Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

11 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

Сынып сағатының мақсаты:
1. Оқушылардың ана тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту. Тілдерін дамыту, мәнерлеп сөйлету. Ой өрісін кеңіту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
2. Қазақтың тіл өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт - дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алу. Халық мәдениетін тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігі, адам тіршілігіндегі тілдің рөлін жеткізу.
Мұғалім:
- Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Жүргізуші:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым, бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқа, у ашық мінезім бар аңқылдақ.

«Менің тілім өлмейді» атты көрініс.
Түрме іші. Қайрат дауыстап өлең оқып отыр. Тергеуші екі күзетшімен кіреді.
Тергеуші: – Не туралы өлең оқып отырсың? Бүгін жазаланатын күнің білесің бе?
Қайрат: – Білемін. Мен «Ана тілім» туралы өлең оқып отырмын.
Тергеуші: – Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.
Қайрат: – Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айрылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.
Тергеуші: – Әй, оңбаған, шыныңды айт, орыс тілінде жаз!
Қайрат: Мойныма алдым жаланы,
Туған жердің намысы.
Бөтен қолда кетпесін,
Титыққа орыс жетпесін.
Тергеуші: Әкетіңдер! Атыңдар!

Жүргізуші: Бүгінгі тақырыпқа байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
1 – оқушы:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
2 – оқушы:

Тілім менің!
Тіршілігім тынысым құным менің!
Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ
Тіл кесілсе, не болмақ күнім менің?!
3 – оқушы:
Тілім менің!
Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.
Е. Хасанғалиевтың «Анаға сәлем» әні орындалады.
4 – оқушы
Өнер алды – қызыл тіл,
Ой толғаған сырлы тіл.
Қалауын тауып қар жаққан,
Тас тілетін алмас тіл.
Қоршаған ал отау тіс,
Сарайын ашып, сырын біл.

Жүргізуші: - Ал, енді балалар, тіл туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Оқушылар:
1. Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі – сөз.
2. Көңіл - гүл, тіл - бұлбұл.
3. Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар,
Ал, тілге кісен салуға болмас.

Жүргізуші: Енді балалар, сендердің шешендік өнерлеріңді сынайық. Сондықтан, «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.
1. Түк сезбеген балаң... ( Жақсылық көрме одан)
2. Жүйрік тілді ақын бол... ( Жақсылыққа жақын бол)
3. Достарыңмен тату бол... ( Дұшпаныңа қату бол)
4. Туған жердің гүлі бол... ( Азамат бол, ірі бол)
Хормен:
Туған жері – түп қазығы, айдыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Бәрі қосылып, еліміздің әнұраны «Менің Қазақстаным» орындалады.
12 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
Тілім менің - тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді - кім? Тілім менің, тілім менің - тірлігім!
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Балалардың ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып танымдық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жексемалиева Айкерім Ғилажқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×