Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ертегі әлемім

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сайыстың мақсаты: Оқушыларға ертегілердің негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға баулу. Оқушыларға болжау әдісі арқылы ертегіні көз алдарына елестету, талдату және салыстыра отырып, олардың қиялын, ой - өрісін дамыту. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ақылды, тапқыр болуға тәрбиелеу.
әсемдікке баулу.
Көрнекілік: АТК, парақшалар, ертегілер

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі 1 - сынып оқушылары арасында ұйымдастырылғалы отырған «Менің ертегі әлемім» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Сайысқа 1а және 1ә сыныптарынан төрт оқушыдан сегіз оқушы қатысады.
Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

І бөлім «Бұл қай ертегі?»
Ертегі кейіпкерлеріне қарап, ертегіні анықтау
ІІ. бөлім «Кім көп біледі?»
Жұмбақтарды шешу, қай ертегінің кейіпкері екенін анықтау
ІІІ бөлім «Адасқан әріптер»
Әріптерден сөздер құрастыру, қай ертегіден кездестіргенін айту
ІҮ бөлім «Мен білетін ертегі»
Өздері білетін ертегінің мазмұнын айту

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыру
Қапезова Гүлбану бастауыш сынып мұғалімі
Қабдырахманова Ш бастауыш сынып мұғалімі

І бөлім « Бұл қай ертегі?»
ІІ бөлім Кім көп біледі?
Жол үстінде қу қазық
Мергеншіге жол азық. (қоян)

Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)

Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (қасқыр)

Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп - шұбар (мысық)

Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды. (жапалақ)

Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа саламын ( көкек)

ІІІ бөлім «Адасқан әріптер»
Ертегі кейіпкерлерінің атын шығарып алу. Қай ертегі кейіпкерлері екенін айту.
ІҮ бөлім «Мен білетін ертегі?»
Әр топтан, бір оқушы ертегіні баяндап айтып беруі керек.

Ү. Қорытынды
Жеңімпаз топты анықтау, мадақтау
6 216
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту
Керқұла атты Кендебай ертегісін оқыту
Ертегінің мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идеяны түсіндіру. Оқушылардың ой қорыту. пікір айту, өз беттерімен ертегіні талдау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру.
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Садуова Қаламқас Құмарғалиқызы
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ертегі айта білеміз бе?
Ертегі айта білеміз бе?
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбы І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Ертегі айта білеміз бе?
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы, Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×