Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауышым - бастамам

25 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлармен безендіру.
Б а р ы с ы:
Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әзжандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 сынып оқушыларын ортамызға!

4 «А» сынып. Сынып жетекшісі – ---------------------
Бибажар апай, Бассақ бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,
Әр балаға сіз ана мен әкедейсіз.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.

4 «Ә» сынып. Сынып жетекшісі – ---------------
Гүлзира апай, Әр отбасы еркесінің
Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын
Көтеріп сіз жүрдіңіз.

4 «Б» сынып. Сынып жетекшісі – --------------------
Гүлбану апай, Болашақтың үлкен жолын
Сізден сызып бастадық
Еркеліктің, жалқаулықтың,
Көп түрін біз тастадық.

4 «В» сынып. Сынып жетекшісі – ------------------
Назира апай, Біз қаншама көп болсақ та
Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді
Оқуға да жарадық.

4 «Г» сынып. Сынып жетекшісі – ---------------------
Раушан апай, Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңізді ұнаттық арамызда.

4 «Д» сынып. Сынып жетекшісі – --------------------------
Жадыра апай, Төрт жыл бойы тынбастан
Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып,
Бүгін міне, түлеттіңіз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауышым - балбұлағым
Бастауышым - балбұлағым
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру.
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Маншук Боранбайқызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×