Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!

03 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.
2. Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, оқушылардың наурыз тақырыбына арнап салған суреттері, нақыл сөздер, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, мақал - мәтелдер, қабырға газеті.
Мұғалім сөзі: - Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған. Жыл басы - Наурыз халқымыздың салтында ойын - күлкінің көркі мен сәні Қожанасыр, Алдар көсе болған. Міне енді, сол ауылда болып жатқан «Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1 - оқушы: О, жарандар, жараңдар, Бәрің мұнда қараңдар. Наурыз той басталды, Текке қарап тұрмаңдар. 2 - оқушы: Әуелесін армандар, Үміті от боп жанғандар. Бақ дарып, Қызыр қарасын, Мерекеден қалмаңдар. 3 - оқушы: О, жарандар, жараңдар, Тамашадан қалмаңдар, Құс қанатты көңілмен, Жер әлемді шарлаңдар.

4 - оқушы: Оятып шың мен асқарды, Ерітіп мұз бен ақ қарды Нұрландырған даланы, Наурыз көктем басталды.
Бәрі бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт - береке әкелсін! 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар! Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған.
Наурыз - бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

2 - жүргізуші: Уа, халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата - бабаларымыз үй - үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.

1 - жүргізуші: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

2 - жүргізуші: Кел, балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық - демекші, бүгінгі 3 «Ә» сыныбында өткелі отырған«Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!» атты мерекелік думанға қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: 22 - наурыз - аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Шашу, шашу шашайық,
Ән - думанға басайық.
Наурыз келді далама,
Жаңа жыл келді ауылыма (шашу шашылады)
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман - есен.

2 - жүргізуші:
Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!
1 - жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз жырлағандай ортаға әнші қызымыз Утепберген Динараның орындауында «Дастархан» әнін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: Ал, халайық т ұрмайық,
Әндетейік, шырқайық
Дөңгелесін бишілер,
Ортамызды ашайық. Енді тамашалайтындарыңыз « Қазақ биі» Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар.
5 - оқушы:
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.
(Наурыз кіріп келеді)
Наурыз: Сәлем - анам алтын Күн
Сәлем қарты халқымның Уақытыма риза боп Бақытыма шалқыдым.
6 - оқушы:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
2 - жүргізуші: Көрініс Күн мен түн. (Күн мен түн ортаға шығады.)
Күн: Сәулесі мол Күнмін.
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ.
7 - оқушы:
Сәнді көктем - наурыз,
Наурыз тойы жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын Күн мен Ай,
Құтты болсын Наурыз той!
Мұғалім сөзі: Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, кәне, соны көрейік.(Ортаға Арман, Аян, Қали, Диербек шығады)
8 - оқушы: Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
9 - оқушы: Ұлыс береке болсын,
Бәле - жала жерге енсін.
10 - оқушы: Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
11 - оқушы: Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!
(Залға бірін - бірі итеріп қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады)
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум, халық! Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.
Алдар көсе: Ей, Қожеке, не болды сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.
Қожанасыр: Әкел шапанымды. Бер деймін шапанымды.
Алдар көсе: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр: Татулассақ татуласайық. Тойға құтты болсын айтайық.
Арайы бар даланың,
Амансың ба, Жаңа күн.
Сәлем, халқым, тірегім,
Сендермен бірге жүрегім,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Игілік ауылы, «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгүл Жамантайқызы

Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем! жүктеу
5 164
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз – жыл басы
Наурыз – жыл басы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
ШҚО, Аягоз қаласы, "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ даярлық тобының тәрбиешісі Садвакасова Гульнур Турарбекқызы
Н. Қозыбаев «Наурыз көже»
Н. Қозыбаев «Наурыз көже»
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×