Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әр қашан күн сөнбесін!

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Әр қашан күн сөнбесін!»
Мақсаты:
Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангердің рухына бас ие отырып, балаларды отанды қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін жігерін
Ана үшін, бала үшін, жер үшін
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

1941 — 1945 - жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1, 5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусь, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.

Отан үшін мерт болғанды танып, біл,
Оларды әсте ұмытпайды даңқы ешқашанда өшпейді,
Батырлардың жүрегі от боп жатып тұр!
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те,
Отанының бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңде ұста, құрметте! – дей отыртып, Жеңіс күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Сол жауынгерлердің майдандағы кешкі отырысының көрісі.

Соғыс өршіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына 68 жыл.
Ерліктерін мәңгі ұмытпай
Есте сақтап жүреміз.
Есімдерін көше мектеп
Атауларынан білеміз.

Ер есімін алып жүрген
Жас түлектер қаншама.
Батыр аға – апаларын
Таныстырып баршаға.

Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.

Мезгілсіз өлген ардагерлер
Ұлдар айбыны,
Желбіре тулар
Толықсып тұрса
Май гүлі
Қуану керек!
Қуану керек десек те...
Ұмыту қиын қайғыны.

Ағайын туған бар адам
Адамдық үшін жаралған
Бар елге қымбат туыстық
Баянды болсын тыныштық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 110
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.
Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы А. Нұржанова Сауранбайқызы
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Отты жылдар жаңғырығы
Отты жылдар жаңғырығы
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Батырлар қалмас беймәлім.
Батырлар қалмас беймәлім.
ШҚО, Аягөз қаласы, «№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Муратканова Перизат Муратовна Сабақтың тақырыбы: Батырлар қалмас беймәлім. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×