Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, сүйікті әліппем!

30 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жезқазған қаласындағы
№21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы

Қош бол, сүйікті әліппем!
Мақсаты: Барлық білім беташары Әліппені бітірулеріне байланысты оқушылардың өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің оқығандарын, үйренгендерін білгендерін көрсету. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімін тиянақтау. Қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, слайд, әріптер

Кештің барысы:
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата - аналар, оқушылар!
Тәуелсіз тұлпардай етек - жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той бүлдіршіндердің тұңғыш тойы. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндеріңіз, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, азаматтық борыштарының алғашқы белесінен асып, тағы да бір жасқа есейіп отыр. Тойларыңыз тойға ұлассын!

1. Жүргізуші Аяулым: Өсті міне, бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпын.
Құтты болсын тойларың!
- дей келе, сіздерді бүгінгі «Қош бол, сүйікті әліппем» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

2. Жүргізуші Аделья:
Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы – әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы әліппе оқулығы арқылы біздер 42 - әріпті танып, енді одан әрі үлкен - үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Ата - ананың мақтанышы, адал тәрбиелі азамат болып өсеміз.

Хормен: Енді шашу шашайық.
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шымылдығын ашайық.
Қазақ биі: Аяжан, Іңкәр.

1 - Ақерке
Армысыздар, мұғалімдер, әз - жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2 - Шыңғыс
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

3 - Диана
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау болып күмбірледі жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы,
Аяулы алты жасар балалығым.

1. Жүргізуші Аяулым: Береке, бірлік болсын деп,
Би билейміз жаңаша.
Күшейтіп бірлік, білімді,
Ән айтамыз тамаша.
Ән: Балапан - Акерке, Аяжан, Сезім, Диана, Гүлім.

2. Жүргізуші: Аделья
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не достар?
Хормен; Болашаққа жол ашқан
Ол - сүйікті Әліппе!

1. Жүргізуші Аяулым:
- Олай болса, балалар, бәрімізге ең қымбат Әліппе досымызды ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе!
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата - аналар!
Болашаққа жол бастар.
Білім дегенғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.

2. жүргізуші - Аделья
- Енді бәрімізге ең қымбат, білім патшасы «Әліппеге» арналған ән - жырымызды айтайық.

4 - Қуаныш
Бар кітапқа дос болған,
Әліппе – ғылым атасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

5 - Аманжол
Ұлы отан есімін,
Сенен білдік, Әліппе!
Бағалаңдар жемісін,
Әліппені дәріпте!

Толық нұсқасын жүктеу
2 593
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Әліппе - білім бастауы
Әліппе - білім бастауы
Мен Жалқаугулмін. Елдердің айтуынша мен сендерден бұрын дүниеге келген екенмін. Мені сендер секілді балалар жақсы көреді екен. Сендер сондай сүйкімдісіңдер, әдемісіңдер. Сендер менімен бірге қалыңдаршы. Менімен біраз өмір сүрсеңдер, менің
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Әліппеге мың алғыс!
Әліппеге мың алғыс!
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагул Айтнұрқызы Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!» Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×