анашым көп баланың анасы,
Бар мейірімін төгіп жүрген лайым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 106
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Армысың, әз Наурыз!
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Наурызым – Мерекем, Наурызым – Берекем
Наурызым – Мерекем, Наурызым – Берекем
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Абдилдинова Бактыгуль Аристотелвна
Наурыз келді, наурыз көже әкелді
Наурыз келді, наурыз көже әкелді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі. Садуахасова Найла
Қош  келдіңіз, әз - Наурызым
Қош келдіңіз, әз - Наурызым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Қош келдіңіз,әз – Наурызым!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×