Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарларының пайдасы мен зияны. Мысық тұқымдастары туралы мәлімет

25 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарабұлақ орта мектебі биология пәнінің мұғалімі:
Ермуканова Анар

Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Үй жануарларының пайдасы мен зияны. Мысық тұқымдастары туралы мәлімет
Мақсаты: Оқушыларға үй жануарларының бірі мысықтың кейбір емдік қасиеттері, адамға жұғатын аурулар және аурудың алдын алу шаралары туралы ойын ойната отырып түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Мысықтар туралы өз беттерінше мағлұматтар жинақтап, пайдасы мен зиянын біледі. Сақтану шараларын еске сақтайды.

Жоспары:
І бөлім Таныстыру
ІІ бөлім Наным – сенімдер
ІІІ бөлім Бізден - сұрақ, сізден - жауап
ІV бөлім Өз мысығыңды тап
V бөлім Сіз білесіз бе? айдары
VІ бөлім Кедергіден өту.
VІІ бөлім Қорытынды.

Сайыс барысы:
Ұйымдастыру.
Мектеп дәлізін безендіру
Сайыскерлерді бір партаға мысығымен тұрғызу.

Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар бүгінгі «үй жануарларының пайдасы мен зияны» тақырыбында өткелі отырған сайысымызға қош келіпсіздер. Жалпы үй жануары сөзінің мағынасына тоқталып кететін болсам «доместикация» – жануарлардың қолға үйретілген түрлері деп аталады. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой – ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер, тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 – 10 млн жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсіл жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер қалыптасты. Сонымен қатар үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу орталықтарының қызметі төмендеген. Осындай қолға үйретілген жануарларымыздың бірі адамның сүйкімді жануары мысық болса, енді бірі айырылмас досына айнала білетін, ата бабамыз жеті қазынаның біріне жатқызған ит.
Алғашқы өткізгелі отырған сайысымыз мысық туралы. Ендеше бастаймыз.
Алдымен сайысқа келіп тұрған 6 – 8 сынып оқушылары өздерін және мысықтарын таныстырып өтсе.

ІІ. Бөлім. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір – бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. Олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды қасиетті деп санаған, не киесі ұрады деп есептеген. Сол секілді мысыққа байланысты ырым – тыйым сөздер сол ата – бабамыздан қазірге жеткен сөздер бар. Сол кезде астарлап айтылған сөз қазір ғылымда дәлелмен келтіріліп жатыр. Олай болса осы мысыққа байланысты оқушылар қандай ырым – тыйымдар біледі екен?

1 – қатысушы: Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір жерлердің адамға жағымды және жағымсыз әсер ететін қасиеттері болады екен. Мұндай жерлерді ажырату үшін ата - бабаларымыздың салт - дәстүрлеріне үңілген жөн. Қариялардың айтуынша, ондай орынды мысық жақсы көреді екен, ал ит ешқашан жаман жерге жатпайтын көрінеді. Өйткені мысықтың бойында жаман энергияны сезетін «антенна» бар. Ол мұндай жағымсыз энергияларды әдейі іздеп, бойына жинайды. Сонымен қатар күнделікті өмірде жаңа қонысқа жайғасар алдында мысықты үй ішіне бірінші жіберуі, осы жағымсыз энергияны өз бойына жинауы үшін екен.

2 - қатысушы: Халық болжамшылары мысыққа байланысты ауа – райын болжаған. Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа - райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе ше? онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады деп ата - бабамыз болжам жасаған екен.

