Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, бастауыш мектебім

06 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы,
Хромтау ауданы, Сарысай орта мектебі
Аманбаева Базаргул

Кештің мақсаты:
Білім негізі, іргетасы – бастауыштан қаланатынына ерекше мән беру. Бастауыш сыныптарда алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу. Отансүйгіштікке баулу, жағымды мінез-құлық мәдениетіне, білімді, саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп, бағыт-бағдар беру.
Көрнекіліктер: ұлағатты сөздер, аудио. Видео техника, слайдшоу.
Алғы сөз.
Сынып жетекшісі:
Бұл оқу – тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал азбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткелі отырған « Қош бол, бастауыш мектебім» кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып – біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың ,
Жүрегін көрген бір мұрат – дегендей, мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, оң мен солын айырған шәкірт. Бұл күнге жайдан-жай жете салмағанымызды ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттерімізде аз болмаған шығар. Бір сәт елестетер болсақ, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі наурыз тойлары, аналар мерекесіне арналған ән шашулар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Бірігіп кітап оқу, пікірталас ұйымдастыру, мерекелік ән шашуларға қатысып, өз өнерлерін шыңдау жақсы жолға қойылған. Әрине, осындай іс-шаралар бала жанына игі әсерін тигізбей қоймасы анық. Осы жолдағы менің ұстаған бағытым - тек кітаби білім беріп қана қоймай, еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын сегіз қырлы, бір сырлы ұрпақтарды тәрбиелеу болды. Ол жағдайға бүгін толық жетпесе де, ертең жететініне сенемін. Сондықтан, алдымнан ұшқалы отырған шәкірттеріме: «Бірінші байлық - денсаулық»- демекші, денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді, ел билейтін ұл, қыз болыңдар дегім келеді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз II бөлімнен
тұрады.
I бөлім Мерекелік бағдарлама
II бөлім Оқу жылындағы жетістіктер.

- Ата-аналар! Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан ортаңғы буынға өткені құтты болсын! Балалар бәрімізге қуаныш, бақыт әкелсін!
- (Музыка әуеніне ілесіп, ұл-қыздар ортаға шығады)
Оқушылар орындауында вальс .

1-жүргізуші: Нұрлыбек
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.

Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

1-оқушы: Диана
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 оқушы:
Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
3-оқушы: Алина
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын.
Мектебіме арналады бұл әнім.
2-жүргізуші: Анар
Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім алған.
Келесі кезекте шырқалар «Анадай асыл мектебім» әнін мектебімізге арнаймыз.
Хор. «Анадай асыл мектебім»
4-оқушы: Гүлзия
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел таныма азамат бір-бір мықты.
5-оқушы:Арай
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып, өзіңнен,
Күллі шәкірт басын саған иеді.

1-жүргізуші: Нұрлыбек. Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Ұстазым»әні шырқалады. Қабыл алыңыздар.
2 –жүргізуші: Анар
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
1- жүргізуші Нұрлыбек:
Сондай-ақ, біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулығын алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
6-оқушы: Әлібей
Мектеп үйім, ұстаздарым ата-анам,
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлап сан тарапқа тараған.
7-оқушы: Бахтияр
Мектебім-алтын ұям өрісім,
Мұғалім-білім көлісің.
Өзіңнен талмай үйреніп,
Келеміз өсіп ел үшін

1-жүргізуші: Нұрлыбек
Ер балалардың орындауында келесі би сыныптағы әдемі қыздарға арналады.
« Қыздар-ай »әніне ер балалардың орындауында би.
8-оқушы: Гүлсезім
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүрекпен тең көрді.
Өмірге жол бір өзіңнен басталады,
«А»әрпін алғаш сенен жаттадым.
Ұстаздары естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның
9-оқушы:Диана
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға –деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке, әдемілікке, әдептілікке, адалдыққа, әділдікке жалпы көп нәрсеге баулыды. Сондықтан да ұстазымызға Барлығы:Мың алғыс!
Хор «Ұстазым менің»әні.

2-жүргізуші: Анар. Тай құлындай ойнақтап бірге өскен, балалық шақтың қызықты күндерін бірге өткізген сыныптас достар – мәңгі есте қалары сөзсіз.
10-оқушы: Нұрлыбек
Әжетайым тірегім,
Кеудемде соққан жүрегім.
Шаттансам шығып қияға,
Қиналсам, сен де жүдедің.
Өзің деп білем күн көктем,
Қызметін де көрсеткен.
Бар жылылық бойыңда,
Ұлы едің сен неткен - дей келе, «Асыл әже»әнін көңілі көлдей, ниеті теңіздей әжелерімізге арнаймыз. Қабыл алыңыздар.
Хор. Асыл әжем әні.
Шағын күлдіргі көріністер: 45 минут қызықтары.
11-оқушы: Гүлзия
Аман болшы қашанда анажаным,
Анашым ыстық маған алақаның.
Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,
Қызым деп еркелете қарағаның.
12 оқушы: Родина
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

2-жүргізуші:Анар.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз, ешбір жанға теңдесі жоқ аналарымызбен әкелерімізге арналады.
Хор. «Анашым-әкешім»
1- жүргізуші:Нұрлыбек
Сыныптағы қыздардың орындауында «Заманауи биі»

II-бөлім. Осы оқу жылындағы оқушы жетістіктеріне тоқталу.
1. Байменова Д «Жеті санының қасиеті»тақырыбындағы қорғаған ғылыми жобадан көрініс
2. Бухаева Г. «Спорт жұлдыздары:Сиднейден мектепке дейін. »
«Ең үздік зерттеуші» номинациясын иеленген ғылыми жобадан көрініс.
3. Аудандық олимпиадада орыс тілі пәнінен I-жүлделі орын жеңіп алған Маханалина А
орыс тілінде өлеңдер жатқа айтады.
4. III аудандық «Бастау»математикалық олимпиадасына қатысқан Бухаева Г
Осы байқауда Сарысай орта мектебі «Ең тапқыр команда»номинациясына ие болды.
5. Қызықты математикаға саяхат. (логикалық есептер шешу)
2 жүргізуші: Анар
Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттадық. Бастауыш сыныппен қоштасу кешімізді өткізіп, толқу, қимастық сезімімізді білдіреміз. Бүгін міне, оңымыз бен солымызды таныған, саналы азамат болып шығуға уәде етеміз.
1-жүргізуші: Нұрлыбек.
Дегенмен, әлі де болса балалық күндерімізді қимаймыз.
Қорытындылау. /Ата-аналардың құттықтау сәті/
36 618
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Даярлыққа барамыз
Даярлыққа барамыз
Еркелеткен ұл - қызын. Анамызды ерекше Қуантатын күн бүгін Өсті міне бойымыз Өсті міне ойымыз Қуанышыңа ортақпыз Құтты болсын тойымыз. Айзере: Балабақшам сүйікті Тақылдатып сөйлетті Шынықтырып денемді Шымыр бол деп үйретті Жамандықтан жирентіп
Қош бол, бастауыш
Қош бол, бастауыш
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт – сапар тілеу.
Қош бол балабақшам
Қош бол балабақшам
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Мансурова Амина Шакиртовна
Қош бол, бастауыш!
Қош бол, бастауыш!
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×