Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші

12 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай өткізгелі отырған «Абай поэзиясы әлем тілдерінде!» атты әдеби кеші
Мақсаты: студенттерге Абайдың ұлы кемеңгер ақын екендігін түсіндіру. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақынның қазақ халқы үшін дара да, дана ақын болғанын айту.
Абай туралы шығармашылығын, оның өлең, әндерін ортаға салу.
Көрнекілігі: Абай портреті. Бейнефильм. Кітап көрмесі. Даналар сөзі. Слайдтар.

I жүргізуші:
Қайырлы күн! Құрметті студенттермен қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі іс – шараны бейнефильм тамашалаудан бастайық!
Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» тақырыбымен өтетін әдеби кешіне қош келдіңіздер! Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра.
Абай – дана, ғұламасы елімнің,
Абай ақын, мақтанышы жерімнің.
Абай атты бір данышпан болмаса,
Ақ – қарасын кім айырмақ өмірдің?!

II жүргізуші:
Добрый день! У каждого народа есть по - особому святые личности, память о которых живет в сознании благородных потомков. Для казахов Абай является именно такой личностью.
Великий сын степи привольной,
Талант величественных гор,
Чингисских дол зерно востока,
Поэт, писатель и мудрец,
Мыслитель века непокорный,
В дом каждого Абай вошел!
Весь мир в стихах души бескрайней,
И строки жизни в назидание,
Нам сын казахский преподнес!

Мы начинаем литературный вечер под названием «Поэзия Абая на языках мира», посвященный 170 - летию со дня рождения великого казахского поэта Абая Кунанбаева.
І жүргізуші:
Абай Құнанбайұлы – үлкен ойшыл – ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абай өмірі, еңбегі хронологиясымен танысайық.
1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданының Шыңғыстауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
1855 жылы Абай 10 - 12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.
1859 жылы Абай 14 жасында өлеңдер шығарады.
1865 жылы Абай 20 жасында от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған.
1875 жылы Абай 30 жасында атағы шыққан білікті адам болды. Ұрлық қылған кісіге жазаны аямай беріп, ел арасындағы ұрлыққа қатты тыйым салды.
1904 жылы Абай Құнанбаев 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында қайтыс болды.
1909 жылы Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы шығады.

I жүргізуші: Абайдың әр өлеңі – бір әлем. Ақын өз өлеңдерінде замана тынысын, уақыт келбетін жан – жақты көрсетеді. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы.
Өлең «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» оқитын Орахбай Ақыл ҚӨШ - 15 тобы
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.

Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші. жүктеу
3 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Абай
Абай
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектептің 10«Б» сынып оқушысы Бітімбай Ақтілек Бердібайұлы Абай Бір ғасырдың ғұламасы Абай ата, Халқыңа өзің болдың әркез пана.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×