3 – қатысушы: Үлкендерден кейде еститін мені қызықтырған бір ұғым «мысықтілеу» деген сөз болатын. Мысық «осы үйде бала болмаса, үй иелерінің жалғыз алданышы мен болсам» деп тілейді» дейтін әңгімелер кездеседі. Кейде ырымдап, мысыққа тамақ бергенде «о дүниеде «ием ештеңе берген жоқ» деме» деген мағынада маңдайынан шертетіні бар. Қазақ мысықты жек көрмеуі тиіс еді ғой. Өйткені, «мысықты пайғамбарымыз да жақсы көріпті» деген әңгімелер бар. Тіпті, «пайғамбарымыз шапанының етегінде мысық ұйықтап жатқанда, оны тұрғызбай, шапанын шешіп кетіпті» дейтін әпсаналар да кездеседі. Осы сөздің астарын білу үшін ғаламтор желісін ақтарып қарадым сонда тапқаным. Осынау бір хайуанға қатысты қазақтың танымында бөлек ұғымдар бар. Ол, мысықтан жұғатын токсоплазмоз ауруы әйелдердің жүкті кезінде жатырдағы нәрестенің өсіп - өнуіне орасан зор нұқсан келтіретін көрінеді. Оны орыстар «кошачый болезнь» дейді екен. Бұл паразиттік ауруды 1908 жылы француз ғалымдары ашыпты. Француз ғалымдары Никола мен Мансо Тунисте, Сплендор Бразилияда әлгі паразитті зерттеген екен. Кейін, 1923 жылы чех ғалымы Янк бұл паразиттің әйел жатырындағы нәрестенің патологиялық ауруларға ұшырататынын, тіпті сәбидің өлі тууына себепші болатындығын анықтапты. Білетіндер паразит көбіне мысықтан жұғатынын айтады. Қазақтың жүкті әйелдерге мысықты жолатпайтын ырым - тыйымдары осыдан екен. Токсокара, токсоаскарид деген аурулардың да мысықтан, иттен жұғады.
Зерттеушілер Алматы қаласындағы ақыл - есі кем балалардың интернат үйінде зерттеу жүргізгенде, балалардың 23 пайызы токсоплазмоз ауруымен сырқаттанатынын анықтапты. Шамасы, мысықтан жұғатын бұл дерт сәбилердің ақыл - есінің кем болып тууына да әсер еткен болса керек. Бұл деректердің барлығы, қазақтың «мысықтілеулі» деген сөзінің астарында үлкен мән жатқандығын көрсетеді.

4 – сұрақ
Мұның түп - тамыры кельттердің тарихында жатыр. Олардың қара мысықтары жылан атаулысынан қорықпайтын болған. Аулаған олжалары тірі болса да, үйлеріне әкеледі екен. Ал үйге әкелінген жыланды бақыттың нышаны деп айту қиынға соғады. Осы аңыздар елден елге таралып, қара мысық жолыңызды солдан оңға қарай кесіп өтсе немесе жол бойында тоқтап отырып алса бақытсыздық болатындығы деген сенім таралған. Ал басқа түстілері тек жақсылық әкеледі екен. Жолдан өтіп бара жатып жолымызды қара мысық кесіп өтсе, аялдап тас лақтырып, өзге біреудің өтіп кетуін күтіп тұратын әдет осы күндері бар. Мұндайда мысықтар бақыт пен бақ немесе бақытсыздық алып келеді деген сенім талай жылдардан бері жалғасып келеді. Оны дәлірек анықтау үшін египеттіктердің б. з. д. IV ғасырына шегінейік.

«Қара мысық алдынды кесіп жүгіріп өтсе, жолың болмайды» деген ырым бар. Алайда, бұл қара мысықтың кесірі тиеді деген сөз емес. Қайта керісінше, мысық жолды кесіп кету арқылы сізге белгілі бір қауіп - қатер төнгенін сездіреді, сөйтіп, теріс нәрседен арашалап қалғысы келеді. Сондықтан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түсті мысықтың өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабілеті әлде қайда мықты, әрі ол теріс энергияның түгін қалдырмай жұтып алатын көрінеді. Кейбір экстрасенстердің үйлерінде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле - жаладан қорғап, үйді аластап береді.

5. Мысықтың қарғысы
Жалғыз мысықтың қарғысы қырық кісіге жүк болады ақын жазушылардың әңгімесінде кездеседі. Оның үстіне, мысықты өлтіруге болмайды деген де бар ғой. Бір аңызда, Меккеге кетіп бара жатқан кеме теңізде дауылға ұшырайды. Сонда топ ішінен бір адам шығып: «мысық өлтіргендер бар ма арамызда?» деп сұрайды. Бір жігіт мойындап, оны сол арада бәрі суға тастап, содан кейін ғана дауыл басылып, кеме жеріне жеткен екен дейді. Мұндағы мораль: мысықтың қарғысы қатты болады.
Ал мен басқаша естігем. Дәуіт пайғамбар намаз оқып отырғанда бір жылан шағайын деп жақындап, сол жыланды мысық өлтіріпті. Содан Дәуіт пайғамбар «жауырының жерге тимесін» деп бата беріпті. НЕ болса да, апам көп айтып отыратын: «мысық пайғамбардан бата алған жануар» деп.
Бірде үлкен кісілерден естігем: Нұқ пайғамбар кемесінің түбін тышқан тескен екен, сол кезде тышқан ұстап алып мысық жеп қойыпты дейді.

