Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, бастауыш

16 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош бол, бастауыш
Мақсаты:
1. Білімнің негізі бастауышта қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Мектепті, ұстаздарын құрметтеу, білімге деген құштарлығын арттыру.
Мәңгілік ел - Қазақстанның патриот ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 - нің түлектерін ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Арсен: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Мерей: Армысыздар әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Санжар: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!

Еркежан: Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Хор: «Мектебім» әні

Салих: Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
Ділназ:
Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында орта сыныпқа қадам басуда.

Санжар:
Мектебім, жылы ұя бесігім,
Мен үшін күнде ашық есігің
Білімнің шуағын мол шашқан
Ұстазым, қымбат қой есімің.
Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Еркежан: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың бастауыш мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Мерей: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

Арсен: Мектебім - сауат ашқан алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсін мейлі тағы төрт жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Санжар: Бастауышым - алтын ұя бұлағым,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Мерей:
Бастауышым - балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын

Салих:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы
«Ақсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Раимжанова Гүлшахарат Кодаровна

Қош бол, бастауыш. жүктеу
13 853
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауышым - бастамам
Бастауышым - бастамам
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Токбаева Назира Туреевна
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Қош бол балабақшам
Қош бол балабақшам
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Мансурова Амина Шакиртовна
Қош бол, бастауыш!
Қош бол, бастауыш!
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×