Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімділікке бастар ғажайып әлем

07 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы
Өзін - өзі тану мұғалімі Бакирбекова Гульбану Абусыздыковна

С. Назарбаеваның туған күніне арналған мерекелік шара «Мейірімділікке бастар ғажайып әлем» мерекесі

Жүргізушілер – Өмірзақова Аяжан, Нұржан Ержан - 5а
Данышпан ата - Арман, Алпамыс – Ануар, Махаббат - Дильназ

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті оқушылар, ұстаздар, ата - аналар
«Мейірімділікке бастар жол» атты мерекемізге қош келдіңдер! Бүгін бізге, ғасырлар бойы жиналған халық даналығынан сыр шертіп, өзін - өзі тану әлеміне жол нұсқайтын құрметті қонақтарымыз келіп отыр. Қарсы алайық!
Музыка
Данышпан ата:
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер - Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!

Ақбота: Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
Алпамыс: Қуан, шаттан, қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.

1 - Жүргізуші: Мерекемізге қош келдіңіздер, балалар сендер қонақтарымызды таныған шығарсыңдар? Иә, иә, Бүгін бізде қонақта Данышпан атай, Алпамыс пен Махаббат.
2 - жүргізуші: Дильназ қарашы бізге бүгін Ақбота да қонаққа келіпті. Қоржыны да, бос емес екен, ала келген сый - кәдесі бар екен.

1 - Жүргізуші: Бұл, бізді адамгершілікке баулитын, өзін - өзі тану оқулығы екен.
Алпамыс: Ақботаның бұл сыйды әкелгені, Өзін - өзі тану пәні арқылы сендер жақсылыққа, адамгершілікке үйренесіңдер.
2 - жүргізуші: Біздің оқушылар әдепті, адамгершілігі мол балалардың қандай болу керегін жақсы біледі. Тыңдап көрелік
Мәнерлеп оқу (4) бала

1. Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлем деп қол берем

2. Көршілерді көргенде
Сыйлап сәлем беремін
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін

3. Әдепті бала
4. Жақсы бала белгісі
2 - жүргізуші:
Өнер сыры – өнегеміз, бағымыз
Сол өнермен кірер біздің сәніміз.
Тәнті болар қарсы алыңыз, ендеше
Қобыз биін билегенде бәріміз.

Қобыз биі

1 - жүргізуші: Өзін - өзі тану әлемі мейірімділік пен жақсылық, қамқорлық пен қайырымдылыққа апарар жол. Осы жолмен келе жатқан біздердің алдымыздан әлі талай қиындықтар кездеседі. Сол қиындықтарды жеңіп, айналамызға қамқор бола білейік.
2 - жүргізуші: Келесі көріністі тамашалайық
«Алма ағашы көрінісі» 4ә сынып

Алпамыс: Мен білімді боламын,
Достық тілін ұғамын.
Әр баламен достасып,
Мейірімді боламын.
Махаббат: Дұрыс айтасың, Алпамыс, достарымызға адал болып, оларға жақсы тілек тілей жүрейік.
1 - жүргізуші: Мына тамаша әнді бүгінгі қонақтарымыздың құрметіне арнаймыз «Достарым» әні. Жабайхан мен Айсұлтан

Данышпан ата: Көрдіңдер ме Алпамыс, Махаббат, Қандай тамаша балалар, өзін - өзі тану пәні, балалардың жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, адал дос болып ержетуіне көмектесуде.

Алпамыс: Данышпан ата, гимназия оқушылары тыйым сөздерді біле ме екен, байқап көрейікші?!
Данышпан ата: Қанекей балалар, мен тыйым сөзді бастайын, сендер аяқтаңдар, Келістік пе. Онда бастайық!

1. Үйге жүгіріп кірме
2. Кемтар, мүгедек адамға күлме
3. Құстың ұясын бұзба
4. Жалғыз ағашты кеспе
5. Құмырсқаның илеуін бұзба
6. Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе
7. Нанды аяқтың астына тастама
8.
Данышпан ата: Өте тамаша балалар, тыйым сөздерді жақсы меңгеріпсіздер.
2 - жүргізуші: Ата біздің оқушылар өзін - өзі тану пәні арқылы басқа да жақсылықтарды бойына сіңірді. Келесі көріністен соны тамашалайсыздар. Ортаға 1 - сынып оқушыларын шақырамын.
Көрініс 1 - сынып

2 - жүргізуші: Балалар, бүгін мейірімділік пен қуаныш, қайырымдылық пен қамқорлық мерекесі, сондықтан баршаңызға тек қана ақ көңіл, таза пейіл тілейміз.
Данышпан ата: Балалар, қазіргі заман білімділер мен ақылдылар заманы. Ақыл - тон, аңдағанда тозбайтұғын, Білім - кен. Қанша болса, азбайтұғын.
2 - жүргізуші: Данышпан ата - гимназия оқушылары өнер мен білімде өз жолын тапқан озат оқушылар. Олардың дұрыс жолды таңдап, білім іздеуіне өзін - өзі тану пәні де бағыт - бағдар береді.
Келесі көріністен осыны тамашалайық.

Көрініс «2 - лік патшалығында» 5 - сынып

1 - жүргізуші:
Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Думандатып би билеп, Ортамызды ашайық.«Тентектер» биімен сахнада «Айгөлек» би ансамблі трек №

2 - жүргізуші: Әлем, жақсылықтар мен жақсы адамдарға толы болып, әрбір бүлдіршіннің арманы орындала берсін деген тілекпен ортаға «Мир моей мечты» әнімен вокал тобын қарсы алайық. трек №
1 - жүргізуші: Жарқын болашақ, мейірімді адамдар, жақсылыққа толы өмір. Бұл біздің қалауымыз, арманымыз. 5ә сынып оқушыларын Болашақ туралы толғауларымен ортаға шақырамын
Фон музыка
Махаббат:
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп - мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
Алпамыс:
Тыныш болып жер беті,
Түршікпесін денеміз.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Әрбір жанның күлкісі
Данышпан ата: Құрметті балалар сендерге айтарым:
Ұсақ болма ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол.
Ата - анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол.
Кім болсаң да әйтеуір,
Азаматтың бірі бол.
Туған елдің ұлы бол.
Ойға тоқы парқын сез,
Ата сөзі - алтын сөз.

Дос болайық бәріміз! әні.

1 - жүргізуші: Қадірменді қонақтар,
Қадірменді достар!
Махаббатқа бөленіп,
Өтсін әрбір күндеріңіз.
Жылуы мол мейіріммен
Сыңғырласын үндеріңіз – дейміз.
1 - жүргізуші:
Сәтті боп әр қадамдарыңыз,
Орындалсын армандарыңыз! Осымен мерекелік шарамыз аяқталды. Қош - сау болыңыздар!
5 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру.
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Сан құрамы
Сан құрамы
Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау, жасау. Құрамын анықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.
Әліппе, саған мың алғыс
Әліппе, саған мың алғыс
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Раушан Хамидоллақызы
Көрікті Астана
Көрікті Астана
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №5 «Ақбота» МДҰ МКҚК әдіскері: Есжанова С. Т.
Сіз туған күн-мереке күн!
Сіз туған күн-мереке күн!
Оқушыларға 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×