Мұғалім сөзі:
Ал сіз мұндай ырымға сенесіз бе? Мысық ит тәрізді өз иесіне адал серік бола алмайды. Өйткені мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшін жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшін асырады. Алайда, шын мәнінде, мысықтың жер бетіндегі негізгі қызметі тышқан аулау да емес. Оның негізгі миссиясы – өзі тұратын үйді аластау, ондағы тыныштық пен үйлесімділікті сақтау. Кейде мысық өзінің сиқырлы қызметін қажет ететін үйді өзі іздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесі мысықты қумай, оны паналатып, «сиқырын» іске асыруға мүмкіндік беру керек екен.

ІІІ. Бізден - сұрақ, сізден - жауап
1. Мысық тәрізді етпен қоректенетін сүтқоректілерді қалай атайды? (жыртқыштар)
2. Халықаралық жануарлар күні? (4 қазан)
3. Ең ауыр мысық? салмағы 9 кг жетеді (рэгдолл)
4. Мысықтар жылына неше рет балалайды?
5. Мысық тұқымдас барыстың адамға залалы бар ма? (мысықша мияулап, қатты үн шығара, құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ)
6. Мәулен, соқыр, марғау қандай мысық атаулары? (Мәулен – ұрғашы мысық Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы Марғау – мысықтың есейген баласы)

ІV бөлім. Өз мысығыңды тап. Оқушылар мысықтарын қаншалықты жақсы білетіндігін, олардың даусын тани алуын білу үшін менің көмекшілерім қорапқа салынған мысықтарды әкеледі ортаға. Дәл тапқан оқушылардың бағасын әділқазы мүшелері жоғары бағалайды.

V. Сіз білесіз бе?
Біздің бабаларымыз қазіргідей аса қуатты микроскоптар жоқ кезде, паразитология ғылымының заты түгілі, аты қалыптаспаған кезде кәдімгі мысықтың жүкті әйелдердің, тіпті адамның денсаулығына кері әсер ететіндігін білген екен - ау. Бәлкім, бабалар мысықтағы паразиттерді білмеген шығар, бірақ кейбір ауруларға мысықтың да қатысы бар екендігін анықтаған болар. Біздің халықтың жүкті әйелдерге мысықты жолатпай, мысықтың маңдайынан шертіп барып тамақ беретіні, «мысықтың тілеуі жаман» деп ырымдайтыны бәлкім содан шығар.
Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде берілген буклетті қорғау. Сіз білесіз бе? айдары

6 сынып оқушысы «Мысық тұқымдастары» туралы буклет
7 сынып оқушысы «Мысықтың пайдасы» туралы буклет
8 сынып оқушысы «Мысықтан жұғатын аурулар» тақырыбында буклет қорғайды.

VІ. Кедергіден өту. Көктемнің алғашқы күні 1 Наурыз дәстүрге айналған халықаралық мысықтар күні. Бір қызығы, көптеген халықтар осы адамға жақын үй жануарының бірі мысықтар күнін мерекелеуді ұлттық мерекеге айналдырған.

VІІ бөлім Қорытынды. Фелинологтардың айтуынша мысықтар өте ақылды жануарлар. Сондықтан да ол жануар өзіне құрметпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, оның орнына сипалап мақтағанды жақсы көреді. Әрине мысықтар туралы көп айтуға болады.

Толық нұсқасын жүктеу
12 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР биология 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР биология 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8 - сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Өрт – тілсіз жау
Өрт – тілсіз жау
Өрт қауіпінен сақтану жайлы мағлұматтарын кеңейту, Электр құралдарын дұрыс қолдану жайлы білу. Қауіпсіздік ережелерін білу, есте сақтау
PAINT - қа саяхат
PAINT - қа саяхат
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Менің ертегі әлемім
Менің ертегі әлемім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М.Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×