Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!

20 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы

«Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім»
Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру;туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін, туған халқын сүюге, тіліміз бен туған тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының өмірі жайлы буклет, кітап көрмесі, оқушылар салған суреттері

Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан» деп «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.
Күй ойнап тұрады.
1-жүргізуші: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде 1000000 қазақ опат болды. 1916-1921 ж. аралығында 800000 адам қырғынға ұшырады.

1-оқушы: Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Құшақ жая таныстым сан тіліммен
«Жаман үйді қонағы билейді» деп
Қала жаздап айрылып өз тілімнен
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілімнен.

2-оқушы: Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Мен жігітпін айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп қырға шықтым

3-оқушы: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім,
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

2-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.
Бұл күнге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлігіміздің арқасында жеттік. 1986 ж. 16 желтоқсанда пленум өтіп, бірінші хатшы Қонаевты орнынан алып, колбинді сайлады. Бұл шешімге наразылығын білдірген жастар алаңға шықты.

4-оқушы: Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып.
Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға
Ата-баба аруағына сыйынып.

1-жүргізуші: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» атты тәбие сағатымызда мыналарды есте сақтауыңыз керектігін айта кетейік.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының басталу себебі – басшының сырттан әкелінуі.
Бұл бейбіт шерудің күшпен басылғандығы.

2-жүргізуші: Осы Желтоқсан оқиғасы Әміржан Әлпейісов өміріне әсер етті және шығармаларында ерекше орын алады, соның бірі – «Қашқын суыр!»
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қош, сау болыңыздар!
9 327
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.
Тәуелсіздік шапағаты
Тәуелсіздік шапағаты
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі тарих пәні мұғалімі Беккужина Райгүл Жұмашқызы
Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы,№78 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Қайыпбаев Дархан
Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
ШҚО, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы ОДБ ҮТО ММ» КММ Уайданова Ж. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×