Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай - дана, Абай - дара қазақта

23 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырып: Абай - дана, Абай - дара қазақта

Мақсаты: Оқушылардың Абай даналығынан нәр алып азаматтық, ақыл - ой, адамгершілік, имандылық, эстетикалық, ізгілік тәрбие алуын ұйымдастыру, тұлға бойындағы дарын мен қабілетке қозғау сала отырып, Абай әлемі арқылы сұлулыққа ғашық, өмірге іңкәр ету.
Жүргізуші: Ұлттық ордамыздың шәкірттері, аяулы ұстаздар. Бүгінгі «Абай - дана, Абай дара қазақта» атты Абай атамызға арналған әдеби - сазды сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақтың рухани кемеңгері, ойшыл, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескер - Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.
Талант таудың ұшпағы - ұлы Абай
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау - ап, өлең - бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай - дей келе бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Үмбеталиева Салтанат
2. 11а - сынып оқушысы Бағыт Айнұр
Қазылар алқасымен таныс болсақ, ендігі кезекті сайыс шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

1 - бөлім: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу және қайым айтыс түрінде болады)
2 - бөлім: «Жыр жазамын жүрегіммен» ( Абай атамызға арнап әр топ мүшелері өздерінің төл туындыларын айтады)
3 - бөлім: «Даналық дариясы» (Абай қарасөздерінен сайыс, яғни әділқазы алқасының алдында нөмірленген қағаздар жасырулы. Әр топ қатысушылар сол қағазды суырып, топ мүшелерімен ақылдасып, қара сөздің мәнін ашу.)
4 - бөлім: «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй»(Абайдың әндерінен сайыс)
5 - бөлім: «Абай жолынан үзінді» (Бұл бөлімде қатысушылар Абай жолынан үзінді яғни көрініс көрсетеді)
6 - бөлім: Қорытынды

Жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, көрермен, қол соғып қарсы алыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға - дей отырып сайыстың
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

Жүргізуші: Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?
Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?
Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс
Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?- деп дүлдүл ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз жырлағандай, ұлттық ордамызда, ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес. Ендігі кезекте Жыр жазамын жүрегіммен атты бөлімінде бақ сынайтын әр топ сайыскерлеріне береміз.

Жүргізуші: Абайдың кемеріне жеткен шақтағы ермегі - қарасөздер жазу болғандығы көпке таныс. Көпке үлгі, насихат мақсатында айтылған қарасөздерінің тәлімдік, тәрбиелік мәні тым тереңде. Ендеше Абайдың қара сөздерін дәріптеу мақсатында «Даналық дариясы» бөлімін бастаймыз. Ортаға сайысқа қатысатын топ мүшелерін шақырайық

Жүргізуші: Өзің едің өлең - жырдың тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым,
Қолдасын деп Абай ата аруағы
Орындалмай қалды қанша арманы,
Жас ақындар өнеріңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.
Құрметті жыр сүйер қауым, «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» атты Абай әндерінен сайысымызға кезек берейік.

Жүргізуші:
Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың,
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
Өлең - жырдың көктеткен боз тақырын,
Анық басып, жүрдің байқап ақырын.
Қазақ бүгін көтереді көгіне,
Халық үшін қан жылаған ақынын - дей келе келесі сайысымыз Абай жолынан үзінді.
Ортаға үш бағыт бойынша қатысушыларды шақырамыз
1. Гуманитарлық бағыт қатысушылары
2. Физика - математика бағыттың қатысушылары
3. Химия - биология бағыттың қатысушылары

Жүргізуші:
Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хәкім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес.
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей.
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,- деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды адалдықты ту еткен әділ қазылар алқасына беріледі.

Әділқазылар ақылдасып болғанша сөз кезегін жатақхана меңгерушісі Қостаева Қарлығаш апайға береміз!

Жүргізуші: Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруге тиіс. Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 170 жылдығына арналған әдеби - сазды кешіміз аяқталды. Көңіл қойып, тыңдағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
11 453
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай Құнанбайұлы – үлкен ойшыл – ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Абай
Абай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектептің 10«Б» сынып оқушысы Бітімбай Ақтілек Бердібайұлы Абай Бір ғасырдың ғұламасы Абай ата, Халқыңа өзің болдың әркез пана.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×