Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты салтанатты жиын

13 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты салтанатты жиын.
1 - 9 сыныптар аралығында.
Өтетін орны: Спорт зал.

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда дей келе «Ер мен жердің жеңісі» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік.

1 - оқушы:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9 май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2 - оқушы:
Майский праздник -
День Победы
Отмечает вся страна
Надевают нашы деды
Боевые ордена.

3 - оқушы:
Их с утра зовет дорога
На торжественный парад
И задумчиво с порога
Вслед им бабушки глядят.

4 - оқушы:
Мы славой их гордимся,
Гордимся за страну
Здоровья ветеранам,
Всем пожелать хочу!

5 - оқушы:
Мы благодарны им за труд
За подвиг, за победу
За то, что подарили жизнь
Своим внучатам, детям!

6 - оқушы:
Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай.

7 - оқушы:
Благодарим, солдаты, вас
За жизнь, за детство и весну
За тишину,
За мирный дом,
За мир в котором мы живем!

8 оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс! (Әли)
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнімен ортаға шақырамыз.

ӘН: «Соғыстан қайтқан солдаттар» 9 сынып оқушылары орындайды.

Жүргізуші:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше ортаға мектебіміздің «Наз» тобының бишілерін «Катюша» биімен ортаға шақырамыз.

БИ: «КАТЮША»

Жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні - деп ортаға мектебіміздің әншілерін «Беларусский вокзал»әнімен ортаға шақырамыз.

ӘН: «БЕЛОРУССКИЙ вокзал».

Жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің.
Олай болса тобымыздың сері жігіттерін «МОРЯК» биімен қарсы алыңыздар!

БИ: «МОРЯК»

Жүргізуші:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін - дей келе Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ортаға «Про дедушки» әнін қабыл алыңыздар!
ӘН: «Про дедушки».

Жүргізуші:
Міне, ата - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!
63 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған ашық оқу іс - әрекетінің сценарийі. "Бабалар ерлігі мәңгі есімізде"
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған ашық оқу іс - әрекетінің сценарийі. "Бабалар ерлігі мәңгі есімізде"
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге,
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат!
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Әр қашан күн сөнбесін!
Әр қашан күн сөнбесін!
Жалпы орта білім беретін «Мереке» мектеп – балабақшасы тәрбиешісі: Малаева А.С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×